Талдықорған: +1°C
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Бірлескен жұмыс берекелі

17.07.2017
КҮЛТӨБЕ
Бірлескен жұмыс берекелі
WhatsAppTelegramFacebook

Жамбыл облысының әкімі Кәрім КӨКІРЕКБАЕВ құт дарыған киелі Жетісу жеріне арнайы делегация бастап келді. Осы ретте ол жер жаннаты атанған құйқалы мекен жұртынан үйренетіндерінің де көп екенін жеткізді. Әрі бұл сапардың өңірара әріптестіктің дамуына, өзара тәжірибе алмасу алаңының пайда болуына мол мүмкіндік бергенін де атап өтті. Көрші облыстан ат терлетіп жеткен сыйлы қонақтарды облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ күтіп алып, өңірде атқарылған ауқымды жұмыстармен таныстырды.

 

Өңір басшысы қонақтарды алдымен Көксу ауданына қарасты  «Алим – Таяр» жеке шаруа қожалығының қант қызылшасы алқабына бастап барды.  Іргетасын 1999 жылы қалаған шаруашылықтың бүгінде шаруасы шалқи түскен. Мәселен, 15 гектарды құрайтын осы егіс алабынан биыл орташа есеппен гектарына 600 центнерден өнім алуды жоспарлаған. Нәтижесінде 900 тонна өнім жиналмақ.  Бұдан бөлек, 60 гектар аумаққа көкөніс, майбұршақ, бақша өнімдерін еккен. Жалпы егістік көлемі 121 гектарды құрайды. 
Егіс басындағы емен-жарқын әңгімеден соң Амандық Ғаббасұлы қонақтарды «Көксу қант зауыты» ЖШС-не бастап, жетісулықтардың қант қызылшасын өсіру мен оны өңдеуде жеткен жетістіктерін айтып берді. Осы барыста Кәрім Насбекұлы да өз ойын ортаға салды. Көрші облыс әкімінің айтуынша, тәтті түбір өсіруде өзара тәжірибе алмасудың маңызы зор. Соның қарапайым мысалы, Жамбыл облысында әкімдік пен шаруашылық жетекшілері тікелей қызылша зауытымен жұмыс жасап келсе, ал мұнда, керісінше, «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның рөлі басым. Ол әкімдік пен шаруашылық иелері арасындағы көпір іспетті. Осыны айтқан Кәрім Көкірекбаев: 
– Бұл да біз ескеретін жәйттің бірі. Осыдан біраз жыл бұрын өңірлеріңізге сапарлай келген Елбасының тапсырмасын тиянақты орындау жолында бар күштеріңізді жұмсап келе жатқандарыңызды білеміз. Оның нәтижесін бүгін біз де көріп, көкейге түйіп отырмыз. Бұл бағытта аграрлық аймақ аты бар сіздермен тәжірибе алмасудың маңызы зор. Алдағы уақытта бұл бастама өз жемісін береді деп сенеміз, – деді.   
Келесі кезекте екі облыстың басшысы Талдықорған қаласындағы бірнеше нысанға бас сұқты. Өткен жылы ел игілігіне берілген Оқушылар сарайы мен Жастарға қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Мұнда әртүрлі үйірмелерге арналған 45 кабинет, 4 шеберхана, 8 зертхана, үш көрме залы бар. Қонақтар жұлдызды залға барып, ғажайып әлем жайлы шағын көрсетілімді тамашалады. Өнертапқыштардың жаңалықтары да көпті тамсандырды.
Жастарға қызмет көрсету орталығы көрші облыстан келген қонақтарды жаңашылдығымен тәнті етті. Мұнда жұмыс іздеуші жастарға қол ұшын беріп, көмектесуге баса назар аударылады. Қонақтар мұны да байқап, ризашылықтарын жасыра алмады. 
– Кеңес беруші жастар жігерлі, білімді, белсенді екен. Білім-біліктерінің молдығы байқалады. Бос орындар жәрмеңкесі де тиімді ұйымдастырылыпты. Жастарға жұмыс тауып беруде, мемлекеттік бағдарламаларды орындауда, ауылдан келген жастарға бағыт-бағдар беруде көпке үлгі болатын жұмыс тындырып жатыр екенсіздер, – деді Кәрім КӨКІРЕКБАЕВ.
Жастар демекші, «Жастар» паркі де жамбылдықтардың өз жерлеріне оралғанда айта жүретін жағымды жаңалықтарының санатында. Аталмыш демалыс орнымен танысып шыққан көрші өңір әкімі осында еш алаңсыз демалып жүрген қала тұрғындарымен аз-кем сұхбат та құрды. Алматыдан келген қонақтарды ұшырастырып, бақ қалаға айналып келе жатқан Талдықорған турасында, оның ішінде өзі көзбен көрген осы демалыс орны жайлы сұрады. Бәрі де бұл қалаға тамсанудан артық тамаша бағаның жоқтығын айтып, облыс басшылығына өз ризашылықтарын білдірді.   
Сапар барысында Қаратал өзенінің жағалауындағы демалыс паркі мен сол маңдағы өндірістік аймақ та назардан тыс қалмады. Мұндағы қызу тіршілік көршілердің өңір дамуындағы айшықты  бағыттарды бағамдап, бағдарлауына мүмкіндік берді. Әсіресе, Қаратал өзені жағалауындағы абаттандыру, көгалдандыру, безендіру жұмыстарына риза болған Жамбыл облысының әкімі Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулетке мұндағы әрбір талдың орыны үйлесімді екенін айта келіп, Талас өзенінің бойынан да осындай әдемі демалыс орнын салуды тапсырды. Сонымен қатар, осы сапарда көңілі толып риза болған тағы бірнеше жайтты өңір журналистеріне атап берді. Айталық, оның біріншісі, Алматы – Талдықорған бағытында салынып бітуге таяған республикалық жолдың жайлылығы болса, екіншісі, жаңарған Талдықорған. Өзгеше ризашылықпен шаһардың Еуропа қалаларына ұқсап дамып келе жатқанын жеткізді. Ал үшіншісі болса, әрине, өңірдің тәтті түбір өсірудегі жетістігі деп біліңіз.
Өз кезегінде облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ та жамбылдықтардан үйренетін тұстарымыздың көп екенін тілге тиек етті. 
– Өздеріңіз де білесіздер, мен осыдан екі жыл бұрын сіздердің облыстарыңызға арнайы іссапармен барғанмын. Тарихи оқиға – Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған үлкен тойда да болдық. Міне, бүгін сіздер де біздің елге келіп отырсыздар. Мұндай тығыз әріптестіктің қажеттілігін Елбасы да өз сөзінде үнемі айтып отырады. Бұл ел мен елді, жер мен жерді жақындатып, өңірлер экономикасының тың серпінмен дамуына мүмкіндік береді, – деді ол.
Шара соңында «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, екі өңірдің басшысы облыстық әкімдікте алдағы уақытта бірлесе атқаратын жобалар туралы пікір бірлігіне келіп, меморандумға қол қойды.
 
Қозыбай ҚҰРМАН

Қатысты жаңалықтар

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026
Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті

Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.