Талдықорған: +22°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Бір нәзік сәуле

06.03.2017
ЖАНСАРАЙ
Бір нәзік сәуле
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақтың ақынжанды халық екені рас. Бірақ ұйқас қуалап шығарған тақпақ пен өмірге өлең әкелудің арасы жер мен көктей. Асылы, өлең құрау мен өлең шығаруға ортақ қарау әдебиеттің аясын тарылтып, сөзден өрнек салған шын асылдарды анықтауға кедергі келтіреді. Ақындық адамға мінезінен бұрын қонатын қасиет екенін кейде сол авторлардың бір шумақ өлеңі түсіндіріп тұрады. Шын мәнінде өлеңді ұйқас деп ұғатындар Тәңірден сый дарыған ақындарға тосқауыл емес. Журналист, «Жетісу» газетінің Қапшағай қаласы және Іле ауданындағы меншікті тілшісі, әріптесіміз Мақпал МЫСАНЫҢ «Аспантаудың көктемі» атты жұп-жұмыр жинағына, нәзік те сыршыл поэзиясына ден қойғанда ақындық өнердің тағы бір ақиқатына қаныққандай әсер алдық.

Туған жермен тілдесу – ақындарға ортақ тақырып-ау, шамасы. Оның ішінде, қазақ шайырлары туған жердің топырағын ерекше киелі санайды. Мақпалдың кіндік қаны талай алыптар мен ақындар дүниеге келген Хантәңірінің етегіне тамды. Кейде қалам иелері өскен жерін жырлаймын деп жалаң пафосқа ұрынып қалады. Туған жерге деген сағынышты адам бір ғана көркемдік деталь арқылы, жадында жазылған бір ғана мысал арқылы өрнектейді. Кітап авторында осы мысал жеткілікті. Еркін, көсіліп, көтеріліп, көңілденіп жаза біледі. Мақпал туған жерінің табиғатымен тапқыр теңеулер, мәнді метафоралар арқылы тілдеседі. Оқырманның қиялын ұштап әкетеді.
Жұлдыздарға сен де,
Мен де жақынбыз.
Жарығынан жақұт 
    теріп жатырмыз.
Қайнарбұлақ басындағы қарағай,
Аспантаудың етегінде ақын қыз.
Ақын қыздың жүрегінде туған ауылдың бұлағы мен әйгілі Аспантау, Хантәңірі қатар жырланып отырады. Жұлдыздарға қол созған тау етегінде бойжеткен нәзік жанның арманы да асқақ. «Аспантауға асылатын секілді, Жұлдыздардың сырғалары сыңғырлап», – дейді ақын. Өлеңнің арқауы туған жер болғанмен, Мақпал мұнда өз өрнегін сала кетеді. Барша қалам иелеріне, лирикалық кейіпкерлерге тән жалғыздық символикасы жиі көрініс береді. Осы өлеңінің түйінін «Қарашығы қара өлеңге толған қыз» деп аяқтауы оқырманның жүрегіне салынған айқын суреттеме әрі философиялық мәнге ие терең мағыналы тармақ. Лирикалық кейіпкер арқылы ақын өлең құдіретіне қаншалықты бас иетінін байқатады. Бұл ойын:
Мендік ғұмыр ақындау менен гөрі,
Елік көңіл сәт сайын елеңдеді.
Мен өлеңді жазбайтын секілдімін,
Жазып жатқан секілді өлең мені, – деген шумағында шыңдай түседі. Лирикалық кейіпкер ақындардың бәріне тән. Мұндай әдіс арқылы адам ішкі монологын сол кейіпкерінің аузына салып, бар сырын ақтара салады. Бұл әдіс болмаса, ақын болдырып, қағаз бетінде қойыртпаққа батуы әбден мүмкін. Ақын өлеңдерінің қай-қайсысына үңілсек те, нәзіктік лирикасының лебі еседі. Адам жаны мен қоршаған орта, тылсым табиғат үйлесім тауып, тұтас жүйеге айналып жатады. Мақпал көңіл мен табиғат көркемдіктің шебер шендестіре біледі. Өлеңінен адам жанының зерттеушісі екені менмұндалап тұрады.
Жанымның жайлауында жиде пісіп,
Қайыңның жапырағында 
                биледі шық.
Жетісу – жетігеннің жеті ішегі,
Сазынан аққу қонған, үйрек ұшып.
Ақынның әр адымы әсерлі, әр адымы өлең. Мақпал Мыса әр сапарынан адамзатқа ортақ ой айта біледі. «Сапар саздары» деген тарауында қара жолмен сырласады. «Сәті туса сапардың бақ табар ем, Аппақ дүние, аппақ қар, аппақ әлем», – деп төгілтеді нәзік жан. Мақпал да мезгілмен мұңдас. Төрт мезгілге, жаздың маусымына арнап сыр ақтарады.
Сен де кеттің,
Мен де кеттім жыл ұзап.
Сапар шегіп сағынбастай тым ұзақ.
Жазда сүйіп қоштастық біз, 
        ал, сосын,
Мезгілдерден мекен таптық 
        күз ұнап.
Асылында, күз – сағыныштың белгісі. Ақындар күзді сары уайымға, мұңға, қайғыруға теңеп жатады. Мақпалда олай емес. Ол төрт мезгілді де сүйеді. Күзді сағынышқа теңегенімен, адамның жанымен шендестіре суреттейді. Бұлай жырлау кез келген ақында кездесе бермейді. «Жапырақтар жылап жатыр жерде, әне, Көздің жасын солқ-солқ етіп тыя алмай». Автор кітабының тұтас бір тарауын түнге арнайды. Шындығында, ақын түннің айнымас серігі іспеттес. Тасқын жырлар көбіне түн тыныштығында туады. Былайғы жұрт шырт ұйқыда жатқанда ақынның жаны шабыт тұлпарын мініп, қою түнді қақ жарып, көсілте шабады. Мақпал Мыса қараңғы түнді өлеңінің басты символы етіп алған. Ол түн арқылы жұмыр жерге тіл қатады.
Қара түнде қараңғыға жолығып,
Өз-өзімнен отырмайын торығып.
Ай астында Айман болсам ақмаңдай,
Жұлдыздардың жарығына                       шомылып, 
– дейді автор. Ақын қараңғылықтан қорықпайды. Қою түндегі қорқынышын аспандағы ару Аймен, самсаған жұлдыздармен сейілтеді. Ең бастысы, жүрегіндегі жарыққа сенеді. Сол арқылы қараңғылықтың құшағынан иірімі терең, жұп-жұмыр жырларды арқалап шығады. «Қап-қара түн, қараңғы, Басқан кезде қараңғылық ғаламды, Жүрегімнің шырағданын жағамын, Адастырмас құс жолындай адамды». Ақынның жүрегіндегі шырағдан мәңгілік өшпейді. Өйткені, Мақпал Мысаның ел сүйіп оқитын өлеңдері бар. Оның өлеңдерінен мыңдаған бойжеткеннің жүрегіне нәзіктік пен адалдық сезімі ұялап, әдебиет пен әдемілікті шынайы бағалай білуге жол ашылады.

Қуаныш ТҰНҒАТАР

 

Қатысты жаңалықтар

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026
Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.