Талдықорған: +17°C
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Игерген сайын көбейетін байлық

24.10.2016
ЭКОНОМИКА
Игерген сайын көбейетін байлық
WhatsAppTelegramFacebook

Осыдан алты жыл бұрын Елбасының тікелей араласуымен «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы» бекітілді. Бағдарлама аясында осыған дейін елімізге шамамен 33 миллиард доллар шетелдік инвестиция тартылып, ауқымды жұмыс атқарылды. Әсіресе, бағдарламаның бірінші бесжылдығында мұнай өңдеу және металлургия кешені, тамақ және химия өнеркәсібі, өнеркәсіптік жабдықтар және құрылыс материалдары өндірісін дамытуға барынша назар аударылды. Осыған орай, қолға алынған барлық жоба толығымен жүзеге асып, ел экономикасын өркендетуге қомақты үлес қосты.

Тұтастай алғанда, индустрияландыру бесжылдығы нәтижесінде қазақстандық экономика құрылымында маңызды қадамдар орын алды десе де болады. Мәселен, осы алғашқы бесжылдықта қазақстандық экономикада өңдеуші өнеркәсіптің өсім қарқыны дәстүрлі өндіру саласынан асатын деңгейге тұңғыш рет жетіп отыр. Бұл туралы Елбасы: «Өткен бес жыл ішіндегі индустрияландырудың сипаты бәрімізге айқын. Біз әр уақытта Қазақстан бай, жер қойнауында темір де, көмір де, мұнай да, газ да, алтын, күміс, мырыш та бар деп жүрдік. Алайда, сол байлықтың барлығын шикізат ретінде басқа елдерге тасымалдап, қызығын сол елдер көріп жатты. Неше жылдардан бері мен осыны айтып келдім, ал қазір біз сыртта жасап жатқан байлықты елімізге әкелуге бет бұрдық. Бұл – Тәуелсіздікті жариялап қана қоймай, оны ұстап қалумен бірдей қиын шаруа. Себебі, бізде өндіріс болған жоқ. Басқа мемлекеттерде болды. Кеңес Одағының басқа республикаларында болды. Бүгінде біз осының орнын толтырып жатырмыз», – деген ойын білдірді.
Елбасының тапсырмасымен қолға алынған баянды бағдарламаны іліп әкеткен жетісулықтар бұл бағытта бірқатар жұмыс тындырды. Айталық, бірінші бесжылдықта облыс халқының табысы екі есе артып, жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға дейін төмендепті, есесіне, өнеркәсіпте қосымша жеті мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған. Сол қатарда облысымызда алюминий өнімдерін шығаратын «Aluminium of Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобасы жүзеге асты. Іле ауданының Түймебаев ауылында бой көтерген зауыт қазіргі заманғы озық технологиямен жабдықталып, әлемдік өлшемге сай өнім шығаруға бағытталған. Толық қуатымен жұмыс істей бастағанда 1000 тонна өнім өндірілетін болады. Бүгінде зауытта 250 адам еңбек етуде. Алдағы уақытта жұмысшылар саны 500 адамнан асады деп болжануда. Қазірдің өзінде бұл кәсіпорыннан шығатын алюминий кесінділері «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрме алаңының құрылысын қажетті материалмен қамтамасыз етуде. Айта берсек, инвесторлар есебінен қолға алынған басқа да жобалар осындай жетістігімен жұрт сүйінішіне бөленуде.
Міне, осылай  «Еліміздің әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылуға  жол ашады» деген үміттен туындаған бағдарлама алғашқы қадамын қомақты табыспен аяқтады. Демек, екінші бесжылдықта атқарылатын жобалар да облыс тұрғындарына тиімді болатыны белгілі. Әсіресе, алдағы бес жылда өңіріміздің мұнай-газ химиясы, автомобиль құрастыру, құрылыс материалдарының өндірісі, машина жасау, автомобиль жолдары құрылысына басымдық берілмек. Осы арқылы отандық бизнесті дамытып, бәсекеге қабілетті өнім жасау және сыртқы нарыққа шығу жолы қарастырылады. Әсіресе, өңдеу секторын сапалы, жаңа деңгейге көтеруге және әлемдік өлшемге сай ұтымды көлік-логистикалық инфрақұрылымын құруға мүмкіндік туады. Осы тұрғыдан келгенде «Алматы – Қорғас», «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Алматы – Қапшағай», «Орталық – Оңтүстік», «Алматы –  Өскемен», «Үшарал – Достық» жолдары құрылысына тартылатын қыруар инвестиция өңір экономикасының даму қарқынын еселей түспек. 
Индустрияландыру саясаты экономиканың ілкімді секторы –  құрылыс саласына да тың серпін берді. Индустрияландыру бағдарламасы аясында Қазақстанда отандық құрылыс материалдарын шығару көрсеткіші 2 есеге артқан. 2010 жылы Қазақстанда шығарылатын құрылыс материалдары 15 пайызды құраса, қазір бұл көрсеткіш 80 пайызға жетіп отыр. Сол материалдармен салынған сәулетті ғимараттар  бүгінде өлкемізге өң беруде. Бұл қатарда жетісулықтардың да жетістігі жетерлік. Кейінгі кезде облыс орталығында бой көтеріп, заманына сай сәулеттілігімен танылған Тіл сарайы, Достық үйі, «Жастар» спорт кешені, Жастарға қызмет көрсету орталығы, Журналистер үйі, Оқушылар сарайы, алдағы уақытта ел игілігіне асатын Салтанат сарайы, Көрме үйі, жаңа театр ғимараты инвестициялық жобалар негізінде шығарылған құрылыс материалдары арқылы жүзеге асып келеді. Тіпті, инвесторлардың қолдауында облысымыздағы жас отбасылар мен облыс тұрғындары несиелік, жалдамалы тұрғын үйлердің тұрғыны атанумен қатар, қолжетімді бағада пәтер сатып алуға жеңілдік туды. Елбасының халыққа Жолдауында және Ұлт жоспары мен оны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадамда» инвесторларды көптеп тартып,  индустриялды аймақтарды құрып, отандық экономиканың дамуына серпін беру керектігі баса көрсетілген. Осыған орай, облысымызда «Талдықорған», «Боралдай», «Қайрат», «Арна», «Қазыбек бек» сияқты 5 индустриалды аймағы «Шамалған» агроөнеркәсіпті аймағы мен «Даму» индустриялды-логистикалық орталығының жобасы жасалып, жер аумағы белгіленіп, алғашқы жұмыстар жүргізіле бастады. 
Расымен, қазіргі таңдағы дағдарыстың кесірінен экономиканы өркендетудің жолы шетелдік немесе отандық инвесторлардың қаржысына сүйенуге тәуелді болып отыр. Инвесторлар өзіне пайда әкелетін өндіріске ғана қаржы бөлетінін ескерсек, өз жобасын инфрақұрылымы тиімді жерлерде атқарғысы келеді. Елімізге қаржы салуды ойластырған инвесторлар бірінші кезекте тұрғындар тығыз орналасқан Алматы қаласының маңындағы өндірген өнімін нарыққа қиналмай шығаратын жерлерге ұмтылады. Кейінгі бір-екі жыл көлемінде Талдықорғанға ағылатын инвесторлардың да саны артып, қатары көбейіп келеді. Сенімді ақпаратқа сенсек, 15 шетелдік, 35 отандық инвестор Талдықорған қаласына қаржы құйып, ірі өндіріс ошағын салуға ынта білдіріп отыр. Демек, осы жобалар іске асса Талдықорған аймағы біраз жылда аграрлы өңірден гүлденген өнеркәсібі бар, тұрғындары толығымен жұмыспен қамтылған өңірге айналатын болады. 
Осы ретте жарқын бастаманың басында облыс әкімі Амандық Баталовтың тұрғанын айта кеткен жөн. Өткен жылы облыс әкімі бастама көтеріп, Талдықорған қаласының «Шығыс» шағын ауданынан 594,9 гектар жер бөліп, «Талдықорған» индустриалды аймағының жобасын бекітіп, инвесторларды қызықтыру мақсатында жергілікті бюджеттен қомақты қаржы қарастырды. Сондай-ақ, осы қаржы есебімен индустриалды аймақты өндіріске қолайлы етіп жаңғырту арқылы инвесторларды қызықтыру мақсатында 15 шақырым су құбырын, 14 шақырым кәрізжүйесін, 12 шақырым автожол, 5 шақырымнан астам теміржол салу жұмысын қолға алды. Яғни, қазір Талдықорғанға инвестиция құюды мақсат еткен инвестор үшін мұнда жер дайын, инфрақұрылым толығымен жаңартылған, коммуникациялық қызметтер сақадай сай. Демек, кәсіпкер бірден кәсіпорын құрып, жұмысын бастаумен қатар өндірген өнімін вагондарға тиеп, әлемнің кез келген нүктесіне тасымалдай алады. Талдықорғанда кәсіпорын ашып, жұмыс жүргізудің тиімді екеніне көздері жеткен 10 кәсіпкер жұмыс бастау алдында. Айта кетерлігі, өткенде ғана шымылдығын түрген  «Жетісу Инвест – 2016» халықаралық инвестициялық форумының қорытындысы бойынша «Алматы облысының инвестициялық жобалар жол картасы» бекітілді. Облыс әкімі Амандық Баталовтың бұл бастамасы қазір басқа облыстарға үлгі болып, жетісулық тәжірибеге ықылас танытқандардың саны артып барады.  
Тағы бір жағынан,  «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам»  Ұлт жоспары аясында құрылыс, жер қойнауын пайдалану, энергетика және тасымалдау саласындағы реттеу ісінің озық технологиямен жабдықталу керектігі айтылған. Бұл жағынан да жетісулықтар ұтып тұр. Қазақстан Респбликасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы №43 қаулысымен бекітілген Қазақстанда баламалы және жаңартылған энергетиканы дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2015 жылға дейін инвесторлар тарапынан 12 жаңартылған энергетика жобасын жүзеге асыру жоспарланған, оның ішінде 2 күн электр стансысы, 8 су электр стансысы және 2 жел электр стансысы бар. Жоспарланған мерзімде Сарқан ауданындағы Жоғары-Басқан ГЭС-і пайдалануға берілді.  Бүгінде облысымызда халықаралық серіктестермен бірлескен 8 жоба атқарылса, соның үшеуі энергетика саласына қатысты болып отыр. Облыстық энергетика, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық басқармасынан алынған ақпараттарға сүйенсек, биыл 6,5 миллиард теңгеге жалпы қуаттылығы 16,05 МВт болатын бір ГЭС және бір биоэлектр стансысы іске қосылады. Яғни, Іле өзеніне салынған Кербұлақ су электр стансысының су реттеу құрылысы, ал Шелек дәлізінде жел электр стансысының құрылысы, Қапшағай қаласында күн электр стансысының құрылысы қарқын алуда. Өңірдің энергетикалық әлеуетін арттыру бағытындағы инвестициялық жобаларды «Самұрық-Энерго» холдингі мен Қытайдың су шаруашылығы корпорациясы бірлесіп атқарады. 
 Жер жүзінде 7 миллиард адам тұратынын білеміз, ал соның ішінде 15 жастан жоғары, жұмысқа қабілетті адамдар саны 5 миллиардтан астам. Статистика бойынша, жер бетінде тек бір жарым миллиард жұмыс орны бар екен. Ендеше, қалғаны уақытша жұмыс орнында немесе жұмыс іздеп жүр деген сөз. Бүкіл әлем қазір ең бірінші кезекте жұмыссыздықты жойғысы келеді. Осы тұрғыда жаңа, өнімді жұмыс орындарын көбірек аша алған мемлекет қана жеңіске жетеді. Яғни, жұмыс орындарының көптеп ашылуы инвестицияға тікелей байланысты. Дегенмен, дүниедегі дағдарыс әлі де жалғасу үстінде. Ал бұл дағдарысты лайықты еңсеру үшін импортқа тәуелді болмай, елдің экономикасын одан сайын тәуелсіз ете түсу керек. Расында, іздеген сайын табылып, игерген сайын көбейе беретін бір ғана қазына –  индустрия мен инновация. Бұл ретте ғылымды өндіріспен ұштастырып, инновацияға ие болғанда ғана өркениетті ел болу мақсатымызға бір табан жақындай түсеміз.

Қажет АНДАС

 

Қатысты жаңалықтар

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

21.04.2026
30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

21.04.2026
«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

21.04.2026
Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

21.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

21.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.