Талдықорған: -3°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ДАРЫНДЫЛАР БАПКЕРІ

04.08.2016
ТҮПСАНА
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінгі таңда директор Омарова Ғазиза Байтенқызы және оның оқу ісі жөніндегі орынбасары Қызайбекова Бақыт Әбілмажанқызы жетекшілік ететін Талдықорған қаласындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы балалар саз мектебіне 60 жыл толып отыр. Осы мектепте баян, домбыра, фортепьяно, қобыз, скрипка және гитара қатарлы бірсыпыра аспап пәндері бойынша жоғары білімі бар ұстаздар жұмыс жасайды. Оқушыларға аталмыш бағыттар бойынша дәріс беріп, ары қарай өнер жолына бағыттап, талаптарын толассыз ұштап келеді.

         Мектептегі білікті де білімді ұстаздардың бірі, домбыра пәнінің мұғалімі Роза Егінбаеваны айрықша алқап айта кеткеніміз артық болмас. Оның ерекше еңбегі сол – «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, алғаш ақүрпек балапанға ұқсап мектеп табалдырығын аттаған өрендерге өнер жолын нұсқайды. Осы жолда талпынған жас шәкірттердің музыкалық сауатын ашып, олардың өз бойындағы мүмкіндігін толықтай көрсетуіне жол ашады.  Қазір оның жемісін де көріп үлгерді дей аламыз. Сөзіміздің дәлелі, Роза Хамитқызының даярлаған оқушылары әртүрлі жарыстарға, облыстық, республикалық, халықаралық түрлі байқауларға қатысып, өз кезегінде жүлделі орындарға да ие болуда. Бұдан бөлек, ол тәрбиелеген тастүлек таланттар қоғам өміріне де белсене араласуда. Мәселен, мектепаралық, қалааралық іс-шараларға белсене қатысып, өңір жұртшылығының көзайымына айналып жүр.

          Осы жылдың қаңтар айының 3-4 жұлдызында Алматыда өткен «Күншуақ» республикалық фестивалі аясындағы «Зимняя сказка» конкурсында оқушысы Ерасыл Қабдылов II орынға ие болса, наурыз айында, нақтырақ айтқанда, 24–27 жұлдызы аралығында Астана қаласында өткен «Ақ көгершін» халықаралық фестиваль-конкурсының 10 жылдық мерейтойында Сағымжан Жібек II орыннан көрінді. Самат Ділназ есімді оқушысы III орын алып, лауреат атанды. Қарап тұрсаңыз, кәдімгідей үлкен жетістік, тіпті, биік деңгей деп ауыз толтырып айтуға болады. Роза Хамитқызының ол үшін төккен тері мен еткен еңбегінің аз болмағаны баршаға аян болса керек. Бірақ, ұстаз Роза Егінбаева мұнымен шектелмеді. Үнемі талапқа талап қосып, нәтиже шығаруға тырысты.

Сөйтіп, жастайынан өзі баулыған шәкірттерін шыңдаған үстіне шыңдай түсті. Оның айқын көрінісі – тура осыдан үш ай уақыт өткенде оның оқушылары тағы да республикалық байқауларда жүлделі орындардан көрінді. Маусымның екінші жұлдызында Алматыны дүбірге бөлеген «Күншуақ» халықаралық фестивальінің халық аспаптары жарысында Самат Ділназ II орыннан көрінсе, Мәди Салықбаев пен Мейір Олжас дуэт аталымы бойынша ІІ орынды иеленеді. Ал осыдан бір күн кейін тағы осы қаланың өзінде ұйымдастырылған «Горное солнце» халықаралық фестиваль-конкурсында Сағымжан Жібек бас жүлдені иеленіп, феситвальдің хрусталь кубогын жеңіп алады.

Міне, осылайша еселі еңбегі еш кетпей, оның жемісін көріп отырған талапшыл ұстаздың әлі талай асуларды бағындыратынына   сенеміз. Тәрбиелеген шәкірттерінің қашанда оның үмітін ақтайтыны сөзсіз. 

 

Қ. ӘБДІҒАПАР.

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.