Талдықорған: +2°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Түрмеден тағдыр түзелсе…

16.07.2016
КҮЛТӨБЕ
Түрмеден тағдыр түзелсе...
WhatsAppTelegramFacebook

Қоғамдағы келеңсіздіктер мен түрлі қылмыстар көбіне жұмыссыздықтан, салғырттықтан, жаны ашымаудан туындап жатады. Өйткені, кейбір жандар ұрлық-қарлық, алаяқтық, қарақшылық секілді сан түрлі қылмысқа барып, есірткі таралымы, кісі өлімі, адам зорлау сияқты ауыр қылмыстарға тап болғанын кеш ұғынады. Ондай әдеттердің бәрін бір сөзбен тағдыр дей салуға болар. Бірақ адамның жақсылыққа ұмтылуы, дұрыс қадамдар жасауы өзіне байланысты. Түзелгісі келетіндер кеш те болса тура жолға түсіп, адам атын қайтадан табуға тырысады. Сонда да болса ескі әніне қайта салып, түрменің қара наны мен ботқасын аңсап тұратындар бар. Олардың дұрыс жолды табуы үшін мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндік ұсынғанымен, қылмыс жасауға ұмтылатындар әр ауылдан табылады. Кейде: «Даласында түрмесі, есігінде құлпысы болмаған ерте дәуірлердегі дүниетаным, көзқарас, ұстаным дұрыс па?» – деген ойға еріксіз қызығасың. Себебі, қазіргі қоғамда сотталып келіп, қоршаған ортаға сіңісе алмай жүрген тағдырлар көп кездеседі.

Облыс орталығына қарасты Еркін ауы­лындағы ішкі істер бөліміне бар­ға­нымызда бізді қарсы алған учаскелік по­лиция қызметкері Рауан Мусафиров осы ауылда тұратын бір азаматты біз­бен ашық әңгімелесуге көндірген бо­ла­тын. Иван есімді әлгі азамат осыған дейін бір рет сотталып, жазасын өтеп кел­ген. Алғашында адам өлтіріп, істі бол­ған кейіпкеріміз өзінің байқаусызда қылмысты болғанын жеткізді.

– Бәрі былай айтқанда мастықтан бол­ды. Бірге отырып арақ ішкенбіз, со­сын ерегесіп қалдық та маған пышақ ала жүгірді. Қорғануыма тура келді, қо­лын­дағы пышағын тартып алдым да өл­тіріп қойдым, – дейді тағдырдың тал­қысымен ерте есейген жас жігіт. – Сот 8 жылға кесті. Соның алты жарым жы­лын отырып шықтым. Онда да мер­зімінен бұрын шартты босату арқылы шы­ғарылдым. Соған байланысты әрбір 10 күн сайын ішкі істер бөліміне келіп кө­рініп, есепте бар екенімді растап тұ­ра­мын. Керек кезінде учаскелік поли­ция қыз­меткері шақырып алып, түсі­нік­теме жұ­мыстарын жүргізеді. Яғни, қан­дай да бір жұмыс табыла қалған жағ­дай­да ес­кертеді, жұмыс орнын ашу­шы­ларға та­ныс­тыруға көмегін береді. Былай айт­қанда жергілікті полиция қызметінің учас­келік мамандарына риза­шы­лы­ғым­ды білдіремін.

Өзі секілді жазасын өтеп келіп, тұ­рақ­ты жұмысқа орналаса алмай жүр­ген адамдардың көптігін білетін жас жігіт өзінің жеке кәсіпкерлікпен де ай­на­­лыс­қы­сы келетінін, алайда оған қа­жетті қар­жысы жоқтығын жасырмады. Біз­дің қой­ған сұрағымызға тақ-тұқ жауап бер­се де көп жайтты емеу­рін­мен, басын изеу­мен білдіріп отырды. Ай­­наласына кү­дік­тене қарауын қой­маған жас жігіт­тің көрмегені жоқ секілді. Тіпті, еңбек­пен түзеу коло­ния­сын­да неше түрлі сат­қындық пен оң­бағандыққа куә бол­ғандай. Бірақ ол жа­ғына барыспай, ау­зын ашпай қойды. Дегенмен көп нә­р­се­ні ұғынғаны, тү­сін­гені, түйсінгені білінеді. Өткенге өк­пе­леудің қажетсіздігін, енді алдыға қа­рап, өмір сүру керектігін алға тартады. Бір ғана нәрсеге – беймаза тірлік ке­шіп, жөнсіз қаңғырғанына, сұ­рау­сыз сан­далып, ішімдік ішкеніне, басы ауған жақ­қа қаңғырып, бір жұмысты то­лығымен істемегеніне өкінетінін айтады. Соның бәріне әзәзіл – ішімдік кінәлі. Ен­­ді түзу жолға түсіп, түзелгісі келеді.

Осы сәтте қалта телефоны шы­рыл­­дап кетті де тұтқаны жылдам алу­ға ты­рыс­ты. Сосын ентіге дыбыстап: «Әлі осын­дамын, қазір барам!» – деп жатты. Өза­ра сыбырласқан учаскелік полиция қыз­меткері екеумізге тұт­қаның ар жа­ғында әкесі сөйлеп тұр­ғаны естіліп тұр­ды. Бауыр еті бала­сы­ның болашағына алаңдаған әке көңілі деген қалай де­сеңізші?! Өмірге әкел­ген соң жаман болсын, жақсы болсын, әке ұлының ғұмырына бейжай қара­май­тыны анық. Бұл да ата-анасының жанашырлығын се­зініп, солардың теріс айналмағанын жақ­сы ұғынып, дұрыс түсінгендей. Сон­да да болса екеуара әңгімеде ашыл­май, толық шешілмей отырғандай кө­рін­ген Иван қолымдағы диктофонға қарай берді. Ақыры шы­дамады-ау деймін: «Андағыны өшіріп тастайсыз ба?! Сөй­лей алмай тұрмын», – деп өзінің кібір­тік­тегенін түсіндірді. Қызыл шамы жыл­тылдаған құрылғыны сөндіргенім сол еді, арқаны кеңге сал­ғандай сөйлей жө­нелді. Сондағы ұғын­ғаным, еңбекпен түзеу коло­ния­сын­да­ғылардың бәрі де ең алдымен бос­тан­дықты аңсайды. Темір қоршау, бетон қабырғадан шы­ғу­ды армандайды. Салт жүріп, шалыс қа­дам жасағандар да тіршілік етіп, үйлі-ба­ранды, бала-шағалы болғысы келеді. Ко­лонияда әрбір жазасын өтеуші екі ай­да бір рет туған-туыстарымен, ата-ана­сы, әйел, бала-шағасымен кездесе ала­ды. Тіпті, алыс­тан келгендерге үш тәу­лік­ке дейін рұқсат беріледі. Сот­тал­ған­дардың арасында бәрі бар. Аптарихат-бе­делі жоғарыдан бастап, дәретхана таза­лап, ұсақ-түйек жұмыстарға жегі­ле­тін бәтшағарларға шейін әркім өз ор­нын біледі, өз міндетін атқарады. Нағыз бақас тірлік, қатыгез қоғамның айқын көрінісінде қателесуге болмайды. Қате қадамның ақыры жақсылыққа апар­май­ды. Сондықтан әрбір сәт сайын айна­ла­ға сергек қарап, ширақ жүру керек. «Адам адамға – қасқыр» деген орыс мә­­телінің растығын сонда көресің. Егер жа­засын өтеуші ә дегеннен сүмірейіп, әр­­кімге бір жәутеңдей берсе оп-оңай қол­­бала бола салады. Керек десеңіз, әр­­бір ерінбеген бір жұмсап, өзіне құл ет­кісі ке­леді. Сол себепті, адам ол жер­де ши­рақ, пысық болуы керек. Әйтпесе, кім көрінгеннің жетегінде кетеді.

Тағдырдың талқысымен көптеген адамдардың ортасында болып қайтқан жап-жас Иван көргені мен білгенін осылай әңгімелеп берді. Босанып шық­қа­нына 4 ай толғанына қарамастан ал­дағы күндерге деген сенімі артып, өзі­нің әйел алып, үйлі-баранды болуды, ба­ла-шаға сүюді аңсайтынын жеткізді. Бір­ақ бәрін бірден емес, біртіндеп бо­латынын жақсы ұғынған секілді. Бізбен қош­тас­қан соң жатаған үйлері көп Еркін ауы­лының көшесіне қарай адым­дай жө­нел­ді. Әудем жерге жеткен соң артына бұ­рылып қараған ол учаскелік по­лиция қыз­меткеріне қол бұлғады. Жауап ре­тінде қолын бір көтерген ма­ман жа­за­сын өтеп келушілермен жұ­мыс­тың ауыр­лығын айтып, оларды жұ­мысқа ор­на­ластыру өте қиын екендігін әңгімеледі. Оның айтуынша, орын алған әрбір қылмысқа қатысы барлығы тек­се­рілетін сот­талып келуші өзінің ақ­ты­ғын дә­лел­деуі керек. Оған дейін кү­дік­тілердің қатарында бола береді. Со­ны­мен қатар, жазасын өтеп келушілердің арасында жұ­мыспен қамту орта­лық­та­рына көбіне шарт­ты жазаға кесіл­ген­дер ғана тір­ке­леді. Яғни, бір-екі жылға сот­ты бол­ған­дарға жұмыс табылады. Ал, ауыр қыл­мыс жасап, 5-10 жылға кесілгендерді учаскелік полиция қа­да­ға­лайды. Олар­дың өмір жолын жаңа­дан бастап, екі қол­ға бір күрек тауып кетуі өте қиын. Се­беп – еңбекпен түзеу ко­лониясынан оралғандарға деген се­німнің жоқтығы. Әри­не, қоршаған ор­тадан жылу көр­ме­ген, қолдау таппаған арес­танттар қай­тадан қылмыс жасап, қолға түсіп жа­тады. Өйткені, олар үшін түрме туған үйін­дей. Өмірінің басым бөлігін өткізген темір төсек, темір тор жанына жақын. Он­дағы темірдей тәр­тіпке үйренген көңіл бұйрықпен жүруге ұмтылады. Та­мағы дайын, төсегі салу­лы. Бәлкім, емін-еркін өмірді тар қапасқа оп-оңай айыр­бастай салудың себебі содан болар?! Қайткенде де істі болып, абақтының арғы жағынан дәм тат­қан­дар қоғамның бір мүшесі болғандықтан өмірді жаңаша бастауға құқылы. Оған мемлекет тара­пынан қолдау бар. Түзе­лемін дейтін жан болса бар мүмкіндік қарастырылған. Тек ниет болса бол­ға­ны. Алайда соның бәрін басқаша ұғы­на­тындар да жоқ емес.

Облыстық ішкі істер депар­тамен­тінің басшысы, полиция генерал-майоры Мұрат Ұрұмханов бір баяндамасында: «Сот­талып келушілерді жұмысқа ор­на­лас­­тыруды әрбір кәсіпорын мен өндіріс орны қарастырса», – деген ұсыныс жасады. Үлкен жанашырлықпен ай­тыл­ған рас сөз. Себебі, жұмысы бар, азды-көпті айлық жалақысы жүріп жатқан адам жөнсіз қылмысқа бармайды. Бұл өз кезегінде қоғам тыныштығына сеп­ті­гін тигізері анық. Ал, не жұмысы, не тап­қан табысы жоқ адам аш қалмау үшін барлық қадамға баратыны белгілі. Ұрлық-қарлық жасап, қараусыз бос жат­қан затты үптеп кетуге ма­шық­танады. Ондай әдет асқына келе үл­кен-үлкен мал-мүлікке ауыса бастайды.

Қазақтың ерте замандардан келе жатқан бір жаман әдеті ба­рым­та­шы­лық. Сол әлі күнге дейін қалмай, бү­гінде көрініс тауып қалып жатады. Об­лыста өршіп тұрған қылмыстардың ішінде ең көбі – мал ұрлығы. Қараусыз малды өрістен айдап әкетуден бөлек, қораға байланған түлікті түн жамылып жым­­қы­ратын ұрылар бар. Он­дай­лар­дың басым бөлігі жұмыссыз, көбіне сотты бол­ғандар. Оңай олжаға, ағыл-тегіл бай­лық­қа ие болғысы келетіндер. Жыл сайын қысқасалым облыста «Соғым» шұғыл іс-шарасы өткізіледі. Тәртіп сақшылары әрбір ауылды то­рып, бей­сауат жүрген күдіктіні тек­се­реді. Сол арқылы орын алуы мүмкін қылмыстың алдын алып, мал ұрлығын тоқтатады. Дегенмен, қатаң бақылауға қарамастан әбден семірген жайы­лым­дағы мал мен бордақыны жымқырып әкетететіндер табылады. Тіптен малын жоғалтып, ба­ры­нан айырылатындар көп деуге бо­ла­ды. Мысалы, былтыр Көксу ауда­нының бірнеше бас жыл­қы­сын көршілес об­лыс­тың аумағына жеткізбек болған жүк көлігі қолға түсті. Одан бөлек, өрістен қаншама түлік із-түзсіз жоғалды де­се­ңізші?! Соның бәріне ең алдымен мал иесі жауапты. Алайда жайылымдағы тұяқты жан­уар­ды аптасына бір рет не­месе екі жетіде бір рет тексеріп жүруді әдетке айнал­дырған малшының сал­ғырт­тығы толас­тар емес. Ондайлар әр кезде жоғалған малды табу полиция қызметкерінің міндеті деп есептейді. Сондықтан біз­дің редакциямызға хабарласқан әрбір оқырман жоғалған малынан еш дерек жоқтығын айтып, шағымданады. Әрине, қазекең айтқан­дай, «мал ашуы – жан ашуы» екені белгілі. Соған қарамастан кей­де: «Көр­шің­ді ұры тұтпа!», – дегің келеді.

Қоғам болған соң оның қараңғы тұс­тарының, жағымсыз жайттарының та­былатыны анық. Оған бола өзіміз өмір сүріп отырған қоғамды тәрк ете ал­май­мыз немесе жек көруге қақымыз жоқ. Тек адамдарды ізгілікке ұм­тыл­дыру, жақсылыққа үйрету, пара­сат­тылыққа үгіттеу, бабаларымыз айт­пақ­шы, құлып­сыз қоғам құруға итер­мелейді. Сол ар­қылы жаза басып, ең­бек­пен түзеу ко­лониясынан оралған әр­бір жанға үлгі болуымыз керек-ақ. Шын­­дығында өз­геге жақсылық жасау өзімізге жақ­сы­лық көрсету екендігін ұғ­ы­натын кез келді.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

10.02.2026
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

10.02.2026
Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

10.02.2026
Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

10.02.2026
Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.