Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

Азансыз ауыл азады

02.07.2016
ТҮПСАНА
Азансыз ауыл азады
WhatsAppTelegramFacebook

Ауылды сағынғанда ақиық ақын Мұқағали ақынның «Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы, Бұдан артық рахат табылмайды» деген өлеңі еріксіз ойыңа оралады да тұрады. Ол жайлы таңды – таңға ұрып әңгіме айтуға болады. Бірі шекер, бірі бал жақындардың жылылығының өзі жүрегіңді елжіретеді. Арнасынан аққан суы, биік шыңы, жартасы, тіпті, қара жердің өзінде ерекше тартылыс күші бар сияқты көрінеді. Жусаны мен жуасы бұрқыраған, кіндік қаның тамған жерге деген сағыныштың бал дәмі тым бөлек. Дәл бүгінгі таңда айрандай ұйыған, алақандай киелі шаңырақтың шаттығы бұзылмаған күйі ұрпақтан ұрпаққа қала берсе ғой деп армандайтын да болып алдық. Бұлай деуіме таяуда ғана ат басын ауылға бұрған танысымның әңгімесі себеп болды.

Оның айтуынша, өзі туып-өскен мекеннің берекесі мен бір­лігі ыдырап, қуанышы мен шат­тығы сейілген. Абайша айтсақ, олардың басым көпшілігі тамақ, күлкі, ұйқы деген арсыздармен дос болып кеткенге ұқсайды. Ада­ми көзқараспен өлшенетін бай­лықтың салмағы уақыт өткен сай­ын ауырлап, тұрғындардың құтын қашырған. Бірақ оны өздері сез­бейді де, сезінгілері келмейді де. Әрқайсысы өзінің қам-қарекетімен кеткен. Бірімен-бірі таласып, тар­масып, күйбең-тіршілікпен жүріп, көршінің өзін бері қойғанда ағайын­мен араласудан қалған. Бұл нағыз – трагедия емей немене?

Барына шаттанып, байлығына масаттанғандар арасындағы өр­ші­ген бақталастықты қайнаған қо­ғам­нан күнде көріп жүрміз. Сол кезде ауылдағы көңілі дарқан, ниеті кең ағайынға кетіп қалғымыз келеді. Бірақ ол жақтың да сыйқы күн өткен сайын сұрланып барады. Мұндай жерде бақ-дәулеттің, ырыс-құттың ұзақ уақыт қо­ныс­тан­байтыны бесенеден белгілі. Тіпті, нәтижесін болжап айтудың өзіне аузыңыз бармайды. Кең далам төсіңді аш мен келемін деп ауы­лына желкілдеп барған танысым: – Ел ертеңі деп сенген жастарын кешкісін іздей қалсаңыз ащы суды құрдас қылған күйі көшеден таба­сыз. Ақсақалы мен қариясынан ақыл сұрағыңыз келсе де сұрай алмайсыз. Айтары жоқ. Жөн сілтеп, жол көрсетіп, бағытың мен бағда­рыңды айқындап беретін ел ағасын табу мүлдем қиын. «Аға, қария, ақсақал» деген салмақты, сали­қалы, жаныңды жадырататын атау­ларды кімге қолданарыңызды біл­мей, шақшадай басыңыз шарадай болған күйі анталап қалады екен­сің. Мұның бір шешімі болуы керек қой? Кімнен, қандай көмек сұраса болады? Қарты бар ел қазыналы ғой мүмкін үлкендердің алдынан өткенім жөн шығар а? Өзім сыртта жүрсем де, ауылдың қырық жамау болғанын қаламаймын, – дейді бір күрсініп, бір таусылған жас қыз. Әңгімесін ары қарай баяндай бас­тады. Ол атасы мен әкесінің табаны тиіп өткен көшені бойлай жүріп, серуен құрған. Бой көтергеніне көп жыл болмаса да әбден тозығы жет­кен мешіттің жанынан «бісміл­ләсін» айтып өткен. Алланың үйі­нен күмбірлеген зор азанның дауы­сы тұрмақ жылт еткен жарық сәу­лені де көзі шалмаған. Тас қараңғы. Есесіне келесі көшедегі би кешінің әндері азанның орнын алмас­тыр­ған­дай. Құлаққа ұрған танадай тыныштықты жастардың айқайы мен ысқырығы бұзып тұрғаны естіген есті жанның жанына ауыр тиетіні анық. Өмірде оқығаны мен то­қығаны көп қариялар осын­дайда «азансыз ауыл азады» деп айтатын еді. Түсінген адам үшін бұл сөздің мәні мен мағынасы тым терең. Бірлігі мен берекесі жа­расқан ауылды дүниеқоңыздар жаулап алып, рухани әлемде енді ғана бүр жарып келе жатқан пәк ойларыңа бір-біртіндеп қанжар қадап, тамырымен қопсытып жат­қандай. Ауылдың бір қарағандағы көрінісі осындай. Мұндайды есті­мек түгілі көз алдыңа елестетудің өзі ауыр.

Өткенімізге сәл шегініс жасап, бір әулеттің емес тұтастай рудың берекесін шашпай, ашса ала­қа­нында, жұмса жұдырығына түйген Қабылиса жыраудың ел қамы үшін жырлаған «БАҚЫТ ҚАЙДА БАРА­СЫҢ?» деген толғауына бір уақ құлақ түрейікші. «Бақыт қайда барасың? – Тарауық намаз оқыған, Көңіліне аят тоқыған, Ниетті елге барамын. – Бақыт, қайда барасың? – Көршімен болған бірлігі, Тағат, ғибадат тірлігі, Ұйымшыл елге барамын», – дегеніне біз неге мән бермейміз? Ғасырлар бойы құнын жоймаған жыраудың бағалы дү­ниесі тап бүгінгі күн үшін айтыл­ғандай көрінбей ме сізге? Бақ-дәулет, ырыс-береке, татулық дегеніңіздің бәрі де тату жұртқа ғана тұрақтайтынын әлі күнге түсіне алмағанымыз баршамыз үшін үлкен сын. Ал енді алтыннан да қымбат аталы сөзден қоры­тынды шығару біздің парыз.

Білім қуып ауылдан жырақ кеткен құрбымның айтқан әңгі­месі кеудесіндегі бүлкілдеген бір жұмыр еттен жылап шығып жат­қанда өзімнің де басымнан өткен дәл осындай оқиға көз алдымнан киноның лентасы секілді өтіп жатты, өтіп жатты.

Еңлік САҒЫНДЫҚОВА

 

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.