Талдықорған: +3°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ОРАМДЫ ОЙЛАР АЙТЫЛДЫ

14.06.2016
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін құрылған арнайы жұмыс тобы Алматы облысының елді мекендерінде кездесулер өткізуді жалғастыруда. Аталмыш жиындар бұған дейін Көксу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ аудандарында өткізілген болатын. Ал бұл жолы жұмыс тобы Текелі қаласында болып, тұрғындар мен кәсіпкерлермен кездесті. Басты мақсат – жер заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру, жергілікті халықтың, шаруалардың көзқарастарын біліп, ұсыныс-пікірлерін назарға алу.

Жиында әуелі облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Жолан Омаров Жетісу өңіріндегі ауылшаруа­шылығының ахуалы туралы баяндап берді.

– Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 35, 36-қадамдарын іске асыру мақсатында Жер кодексінің бірқатар баптарына өзгерістер енгізілген болатын. Мемлекет басшысының 6 мамырдағы Жарлығымен заңның қоғамдық резонанс тудырған нормаларына жылдың аяғына дейін мораторий жарияланды. Қазіргі кезде елімізде жер мәселесі бойынша Ұлттық комиссия жұмыс істеуде. 1434 нөмірлі бірыңғай респуб­ликалық Call-center құрылды. Облыста да жұмыстар атқарылуда. Аудан, қала тұрғындарымен кездесудегі мақсатымыз заңды талқылау ғана емес, сіздердің ұсыныстарыңызды орталыққа жіберіп, ой-пікір бөлісіп, ауылшаруа­шылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануда кедергілер, шешілмеген мәселелер болса, дұрыс шешілуіне ықпал ету. Жер заңнамасының оңтайлы жақтарын да көпшілік білуі керек. Жер – елдің байлығы. Сондықтан оны ұтымды пайдаланған жөн», – деді ол. 

Өз кезегінде кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаева жер мәселесі сияқты өзекті проблемаларды талқылау мен шешу диалог арқылы іске асырылуы керек екеніне назар аударды. Онда Ләззат Шыңғысбаева: «Шешілмейтін мәселе болмайды. Бұндағы басты сауал – проблеманы шешу жолында. Ал қазіргі таңда кез келген мәселені, сұрақты осындай талқылау арқылы, «дөңгелек үстел», жиындар ұйым­дастыру арқылы ғана шешу тиімді әрі нәтижелі екенін қазіргі жағдай көрсетіп отыр. Сондықтан, бүгінде келісті диалог жүргізу бас­ты құралымызға айналу керек», – деп өз пікірін жеткізді.

Одан соң жиын сұрақ-жауап бөліміне алмасты. Тұрғындар мен кәсіпкерлердің сауалдарына облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Бөлтірік Жақыпов, облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бөлім басшысы Медет Орманбетов жауап берді.

Жергілікті тұрғындар тарапынан да толғағы жеткен мәселелерді оңтайлы шешу жайлы пікірлер айтылып, орамды ойлар қозғалды. Мәселен, кәсіпкер Ертай Дүйсебаев жерге күтім керек екенін атап айтты. «Жермен көп уақыттан бері айналысып келе жатқан кәсіпкер ретінде айтарым, жеріміз бос жатпай, жемісін беру керек. Жерге инвестиция салып, игілігін көруіміз қажет. Кәсіпкерлерге пайдаланып отыр­ған жерлерін жеңілдетілген жолмен он жыл ішінде сатып алуға мүмкіндік беріліп отырғаны да құптарлық жай», – деді ол. Шаруа қожалықтарының басшылары мен жиналғандар тарапынан жер шетел азаматына жалға берілген күнде жұмыс күші сырттан әкелінбей, жергілікті азаматтар жұмыс істесе, топырақтың құнарлығын сақтау, түрлі химикаттарды пайдалану қатаң қадағаланса, Текелідегі орман шаруашылығының қарамағындағы алма бақтарының күтімсіз қалуына байланысты істің көзін білетін шар­уаларға жалға берілсе деген сипатта ұсыныстар айтылды. Жалпы бұл басқосуға жиналғандардың орамды  ойлары  жерімізді тиімді пайдаланып, игілігін көру мәселесіне келіп саяды.

Шора БАТЫРБАЕВ.

Текелі қаласы.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.