Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қазақтың «Алтынайы»

11 маусым 2016
КҮЛТӨБЕ
Қазақтың «Алтынайы»
WhatsAppTelegramFacebook

Алтай мен Атырау­дың арасы, барлық қазақтың да­ласының тау-көлі күй шер­тіп, құстары сырнай тар­тып, қайың-бұ­та­ла­ры би билеп тұрғандай. Қо­быз­дың зарлы әуе­нін­­дей күңіренеді кей­де. Мұның барлығы мұн­­­таз­дай тап-таза өнер­­ді қа­зақ бойына сіңіріп, ата­дан балаға мирас етіп қал­дырды. Осындайда сән-сал­та­на­ты жарасқан киелі ме­кенде туып-өс­кенің­ді мақ­тан тұтып, Ал­лаға сан­сыз шүкір ете­сің.

Қасиетті қазақ өнерін, қазақ биін мұхиттың арғы жағы мен бергі бе­тіне танытып, паш етіп жүрген өнер ұжымының бірі және бірегейі – «Алтынай» мемлекеттік би ансамблі. Әйгілі өнер зерттеуші, тарихшы-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтың ықпалымен өмірге келген өнер ұжы­мы бүгінде орда бұзар 30 жасқа тол­ды. Қазір өнер ұжымы толағай та­быс­тарға қол жеткізіп, әлем наза­рына ілігіп, қазақ биін биікке көтеріп келеді. Осынау қуаныштарымен бөліспек болған олар өнер жан­ашырлары мен қолдап, қоше­мет­тейтін көрерменнің басын Ілияс Жан­сүгіров атындағы Мәдениет са­райындағы «Өнердің өрнегі – би» атты мерейтойда біріктірді. Тағат­сыздана күткен кештің шымылдығын облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ ашып, жүрекжарды құттықтау сөзін арнады:

– Құрметті өнерсүйер қауым, бүгін біз «Алтынай» мемлекеттік би ансамблінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған мерекелік шара­ның кәусі болып отырмыз. Бәріңізге мерейтой құтты болсын, жұл­дыз­да­рыңыз жана берсін. «Өнерсіз ел өрге баспайды» демекші, тек қана биіктен көрініп, қазақтың биін үлкен дәрежеге жеткізе беріңіздер, – дей келе, бас­тап­қыда фольклорлық-этнографиялық би ансамблі болып құрылып, мемлекеттік би ансамблі дәрежесіне көтерілуі мен облыс, республикада ғана емес, бүгінгі таңда әлемдік дәрежеде өнер көрсетіп жүрген ұжымның дамуына атсалысқан тұлғаларға алғысын жеткізді.

Әрмен қарай марапаттау рәсімі орын алып, ансамбльдің әрбір мүше­сінің жүзі жадырап сала берді. Мәде­ниет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Мәдениет саласы­ның үздігі төсбелгісі «Алтынай» мемле­кеттік би ансамблінің әртістері Алтын­ай Күрішбаева, Әсел Орынханова және Ершат Шоқанаевқа тағылды. Бұдан бөлек министрлік және облыс әкімі тарапынан Алғыс хат пен Құрмет гра­мотасы бірнеше өнерпазға табыс­талды. Қуанышты қуаныш еселей об­лыс әкімінің арнайы сыйлығы пәтер кілті Тоғжан Есенәлиева, Қасымхан Тілеубергенов және Талдықорған әуендері фольклорлық-этногра­фия­лық ансамблінің көркемдік жетекшісі Гүлнар Оспановаға тарту етілді. Өнер ұжымы да қалыс қалмай, Амандық Ғаббасұлына бейне естелік сыйлады. Осы орайда көрерменнің ыстық ықы­ласы мен құрметі әрбір соғылған шапалақ үнімен көңілге қуаныш сый­лады.

Жиналған қауым көркіне көз той­мас қылықты қыздар мен бойынан қазақы ерік-жігердің лебі есер ұлық­ты ұлдардың өнерін тамашалады. Әрбір қимыл тарих қойнауынан орын тепкен салт-дәстүріміз бен ұлттық бол­мы­сы­мыз­дан хабар бе­ріп, көңі­лімізді көкке өрлетіп, рухани ләззат сыйлады. «Алтынай» сынды ансамбль барда қазақ биі өлмейді, керісінше, қазы­налы өнер өрлейді, асқақтайды.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

23 қараша 2026
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

23 қараша 2026
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

23 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.