Талдықорған: +16°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БІРЛЕСТІКТІ ТІРКЕУДІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ

1 қаңтар 1970
КҮНДЕРЕК
БІРЛЕСТІКТІ ТІРКЕУДІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңның 7-бабына сәйкес, республикалық, аймақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер құрылып, жұмыс істеуге болады. Облыс, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жартысынан астам аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері бар бірлестіктер республикалық қоғамдық бірлестіктерге жатады.

        Жергілікті қоғамдық бірлестіктерге бір облыс, республикалық маңызы бар қала және астана шегінде жұмыс істейтін бірлестіктер жатады. Республикалық және аймақтық қоғамдық бірлестіктер өз мәртебесін растау үшін тіркелген күннен бастап бір жыл өткенге дейін осы бірлестікті тіркеген органға құрылымдық бөлімшелерінің аумақтық әділет органдарында есептік тіркеуден өткенін растайтын құжаттардың көшірмелерін табыс етуге міндетті. Сонымен қатар, 10-баптың талабына сәйкес, қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде үш адамнан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылатын болды.

      Азаматтардың қоғамдық бірлестіктерді құру құқығы тікелей жеке тұлғаларды біріктіру жолымен де, саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер арқылы да іске асырылады.

        Заңның 11-бабына сай, Қазақстан Республикасының азаматтары және саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер қоғамдық бірлестіктердің мүшелері (қатысушылары) бола алады. Саяси партиялардан басқа, қоғамдық бірлестіктердің жарғыларында оларға шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың мүшелігі (қатысуы) көзделуі мүмкін.

        Он алты жасқа толған азаматтар саяси партиялар жанындағы жастардың қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері (қатысушылары) бола алады. Өзге де қоғамдық жастар және балалар бірлестіктері мүшелерінің жас шамасы солардың жарғыларымен (ережелерімен) белгіленеді.

        Мүшелікке ие болу және одан айрылу ережелері мен тәртібі қоғамдық бірлестіктердің жарғыларымен белгіленеді. Ал қоғамдық бірлестіктің жарғысы Заңының 12-бабымен дайындалады. Заңның 13-бабына сәйкес, Республикалық, аймақтық қоғамдық бірлестіктерді, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады.

        Жергілікті қоғамдық бірлестіктерді, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеуді аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.

        Қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңдарда көзделген тәртіп пен мерзімдерде жүргізіледі.

        Қоғамдық бірлестікті тіркеу үшін ол құрылған күннен бастап екі ай мерзім ішінде тіркеуші органға өтініш беріледі. Өтінішке жарғы, жарғыны қабылдаған құрылтай съезінің (конференциясының, жиналысының) хаттамасы, бірлестікті құру бастамашылары туралы мәлімет және қоғамдық бірлестіктің тұрған жерін, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттар қоса тіркеледі.

        Қоғамдық бірлестіктерді тіркеу және қайта тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алым алынады. Сондай-ақ, 14-баптың талабына сай, қоғамдық бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) есептік тіркелуге тиіс.      

 

Т. БАЗАРБАЕВА,

 Облыстық әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды

тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы

Фото: uralskweek.kz

       

 

  

      

 

 

 

       

       

 

       

 

       

       

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.