Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРНАЙЫ ЖОБА

Майдан қажетіне қаржы аударған

Атамның соғыс жылдарында ерлігін артындағы ұрпағына үнемі әңгімелеп отырамын. Ондағы ойым нағыз ердің қандай болатынын жастар біліп жүрсе деймін. Отанның, туған жердің, жалғыз жұртының қамын жеу азаматтың азаматының ғана қолынан келетін іс. Бұл тұрғыда «Менің атам нағыз майдангер» дегім келеді.

11 мамыр 2025
АРНАЙЫ ЖОБА
Майдан қажетіне қаржы аударған
WhatsAppTelegramFacebook
Атам, Оразбай Бөкенбаев 1903 жылы шаруа отбасында дүниеге келген. 12 жасында жетім қалып, ағайы Қасымның  қарауында болған.1921-1925 жылдары Жаршапқан бастауыш мектебінде білім алып, артынша Жұма атты бай дүнгеннің малайы болып жұмыс істейді. 1928 жылы Жаршапқан ауылдық кеңесіне хатшылыққа қызметке тұрады. 1930-1931 жылдары қоймашы болып істеп, кейіннен «Талапты» ұжымшарының төрағасы болып тағайындалады. Қызылбұлақ ауылында сатушы да болады. Ол 1933 жылдың мамыр айынан бастап «Ақтекше» ұжымшарын басқарады. Араға 1 жыл салып «Талапты» ұжымшарына басқару қызметіне тағайындалған. 1935-1938 жылдары «Куйбышев» ұжымшарында есепші-бригадир қызметін атқарған.
1947 жылдарға дейін «Қызылбұлақ»  ұжымшарын басқарған.
Атамның есімі тарихта ерлікпен қалғанын мақтан етемін. Ол соғыс кезінде танк колоннасының құрылысына 371 мыңнан астам рубль көлемінде қаражат аударған. 1943 жылы «Известия» газетінің бетінде «Қаражат жинау жалғасып жатыр. Құрметті жауынгерлер, мыңдаған колхозшылар сіздерге көмектесу үшін қолда бар ақшасын беріп отыр. Осындай адамдардың есімдерін ел білу керек. Ол: Оразбай Бөкенбаев Қаратал ауданындағы «Қызылбұлақ» ұжымшарының төрағасы, танк колоннасының құрылысына 300 мың рубльді берді. Бұл түскен қаржыға «Т-34» танкісі құрастырылды», – деп жазылды.
Оразбай атам істеген жұмысының нәтижесінде Қазақ ҚСР-ның 25 жылдық  мерейтойына байланысты Грамотамен марапатталған. 1945 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталып, 1946 жылы «1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін»  медалі берілген.
Атам менің – себепшісі ерліктің,
Атам менің – ақ нұсқасы кеңдіктің.
Мақтан тұтам оның рухын, өрлігін,
Атам менің – қаймықпаған ең мықтым.
Еске аламын тарихты, бабамды
Соғысты ойлап сілкінтемін санамды.
Қан кешкен сарбаздардың жолында,
Барын берген мақтан етем атамды.
Күләнда БӨКЕНБАЕВА, зейнеткер ұстаз 

Қатысты жаңалықтар

Қараталдық тұрғын мәслихат сайлауында соңғы болып дауыс берді

Қараталдық тұрғын мәслихат сайлауында соңғы болып дауыс берді

30 қараша 2026
Шекара маңы кластерінің мамандары сайлау учаскесіне келді

Шекара маңы кластерінің мамандары сайлау учаскесіне келді

29 қараша 2026
«Жер Жаннаты – Жетісу 2025» жобасының Гран-при иегері, блогер Дәурен Берікболов өз таңдауын жасады

«Жер Жаннаты – Жетісу 2025» жобасының Гран-при иегері, блогер Дәурен Берікболов өз таңдауын жасады

29 қараша 2026
Армрестлингтен Азия чемпионы А. Тастанов дауыc берді

Армрестлингтен Азия чемпионы А. Тастанов дауыc берді

29 қараша 2026
Сәбит Биболов Текелі қаласындағы сайлау учаскесінде дауыс берді

Сәбит Биболов Текелі қаласындағы сайлау учаскесінде дауыс берді

29 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.