Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

КӘСІПКЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Қаратал ауданындағы мектептердің бірінде оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдай орын алды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында хабардар етілді.

6 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
КӘСІПКЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Айзере» ЖК басшысы Ербол Таңсықбаев қоғамдық тамақтану саласында қызмет көрсете отырып, бірнеше орта білім беру ұйымдарындағы асханаларды жалға алады. Қолданыстағы тыйымға қарамастан мектептердің бірінде ата-аналардың ас блоктарының бөлмелеріне өту жағдайының жиілеп кетуі «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінуге негіз болды. Әңгіме мониторингтік комиссияның мүшелігіне кірмейтін адамдар туралы болып отыр.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшелері алдында сөз сөйлеген Ербол Таңсықбаев мектеп асханаларының үй-жайлары мемлекеттік сатып алу арқылы жалға берілетінін атап өтті. Жұмыс «СанЕжН» талаптарына қатаң сәйкестікте ұйымдастырылған, ал тамақтану білім басқармасы бекіткен үлгі мәзір бойынша жүзеге асырылады.

– Бақылау қажет және ол маңызды. Біз ынтымақтастыққа ашықпыз, алайда медициналық рұқсатсыз адамдардың ас блогына өтуі санитарлық талаптарды бұзу болып саналады. Өйткені, балалардың гепатит, туберкулез, ішек аурулары сияқты қауіпті инфекцияларды жұқтыру қаупі бар, – деді Ербол Таңсықбаев.

Сондай-ақ, мұндай әрекеттер бизнес субъектілерінің құқықтарын бұзатыны және айыппұл арқалап, қызметті тоқтата тұруға дейін апаратыны, осылайша жағдайдың нашарлауына әкелуі мүмкін екені аталып өтті. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Баниямин Файзулин «Айзере» ЖК-нІң наразылығын әділ деп санады.

Осыған байланысты ол: «Біз балалар тағамы саласындағы қоғамдық бақылаудың қажеттілігін қолдаймыз. Алайда мұндай бақылаудың кез келген түрі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуы және кәсіпкерлердің құқықтарын бұзбауы тиіс, – деді.

Осы бизнес субъектісінің өтініші қаралған соң кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне Қаратал ауданы бойынша білім бөлімімен балаларды тамақтандыруды бақылау және ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.