Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда тағы да адам шошырлық жол апаты болды

21 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда тағы да адам шошырлық жол апаты болды
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы Рақышев пен Уәлиханов көшелерінің қиылысында тағы да жол апаты тіркелді. Бүгін осы қиылыста Toyota Camry мен Toyota Land Cruiser Prado көліктері қақтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. 

Дәл осы қиылыстағы апат бірінші рет емес. Осыдан 1-2 жыл бұрын бұл қиылыста қатты жылдамдықпен жүрген көлік жаяу жүргіншіні қағып, адам өлімімен аяқталған трагедия болған еді. 

Осы оқиғадан кейін қиылыстың қауіпсіздігін арттыру мақсатында жасанды кедергілер орнатылды. Соған қарамастан жол ережесін сақтамау және жылдамдықты асыру мәселесі әлі де өзекті. 

Аталған қиылыстың жанында балабақша, дүкендер мен медициналық орталық орналасқан, сондықтан жаяу жүргіншілер мен көліктердің қозғалысы қарқынды.

Бүгінгі апаттың мән-жайына келсек, Toyota Land Cruiser Prado көлігі Toyota Camry-ге соқтығысып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Соққының күшті болғаны соншалық, Prado көлігі сегізінші үйдің қабырғасына, Camry қиылыстан 200-300 метр қашықтыққа барып тоқтаған. Суреттерден Camry-дің артқы бөлігі, жүк салғышы мен артқы салоны толығымен қирағаны анық байқалады.

Мұндай зақымға әкелу үшін соқтығысқан көліктің жылдамдығы өте жоғары болғаны айтпаса да түсінікті.

Жылдамдықты асыру – Қазақстандағы жол апаттарының басты себептерінің бірі. Статистикаға сүйенсек, 2024 жылы елімізде 31 597 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 579 адам қаза тапқан. Талдықорғандағы бұл қиылыс сияқты қауіпті аймақтарда жол ережелерін қатаң сақтау және жылдамдықты бақылау шараларын күшейту қажеттілігі тағы да айқындалды.

Қазіргі уақытта апаттың себептері мен зардап шеккендер туралы толық ақпарат анықталуда. Алайда бұл оқиға жол қауіпсіздігіне бей-жай қарауға болмайтынын және тиісті шараларды дереу қолдану керектігін ұқтырады. Жергілікті билік пен полициядан қосымша бақылау камераларын орнату, жол белгілерін жаңарту және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру бойынша шұғыл шаралар қажет.

Мәулен Әнербай
Суреттерді түсірген автор

Ескерту: Апаттың нақты мән-жайы мен зардаптары туралы ресми ақпарат алынған соң, жаңалық толықтырылады.

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.