Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда жол сапасы тексерілді

Бүгінде Жетісу облысының орталығында жол жөндеу жұмыстары қарқын алған. Осыған байланысты Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл шаһардағы бірнеше нысанды аралап, қолға алынған жұмыс сапасын тексеріп шықты.

13 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда жол сапасы тексерілді
WhatsAppTelegramFacebook

Алдымен аймақтағы 3-ші бөлімшеге ат басын бұрған қала басшысы ондағы  күрделі жөндеуден өтіп жатқан көше жолдарына баса назар аударды. Аталған аумақтағы жоба аясында қазір жалпы ұзындығы 6 шақырым болатын 7 көшеге асфальт төселуде. Өткен жылы басталған бұл жұмыстар биыл да жүйелі түрде жалғасын табуда. Осы аралауда Ернат Дүйсенбекұлы «Солтүстік-Батыс» ауданы мен «Көктал», «Жастар-1», «Жастар-2» тұрғын үй алаптарындағы жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Әрі жауапты мердігерге құрылыс сапасына баса мән беруді тапсырып, басталған жұмыстар толық аяқталғанға дейін қатаң бақылауда болатынын ескертті. Осыдан соң ол қаладағы орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Рүстембеков, Балпық би және Гагарин көшелерін және «Шығыс» шағын ауданындағы қалпына келтіріліп жатқан жол сапасын тексеріп, бірқатар тапсырмалар берді.

Келтірілген дерек бойынша, өткен жылы қаланың «Шығыс», «Оңтүстік-Шығыс», «Көктал» шағын аудандары және 3-бөлімше тұрғын аудандарындағы 89 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынып, оның 14 көшесі жасалған. Сонымен қатар қаладағы 10 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Талдықорғанға қарасты Өтенай ауылындағы 7 көше күрделі жөндеуден өткізіліп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 17 мыңнан астам шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.  Сондай-ақ биыл жалпы құны 3,5 млрд. теңге болатын «Жастар-2» шағын ауданының жолына күрделі жөндеу жұмыстары басталған.

 –Талдықорған қаласы бойынша сәуір айында басталған жол жөндеу жұмыстары қазіргі таңда кезең-кезеңімен жүргізілуде. Мұнда жол жабынының тозуына байланысты асфальт қабаты жаңартылып, ой-шұңқырлар тегістелуде. Сонымен бірге жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында арнайы жол белгілері айшықталып, көшелерге реттеуші таңбалар сызылуда,– дейді сала жауаптылары.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, биылғы жылы шаһарда 70 шақырымнан аса жол жөнделіп, барлық смарт аялдамалар қалпына келтіріледі. Атап айтқанда, аймақтағы жаңадан бой түзеп келе жатқан «Құлагер», «Бірлік», «Жастар 1 шағын аудандары мен «Солтүстік-Батыс» тұрғын үй алабындағы 107 жаңа көшенің 54 шақырымға жуық жолына құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, 21 шақырымнан  астам жол күрделі жөндеуден өткізіліп, орташа жөндеу бойынша 27,9 шақырым болатын  28 көшенің жол жамылғысын ауыстыру ісі қолға алынып,  17 шақырымнан астам жол ағымды жөндеуден  өткізілмек.

                                                                            Айдын КӘЛІМХАН

 

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.