Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

МЕЙІРІМДІ ЖАНДАР МЕРЕКЕСІ

15 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
МЕЙІРІМДІ ЖАНДАР МЕРЕКЕСІ

Жұмабай Мұсабек

WhatsAppTelegramFacebook

Мейірбикелер күні медицина тарихында із қалдырған Флоренс Найтингейлдің құрметіне аталып өтеді. Ол науқастарға күтім жасаудың жаңа жолын қалыптастырып, мейірбикелік істің негізін қалаған тұлға. Осы ретте Талдықорғанда Халықаралық медбикелер күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Кәсіби мерекеде жетісулық фельдшер-акушер және өзге де медицина қызметкерлері ерен еңбегі мен мамандығына деген адалдығы үшін Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Денсаулық сақтау саласындағы орта буын қызметкерлері – медицинаның жүрегіне айналған. Олардың төл мерекесінде облыстағы дәстүрлі байқаулар биыл да жалғасын тапты. Онда Мадина Найзабекова «Үздік акушер», Раушан Қазиева «Стационардың үздік медбикесі», Арай Ахметова «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымының үздік медбикесі» және Азамат Құрамысов «Үздік фельдшер» номинациясын иеленіп, жеңімпаз атанды.

– Мен 16 жылдан бері «Жедел жәрдем» фельдшері болып қызмет істеп келемін. Жұмыс оңай емес. Түрлі оқиғаларға тап болып жатамыз. Адам жанының арашашысы болу әркімнің қолынан келе бермейді. Сондықтан да әріптестерімнің барлығы марапатқа лайық деп есептеймін. Жұмыстарына табыс тілеймін, – дейді «Жедел жәрдем» фельдшері Азамат Құрамысов.

Мерекелік жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Садықов медицина қызметкерлерін мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін арнады.
Медбикелердің кәсіби мерекесінде Жетісу өңірінің 5 медицина қызметкері ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен, тағы бесеуі Алғыс хатпен марапатталды.

Медбикелер – медицинаның негізгі күші, дәрігердің сенімді серігі. Бүгінде елімізде 200 мыңға жуық орта буын медицина қызметкері бар. Оның 80 пайызы мейіргер болып жұмыс істейді. Ал ауылдық жерлерде шамамен 55 мың маман еңбек етуде.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.