Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда «Мектеп Барысы» анықталды

21 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда «Мектеп Барысы» анықталды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының орталығында  Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай оқушылар арасында қазақ күресінен «Мектеп барысы – 2025» жобасының ақтық кезеңі өтті.

Дүбірлі додаға Талдықорғандағы білім шаңырақтарынан алдын ала іріктелген 26 үздік балуан қатысып, «Мектеп Барысы» атағының жеңімпазы анықталды. Жиналған қауым алдында сөз алған Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл жас спортшыларға сәттілік тілеп, қазақ күресінің одан әрі дамуы үшін мұндай тың жобаларды әрқашан қолдауға дайын екенін жеткізді.

– Бүгінгі дода жас палуандарымыз белдесетін, нағыз азаматтардың бақ сынасатын алаңы. Сондай-ақ, ұлттық спортымызды дәріптейтін, ер-азаматтарымыздың рухын көтеретін салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бірегей жоба. Жастар арасында спорт пен спорттық шеберлікті дамытуда мұндай шаралардың маңызы зор. Осындай жарыс ұлтымыздың рухын асқақтатып, жас спортшыларымыздың қазақ күресінен шеберліктері мен дарынын көрсетуге мүмкіндік беретіндігіне сенімім мол,– деді шаһар басшысы.

Көп өтпей тартымды да тартысты өтіп, көрермен қауымның делебесін қоздырған сайыста жүзден жүйрік, мыңнан  тұлпар шыққандар анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша ақтық кезеңде топ жарып, қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңген Талдықорған қалалық №26 орта мектептің 10-сынып оқушысы Қошман Асылбек  «Мектеп Барысы» атанды. Ал жүлделі ІІ орынға шаһардағы №4 орта мектептің оқушысы Муслим Саятұлы лайық деп танылса, үздік үшінші жүлдені № 14 орта мектептің оқушысы Мырзабек Ерасыл иеленді.

Еске сала кетсек, осымен екінші рет ұйымдастырылып  отырған бұл «Мектеп барысы» жобасы өткен жылы аймақта алғаш «Болашақ» құрылыс компаниясы мен «Savor», «Issmile» және «Мillennium» мейрамханаларының жан-жақты демеушілігінде өткен еді. Ондағы жарысқа қала мектептерінде оқитын оқушылар арасынан алдын ала іріктелген 27 балуан қатысып, аймақтағы  №12 орта мектептің оқушысы Бақытбек Исажан тұңғыш «Мектеп барысы» атанған болатын.

                                                                         Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.