Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖЫРДЫҢ ЖОЛЫ ЖАБЫЛМАЙДЫ

20 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
ЖЫРДЫҢ ЖОЛЫ ЖАБЫЛМАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Адам өмірі – тағдырдың жазған жолы. Біреуге жібектей жұмсақ, екіншіге өткел бермес асау өзендей. Бірақ қандай сынақ келсе де, ең бастысы оған төтеп беретін жүрек пен рухтың беріктігі.  Құдайберген Мұратұлы дәл осындай қайсар рух иесі.

Құдайберген Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Ақтөбе ауылында дүниеге келген. Балалық шағы қарапайым қазақ ауылында өткен. Жастайынан білімге құштар, өнерге жақын болды. Мектепте озат оқушы атанып, түрлі жарыстарда топ жарды. Бесінші сыныпта кіші ғылыми академияда жүлделі орындарды иеленіп, білімге деген ынтасын дәлелдеді.

Ақындық өнерге деген махаббаты мектеп қабырғасында-ақ байқалды. Оныншы сыныпта Мұқағали поэмаларын жатқа оқудан аудандық сайыста бас жүлде, облыстық байқауларда 1-орын алды. 

Мектепті үздік аяқтаған Құдайберген болашағын медицинамен байланыстырғысы келді. Ұлттық бірыңғай тестілеуден 102 балл жинап, биология пәнін таңдап, С. Асфендияров атындағы медицина университетіне мемлекеттік грантпен оқуға түсті. 

Тоғызыншы сыныптан бастап сырқат белгілері байқала бастаған Құдайбергеннің эпилепсия дерті меңдеп, денсаулығы күрт нашарлаған. Университеттегі бірінші курстың соңғы емтиханы кезінде ұстамасы ұстап, оқытушылар көзінше ауырып қалады. Осы оқиғадан соң университет басшылығы оны оқудан шығаруға шешім қабылдаған. 

Келесі жылы Шет тілдер және Іскерлік карьера университетіне түсіп, тағы да грант ұтып алған. Тағы да денсаулық мәселесіне байланысты бұл оқу орнынан шығарылады. 

Үшінші мәрте тағы да бағын сынап, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға түседі. Бұл жолы шынайы қызығушылыққа айналған әдебиет әлеміне терең бойлайды.

Бала күннен жазатын өлеңдеріне қайта оралып, туындылары республикалық «Қазақ» газетінде, аудандық, облыстық басылымдарда жарық көреді. Десе де жеке кітабын шығару әзірге орындалмаған арманы.  «Бір кітапқа жететін өлеңім бар, бірақ қолдау жоқ», – дейді ақын.

Құдайберген денсаулығына қарамастан, үмітін үзбеген жан. Бес уақыт намазын қаза етпей, жүрегіне иман ұялатқан. Өзі айтқандай, барлық саланың есігі жабылса да жырдың жолы жабылмайды.

Эльмира СМАҒҰЛОВА,
І. Жансүгіров атындағы ЖУ студенті

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.