Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті

18 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде Жетісу облысында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда. Осыған байланысты Талдықорғандағы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханаға филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Панфилов ауданының құрметті азаматы Анарбай Бұлдыбай  өз кітаптарын сыйға тартты.

Аталған шараның басты  мақсаты – қоғамда кітап оқуды кеңінен дәріптеп, рухани құндылықтарды қолдау және кітапхана қорын жаңа басылымдармен толықтыру.

Мамандардың мәліметінше, қазір жалпы кітап қоры 200 мыңнан асатын Жетісу облысының орталығындағы С. Сейфуллин атындағы кітапхана жыл сайын көптеген жаңа басылымдармен толықтырылуда. Мәселен, дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл акция аясында 2022 жылы кітапханаға 200 данаға жуық кітап берілсе, 2023 жылы 2400, ал өткен жылы 4 мыңға жуық кітап сыйға тартылып, биыл бұл үрдіс тағы жалғасын табуда.

Кітап табыстау салтанатында сөз алған  Анарбай Сағиұлы кітапхана қорына өзінің ғылыми және көркем шығармаларын, сондай-ақ бірқатар құнды әдебиеттерді тарту еткенін тілге тиек ете келіп, кітап баға жетпес рухани қазына екенін айрықша атап өтті.

Кездесу барысында жеке-жеке сөз алған аймақтағы зиялы қауым  өкілдері кітаптың қоғамдағы рөлі мен жас буынның әдебиетке деген қызығушылығын арттыру бағытында орны ерекше екенін жеткізді. Сондай-ақ, олар қазіргі қазақ әдебиетінің бағыт-бағдары төңірегінде, шығармашылық жайында құнды ой-пікірлерін ортаға салды. Сондықтан да «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында өткізілген бұл шара рухани мұраны насихаттауға, кітап оқуды қолдауға және ұлт мәдениетін дамыту бағытындағы маңызды бастамалардың бірі ретінде жоғары бағаланды. Шара соңында кітапхана жауаптылары шараға қатысып, акцияға атсалысушыларға өз алғыстарын білдірді.

Айдын КӘЛІМХАН

 

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.