Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті

18 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Белгілі ақын Мұхтар Шахановтың жары, ғылым мен білім саласына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым әрі педагог Розалинда Әшірбайқызы Шаханова дүниеден өтті. Қайғылы хабарды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі таратты.

«QyzPU Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай университет ұжымы мен білім алушылары атынан белгілі ғалым, педагог Розалинда Әшірбайқызы Шаханованың қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – делінген ресми мәлімдемеде.

Өмір жолы мен ғылыми қызметі

Розалинда Шаханова 1951 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. 1974 жылы QyzPU-дың «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығын тәмамдап, бес жылға жуық орта мектепте мұғалім және тәрбиеші болып қызмет атқарған. 1990 жылы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, 1993 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған. Сол жылы доцент ғылыми атағына ие болды.

2004 жылы QyzPU-ға жұмысқа шақырылып, 2008 жылға дейін оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор қызметін атқарды. Ол көптеген оқу құралдары мен ғылыми мақалалардың авторы, Қазақстанның білім беру жүйесінде терең із қалдырған тұлға болды.

Еңбектері мен марапаттары

Розалинда Әшірбайқызы білім мен ғылым саласындағы еңбегі үшін «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» секілді атақтармен және Ы. Алтынсарин, «Құрмет» медальдары, ҚР Ғылым және білім министрлігінің марапаттарымен марапатталған.

QyzPU университетімен өмірінің соңына дейін тығыз байланыста болып, жыл сайын мемлекеттік емтихан комиссиясына төрағалық етіп келді.

Жарқын бейне – мәңгі жадымызда

Ғылыми мұрасы мен ұстаздық жолы арқылы көптеген шәкірт тәрбиелеп өсірген Розалинда Әшірбайқызы Шаханованың есімі қазақстандық білім мен ғылым тарихында мәңгілік сақталады.

Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын.

Фото: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.