Талдықорған: +17°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жұмыстан шығып қалған қазақстандықтар әлеуметтік төлемді қалай ала алады?

16.04.2025
КҮЛТӨБЕ
Жұмыстан шығып қалған қазақстандықтар әлеуметтік төлемді қалай ала алады?
WhatsAppTelegramFacebook

Егер азамат жұмыстан шығып қалса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) жиналған қаражат есебінен оған әлеуметтік төлем беріледі. Бұл төлемді алу үшін азамат Enbek.kz порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркеліп, тиісті өтініш беруі қажет.

Әлеуметтік төлем қалай төленеді?

Мемлекет жұмысынан айырылған азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында жиналған қаражат есебінен төлем тағайындайды. Бұл қорға жұмыс берушілер ай сайын еңбек шарты жасалған қызметкерлер үшін міндетті түрде аударым жасайды.

Жәрдемақы алу шарттары қандай?

Жәрдемақы алу үшін азамат келесі талаптарға сай болуы керек:

  • Соңғы 24 айда кемінде 6 ай әлеуметтік төлем аударылған болуы тиіс;

  • Азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуы қажет;

  • Өтініш онлайн түрде ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) көмегімен рәсімделеді.

Жәрдемақы алу жолы: 8 қадам

1-қадам. Enbek.kz порталына тіркеліп, жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. Бұл үшін ЭЦҚ керек.

2-қадам. Жеке кабинетке кіріп, түйіндеме толтырыңыз.

3-қадам. “Мемлекеттік қызметтер” бөлімінде жұмыс іздеуші ретінде тіркеліңіз. Тіркеу үшін ЭЦҚ-мен өтінішке қол қойыңыз.

4-қадам. Ашылған өтініш формасына жеке мәліметтерді енгізіңіз. Бұл түйіндеме Enbek.kz порталында жарияланып, жұмыс берушілерге көрінетін болады.

5-қадам. “Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу” батырмасын басып, ЭЦҚ, SMS немесе QR-код арқылы қол қойыңыз. Портал сізді жұмыспен қамту орталығына тіркейді.

Тіркеле алмайтындар: жұмыс істеп жүргендер, жеке кәсіпкерлікті белсенді жүргізіп жүргендер, зейнеткерлер, студенттер, мектеп оқушылары, 16 жасқа толмағандар.

6-қадам. Тіркеу нәтижесі туралы SMS хабарлама аласыз. Егер 3 жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс табылмаса, сіз автоматты түрде жұмыссыз ретінде тіркелесіз.

7-қадам. Жұмыссыз ретінде тіркелген соң, порталда “Жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем” қызметін таңдаңыз.

8-қадам. 20 таңбалы банк шоты мен байланыс деректерін (телефон, e-mail) енгізіп, өтінішті жіберіңіз. Құжатқа ЭЦҚ, SMS немесе QR-код арқылы қол қою қажет.

Өтініш қандай жағдайда қабылданбауы мүмкін?

  • Жалған мәлімет енгізілсе;

  • Құжаттарда сәйкессіздік болса.

Кемшілік жойылғаннан кейін өтінішті қайта тапсыруға болады.

Жәрдемақы мөлшері қалай есептеледі?

  • Соңғы 24 айдағы әлеуметтік аударым сомасына байланысты;

  • Бірыңғай түзету коэффициенті: 0,45;

  • Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне қарай белгіленеді.

Жәрдемақы қанша уақыт төленеді?

Әлеуметтік аударым төленген мерзім Жәрдемақы төлену мерзімі
6 ай – 12 ай 1 ай
12 ай – 24 ай 2 ай
24 ай – 36 ай 3 ай
36 ай және одан жоғары 4-6 ай

Қоғамдық жұмысқа немесе оқуға жіберілсе…

  • Қоғамдық жұмысқа тартылғанда немесе кәсіптік оқуға жіберілгенде жәрдемақы сақталады.

Қандай жағдайда әлеуметтік төлем тоқтатылады?

  • Жас шектеуі бойынша;

  • Азаматтың өтініші бойынша;

  • Жұмыспен қамту орталығы тіркеуден шығарса;

  • Құжаттарда жалған мәлімет болса;

  • Азамат Қазақстаннан кетсе немесе азаматтығын жоғалтса;

  • Сотталып, жазасын өтеу жағдайында;

  • Төлем алушы қайтыс болса.


Қосымша ақпаратты Egov.kz порталы арқылы да алуға болады. ЭЦҚ-мен кіріп, “Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы” ретінде өз деректеріңізді тексеруге мүмкіндік бар.

Жетісу-Ақпарат
Фото: stan.kz

Қатысты жаңалықтар

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

06.05.2026
ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

06.05.2026
Қазақстанда ерлердің саны қанша?

Қазақстанда ерлердің саны қанша?

06.05.2026
Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

06.05.2026
«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.