Талдықорған: +29°C
$ 457.99
€ 534.15
₽ 5.47
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

5 жасар қызды қағып өлтірді: Жетісу облысында мас жүргізушіні сот босатып жіберген

03.06.2025
КҮНДЕРЕК
5 жасар қызды қағып өлтірді: Жетісу облысында мас жүргізушіні сот босатып жіберген

orda.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында 5 жастағы қызды қағып кеткен мас жүргізушіні сот үй қамаққа жіберген. Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жол апатя 16 мамыр күні кешке Жетісу облысының Алакөл ауданына қарасты Достық стансасында болған. 5 жасар қыз алған жарақаттарынан оқиғадан он күн өткен соң ауруханада көз жұмды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 45 жастағы қызметкері Махсат Жақсылықов мас күйде рөлге отырып, жол жиегінде келе жатқан әйел мен оның екі баласын қағып кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, әйел балалар арбасында жатқан кішкентай баласын итеріп үлгерген, бірақ бес жастағы Сезім Рүстемқызы көліктің астында қалып қойған. Баланы көліктің астынан шығарып жатқан сәтте, жүргізуші көлігін тастап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Оқиға орнына келген Алакөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тек жол ережесінің бұзылғанын тіркеген. Ал ауыр хәлде жатқан қыз бала Достық ауылындағы ауруханаға жеткізілген.

Сот ісі материалдарына сәйкес, күдікті Жақсылықов 17 мамыр күні таңғы сағат 04:30 шамасында өз еркімен полицияға келіп, кінәсін мойындаған.

Өз әрекетін ақтауға тырысқан Жақсылықов «ашулы топтан қорқып кеткенін» айтып, сол себепті оқиға орнынан қашып кеткенін мәлімдеген.

Сол күні-ақ ол аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алайда 18 мамырда күдікті үй қамаққа босатылды.

Судья Элмира Асубаеваның пікірінше, бұл қылмыс «онша ауыр емес» санатқа жатады екен. Айыпталушының тұрақты мекенжайы, жұмысы, сондай-ақ асырауында бес баласы бар. Сонымен қатар оның жасырынуы немесе қылмысты қайталауы мүмкін екендігі дәлелденбепті.

Қыздары көлік астына түскен ата-ана кінәлі адамды жазалауды ойлап та үлгермеген.

Олар баланы аман алып қалу үшін дәрі-дәрмек пен қан іздеген. Алғашында Сезім Достықтағы ауруханада жатты, кейін Алакөл аудандық орталық ауруханасына ауыстырылды.

Он күн бойы дәрігерлер кішкентай қыздың өмірі үшін күресті. Алайда алған жарақаттарынан 26 мамыр күні Сезім есін жимастан көз жұмды.

«Кеше кездейсоқ білдім, қызымның өліміне себеп болған жүргізуші үй қамақта да болмаған екен. Ол сот шешімінде көрсетілген мекенжайда тұрмаған. Көршілер Жақсылықовтар отбасының жол апаттынан кейін бірден Үшаралға көшіп кеткенін айтты. Мен полиция шақыруға мәжбүр болдым, ауыл әкіміне де хабарластым», – дейді марқұм Сезімнің әкесі Рүстем Омаров күйініп.

Көрсетілген мекенжайға келген әкімдік өкілдері мен полиция Жақсылықовтың пәтері жабық екенін және оның ол жерде тұрмайтынын актімен тіркеген.

«Сонда бұл адам осы уақыт бойы сот шешімінде көрсетілген мекенжайда тұрмаған, соттың талабын орындамаған, қашып жүрген. Ал оны қадағалауға міндетті органдар ешқандай шара қолданбаған. Маған оны біреу қорғаштап жатқандай көрінді», – дейді марқұм қыздың әкесі.

Жетісу облыстық полициясы мен прокуратурасы әзірге жағдайға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Қатысты жаңалықтар

Қайдасыз, Марк мырза?

Қайдасыз, Марк мырза?

24.08.2026
Жатақханаға орын бөлу тәртібі жаңарды

Жатақханаға орын бөлу тәртібі жаңарды

24.08.2026
Баспана алу ережесі өзгереді

Баспана алу ережесі өзгереді

24.08.2026
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді жаңа арпа сортын шығарды

Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді жаңа арпа сортын шығарды

24.08.2026
Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

24.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.