Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Бейбіт Исабаев белгілі суретші Жанұзақ Мүсәпірмен кездесті

4 маусым 2025
КҮЛТӨБЕ
Бейбіт Исабаев белгілі суретші Жанұзақ Мүсәпірмен кездесті
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев әкімдік ғимаратында ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркемсурет Академиясының академигі, белгілі қылқалам шебері Жанұзақ Мүсәпірді Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атануымен құттықтап, Құрмет грамотасын тапсырды.

Кездесу барысында облыс басшысы өнер иесінің Мемлекеттік сыйлықты иеленуі ұзақ жылғы шығармашылық еңбегінің жемісі екенін атап өтті.

— Еліміздегі көркемсурет өнерін дамытуға, сол сияқты шетелдерде халқымызды суретшілік қырынан кеңінен танытуға үлес қосқаныңызды жақсы білеміз. Мемлекеттік сыйлықты алу – үлкен мәртебе. Алдағы уақытта да шығармашылығыңыз өрлеп, өнерсүйер қауымды көркем туындыларыңызбен қуанта беріңіз. Әулетіңізге, ұрпақтарыңызға бақ-береке тілеймін, — деген  Б.Исабаев суретшіге Құрмет грамотасын тапсырып, сый көрсетті.

Өз кезегінде суретші Жанұзақ Мүсәпір туған жері Жетісуға деген ықыласы бөлек екенін, өңірдің әрбір жетістігіне қуанып, үнемі тілектес болатынын жеткізді.

— Облыс құрылғаннан бергі үш жылда өңірде орын алған оң өзгерістерге куә болып жүрміз. Жақсылықтарыңыздың бәріне ниеттеспін. «Балалықтан даналыққа жол» атты картинамды алғаш рет осы Жетісу өлкесінде өткен көрмеге қойып, елдің батасымен Мемлекеттік сыйлыққа ұсынған едім. Расында үлкен мәртебеге ие болды. Маған көрсеткен құрметтеріңізге алғысымды айта отырып, бүгінгі Мемлекеттік рәміздер күнінмен баршаңызды құттықтаймын, — деп Ж. Мүсәпір өзінің ізгі тілегін білдірді.

Еске салсақ, Жанұзақ Мүсәпір ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркемсурет Академиясының академигі, ҚР Журналистер одағының мүшесі. «Балалықтан даналыққа жол» атты полиптихы үшін оған 2024 жылы Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлық берілді. Бұл ауқымды туынды Аристотельден ке­йінгі «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің өміріне арналған бес үлкен картинадан тұрады. Топтаманы суретші жеті жыл салған. Кенепке майлы бояумен әр түрлі техникаларды қолдану арқылы жазылған. Оның әр қайсысының биіктігі 1.8 метр, ұзындығы 11,5 метр.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

Бүгін, 15:59
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Бүгін, 15:24
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Бүгін, 15:03
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.