Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысы құрылуының үш жылдығы аясында тағы 3 жаңа әлеуметтік нысан ашылды

9 маусым 2025
КҮЛТӨБЕ
Жетісу облысы құрылуының үш жылдығы аясында тағы 3 жаңа әлеуметтік нысан ашылды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының құрылғанына 3 жыл толуына орай тағы 3 әлеуметтік нысан іске қосылды. Атап айтқанда, Алакөл ауданында өңірдегі үшінші Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, Қаратал ауданында мәдениет үйі мен теннис орталығы ашылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, алғашқы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы өткен жылы Талдықорған қаласында, кейін Сарқан ауданында пайдалануға берілген еді. Енді осындай маңызды әлеуметтік жоба Алакөл ауданы Үшарал қаласында ашылып отыр. Бұл аудандағы 2200 зейнеткер үшін қуанышты жаңалық болды.

– Орталық қарт адамдарды мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге әлеуметтендіру, олардың физикалық және психикалық денсаулығын жақсарту мақсатында іске асырылып отыр. Екі қабатты ғимараттың 1-қабатында мәжіліс залы, ас бөлме, тренажер залы орналасса, 2-қабатта дәрігер мен массажистің кабинеті, үстел ойындары мен тренажер залы, би, йога залы, ән және вокал кабинеті, тігін залы бар. Мұнда терапевт, массажист, йога мен көркем гимнастика нұсқаушылары, компьютерлік сауаттылық, ағылшын тілі, музыка және бейнелеу өнері үйірмелерінің жетекшілері жұмыс істейді. Орталықта жалпы саны 7 жаңа жұмыс орны ашылды, — дейді нысан директоры Алмат Садиев.

Орталықтың ашылуына орай жергілікті ардагерлер де өз пікірлерін білдірді.

– Белсенді өмір ұзақ өмір сүру орталығының жұмысы біздің денсаулығымызды жақсартып қана қоймай, спортпен айналысуға, қалаған ісімізбен айналысуға, жаңа машықтарды меңгеруімізге көмектеседі. Адам өмір бойы үйренеді, сондықтан жаңа дүниелерді үйренуге ешқашан кеш емес. Өзіміз үшін де, жас ұрпақтың тәрибесі үшін де заманға сай жеке тұлға ретінде үздіксіз даму пайдалы, — дейді Болатбек Нүсіпбекұлы.

Сол сияқты осы күні Қаратал ауданының екі ауылында бірдей жаңа нысан іске қосылды. Атап айтқанда Айту би ауылдық округіне қарасты Көкпекті ауылында мәдениет үйі есігін айқара ашты. Көкпекті ауылы аудан орталығынан 18 км қашықтықта орналасқан. Округте 1400-тен астам адам тұрады, соның 116-сы – жастар.

Нысанның жалпы алаңы 674 шаршы метрден асады. Бір қабатты мәдениет үйінде 250 орынды көрермен залы, сахна, сол сияқты домбыра, би, ән үйірмелеріне арналған кабинеттер бар. Мұнда 7  тұрақты жұмыс орны ашылған.

Атап өтсек, соңғы жылдарда Қаратал ауданында Ескелді, Жаңаталап, Кәлпе  ауылдарында мәдениет үйлері салынып, қолданысқа берілсе, биыл Алмалы, Тастөбе, Көпбірлік ауылдарында клубтар бой көтеруде.

Ал демеушілердің көмегімен тұрғызылған, ішінде қосымша бакс залы бар үстел теннисі орталығы Кәлпе ауылында іске қосылды. Нысанда екі негізгі зал бар, біреуіне теннис үстелдері қойылса, екіншісі боксқа арнап жабдықталған.

Бокс үйірмесіне қатысушылардың бірі:

– Бокспен айналысып жүргеніме 1 жылдай болды. Бұған дейін Үштөбе қаласындағы спорт кешеніне жаттығу үшін арнайы барып-қайтатынбыз. Бүгін өз туған ауылымызда бокс залы ашылып, қуанып жатырмыз. Енді ешқайда сабылудың қажеті жоқ, жаңа залда алаңсыз жаттығуға барлық мүмкіндік жасалған, — дейді Кәлпе орта мектебінің 10-сынып оқушысы Рүстем Бәкен.

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

Бүгін, 15:59
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Бүгін, 15:24
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Бүгін, 15:03
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.