Талдықорған: +30°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

81 медицина мекемесі салынды

15.04.2025
КҮЛТӨБЕ
81 медицина мекемесі салынды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы құрылғаннан бері медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарымен 81 елді мекен қамтылды, ал дәрігер тапшылығы 20,3%-ға төмендеді. Биыл тағы 72 елді мекенде жаңа медициналық мекеме  бой көтереді. 

Облыс құрылғалы бері өңірде Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында 250 орынға арналған емхана, Көксу ауданы Ақшатоған, Еңбекшіқазақ ауылдарында, Алакөл ауданы Қамысқала ауылында, Панфилов ауданы Шежін ауылында 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, Ақсу ауданы Сағабүйен ауылында дәрігерлік амбулатория, Алтынарық ауылында медпункт салынды. Сол сияқты 58 блокты-модульді кешен орнатылды, соның ішінде республикада тұңғыш рет Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында және Панфилов ауданының Жаркент қаласында блокты-модульдік конструкцияны қолдана отырып тұрғызылған жедел және шұғыл медициналық көмек қосалқы стансысы да бар. Осындай нысандар биыл  Қаратал ауданының Үштөбе қаласында, Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында, Көксу ауданының Балпық би ауылында, Текелі қаласында бой көтереді.

«Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы шеңберінде 15 нысанның құрылысы аяқталып, тағы 44-інің құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар, Қаратал ауданы Үштөбе қаласында демеушілер есебінен 50 орынды дәрігерлік амбулатория бой көтерді.

3 жыл ішінде 7 нысанға күрделі жөндеу жүргізілсе, биыл тағы жетеуі күрделі жөндеуден өткізіледі. Қабылданған осындай шаралардың арқасында денсаулық сақтау саласында бейімделген ғимараттардың саны 209-дан 127-ге қысқарды.

Биыл бейімделген немесе жалға алынған ғимаратта отырған 72 медициналық мекеме үшін жаңа нысандар салынып, жабдықтау жоспарланған. Оған қоса, биыл Талдықорғанда инвестор компанияның қаржысына 200 орынды заманауи онкологиялық диспансердің құрылысы басталады.

Облыста медициналық кадрлар жетіспеушілігі мәселесін шешуге де ерекше көңіл бөлінуде. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес республикада алғашқы болып өңірдегі ауылдық жерге жұмысқа келген дәрігерлерге 10 млн. теңгеден, қалалық жерге 5 млн. теңгеден бір реттік көтермеақы беру жүйесі енгізілді. Осы мақсатқа 2024 жылы жергілікті бюджеттен  495 млн. теңге бөлінді. Соның нәтижесінде былтыр көтермеақы 75 дәрігерге төленді, оның 24-і ауылдық жерде, 51-і қалалық жерде жұмыс істейді. Осындай шаралардың нәтижесінде  облыста кадр тапшылығының саны 202-ден 161-ге, яғни 20,3%-ға төмендеді.

Ауылдық жерге келген дәрігердің бірі – 17 жылдық еңбек өтілі бар хирург Нұрмұхамед Байжанов. Ол Қабанбай ауылындағы Алакөл аудандық орталық ауруханасының бөлімшесіне жұмысқа тұрған.

– Әрине, жұмыс істеу оңай емес, кішігірім жарақаттарды қоспағанда, күніне 2-3 күрделі ота жасалады. Бірақ, біз, дәрігерлер, бұл жолды өзіміз таңдадық. Басты міндетіміз – адамдарға көмектесу. Менің балалар хирургы, травматологы, балалар ортопеді, балалар урологы бағытында 4 сертификатым бар. Сондықтан емізулі жастағы нәрестелерден бастап түрлі ота істей аламын. Біздің бөлімде лапароскоп құрылғысы бар, бұл кез келген ауруханада бола бермейді. Мұндай заманауи медициналық жабдықты пайдалану жұмысымызды едәуір жеңілдетіп, науқастың операциядан кейінгі оңалту процесін жеделдетеді, – дейді маман.

Жалпы облыстағы медицина нысандарының базасында кардиохирургия, онкология бойынша күрделі операциялар жасалуда. Мәселен, облыстық кардиологиялық орталықта бүгінгі күні жоғары технологиялы медициналық көмектің 20 түрі көрсетіледі. Өткен жылы мұнда 380 ота жасалса, биыл тағы 450-ден астам ота жасалады деп күтілуде. Атап өтерлігі, клиникада жасанды интеллектісі бар жүрек ресинхрондау терапиясы қолданылады. Сол сияқты биылдан бастап кардиохирургиялық оталар балаларға да жасала бастады.

Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықта 2023 жылы ашылған «Қамқорлық» ерте араласу оңалту орталығын да атап өтуде болады.  Бұл инновациялық орталықта нейро-ортопедиялық аурулары бар, оның ішінде церебралды сал ауруы бар балаларды оңалтудың әлемдік үздік әдістемелері мен заманауи тәсілдері енгізілген. Нысан 2023-2024 жылдары 215 балаға оңалту шараларын жүргізсе, жыл басынан бері 51 баланы қабылдады.

Материалдық-техникалық базаның жайына келсек, үш жыл ішінде медициналық  мекемелерді қажетті құрал-жабдықпен қамту деңгейі 93%-ға жетті. 2022-2024 жылдары 133 «Жедел жәрдем» көлігі сатып алынса, соның көпшілігі ауылдық жерлерге жіберілді. Биыл тағы 29 санитарлық көлік алынады деп жоспарланған.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
 

Қатысты жаңалықтар

Баспаналы болған бақытты сәт

Баспаналы болған бақытты сәт

07.05.2026
40 күндік әскер

40 күндік әскер

07.05.2026
Талдықорғандық оқушылар десантшылар өмірімен танысты

Талдықорғандық оқушылар десантшылар өмірімен танысты

07.05.2026
Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Отан қорғаушы күнімен құттықтады

07.05.2026
Жауынгерлік дәстүр – жарқын үлгі

Жауынгерлік дәстүр – жарқын үлгі

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.