Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Егіс алқабында қызу еңбек

12 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Егіс алқабында қызу еңбек
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласының іргесіндегі шаруа қожалықтары дала жұмыстарына кірісіп кетті. Биыл егістіктен 45 миллиард теңгеге өнім алу жоспарланған. Дәл қазіргі сәтте жерге ылғал жабылып (548 гектар), тырмаланып (613 гектар), жер жырту жұмыстары (1956 гектар) жүріп жатыр. Егістіктегі іс кезеңімен жүзеге асып, жоспар бойынша орындалуда.

Қала маңында 6178 гектар егіс алқабы бар. Оның ішінде арпа-бидай, жүгері сынды дәнді дақылдар 1140 гектар, соя, сафлор сияқты майлы дақылдар 2000 гектар, қант қызылшасы 72 гектар, картоп 595 гектар, көкөністер 1227 гектар, бақша дақылдары 21 гектар, көпжылдық 1022,5 гектар бар.

Осыншама егістік жерлерін тыңайтқышпен қамтамасыз ету оңай емес. Оған қажетті минералды тыңайтқыштардың жалпы көлемі 1100 тонна. Оның ішінде аммофос 600 тонна, аммиак селитрасы 464 тонна, аммоний сульфаты 16,5 тонна, карбамид 5,5 тонна, суперфосфат 2 тонна, сульфааммофос 2 тонна және басқа макротыңайтқыштар 10 тонна. Сәуір айының алғашқы аптасында 688 тонна тыңайтқыш сатып алынды. Қалған бөлігі толығымен көктем мен жаз айларында алынады.

Ал қант қызылшасын 5 ауылшарауашылық тауар өндірушілері 72 гектарға жоспарлап отыр. Аграрлық несиелік корпорациясы арқылы жалпы 16 шаруа қожалығына 191,5 миллион теңге көлемінде арзандатылған несие берілді. Оның ішінде 3 шаруа қожалығы «Кең дала» бағдарламасы арқылы 116,7 млн. теңге, 5 шаруа қожалығы «Агробизнес» бағдарламасы арқылы 14,8 млн. теңге, 8 шаруа қожалығы «Іскер» бағдарламасымен 60 млн. теңге жеңілдетілген несие алды.

Көктемгі дала жұмыстарына қажетті 125,2 тонна дизель отынын алу үшін 22 шаруа қожалығы өтінім беріп, барлығы операторды таңдау жұмысын жүргізді. Қазір оператор мекеме ретінде таңдалған «Петрафон» ЖШС-мен келісімшартқа отыру жұмыстары жүргізіліп, барлық ауылшаруашылық тауар өндірушілері келісім жасасты.

Қала аумағындағы 132,2 шақырым суару арналарының 27,7 шақырымы темір-бетонды науалар. Былтыр 198 су тұтынушымен келісімшарт жасалып, тарифке сәйкес биыл 1 текшеметр судың бағасы 1,007 теңгеге бағаланды. Қалаға керекті су көлемі 42,5 миллион текшеметр.

Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: El.kz

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.