Мейірімділік пен сүйіспеншілік – бала тәрбиесінің негізі. Балабақшадағы тәрбиелік-психологиялық жұмыстар бүлдіршіндердің ішкі жан дүниесін байытып, бір-біріне деген жылы қарым-қатынас орнатуға бағытталады. «Жүрек жылуы» деген атаумен өткен психологиялық сабағы осының жарқын дәлелі.
Балалардың бойында мейірімділік, жанашырлық, достық, сүйіспеншілік секілді жағымды сезімдерді дамыту мақсатымен өткен сабақ бүлдіршіндердің шеңбер жасап, жылы амандасуынан басталды. Балалар бір-біріне күлімдеп қарап, жақсы тілектер айтты. Одан әрі олар жүрек бейнесіндегі түрлі түсті қағаздармен танысып, «Жылы жүрек» жаттығуын жасады. Әр бала өз жүрегін досына сыйлап, оған арнап жылы сөзін айтты. «Сен кереметсің», «Мен сені жақсы көремін», «Сен өте мейірімдісің» деген сөздер балалардың жүзіне қуаныш ұялатты.
Сабақ нәтижесінде балалар мейірімділік пен достықтың не екенін ұғынып, бір-біріне жылы сөз айтуға дағдыланды. Сабақ соңында барлық бүлдіршін жүрек пішініндегі қағаздарын бір-біріне сыйлап, ерекше қуанышқа бөленді. Мұндай сабақтар олардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, бір-бірімен татулықта өмір сүруге үйретеді.
«Жылы жүрек» сабағы балалардың көңіл-күйін көтеріп, жылы қарым-қатынас орнатуға үлкен ықпал етті. Осындай сабақтар арқылы бүлдіршіндердің бойына жақсы қасиеттер сіңіп, олардың жан дүниесі байи түсетіні анық.
Э. Дармишева
«Балдырған» бөбекжай-бақшасының педагог-психологі





