Қазақстанның Ата заңының іргетасына тәуелсіздік ала салысымен 1991 жылы түрен салына бастады. Алайда мемлекеттің негізгі құқық негіздері екі жылдан кейін, 1993 жылы ғана қаланды. Ата Заңымыз 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданды. Ол 9 бөлімнен, 99 баптан тұрады. Конституция «Жалпы ережелер», «Адам және азамат», «Президент», «Парламент», «Үкімет», «конституциялық сот», «Соттар жəне сот төрелiгi. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уəкіл», «Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару», «Қорытынды және өтпелі ережелер» сынды бөлімдерден тұрады.
Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Құрылымы преамбуладан, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрды.
1993 жылғы Конституцияның негізінде еліміз парламенттік республика моделінде болса, 1995 жылы қабылданған Конституцияға 1998, 2007, 2011, 2017, 2019, 2022, 2023 жылдары бірқатар өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасы Конституциясындағы басты қағида халық билігі, заңның үстемдігі, азаматтардың теңдігі және халпы халықтың бірлігі болып табылады. Қасиетті тәуелсіздігімізді мәңгілік ету үшін жоғарыда аталған қастерлі ұстанымдардан айнымауымыз керек. Сонда ғана еліміздің жарқын болашаққа бет алған даму бағдары анық болады. Сонда ғана келешегіміз кемел, мемлекеттігіміз мәңгілік болмақ.
Мемлекетіміздің саяси тұрақтылығы, азаматтар арасындағы келісім, алыс-жақын шетелдермен байланыс мемлекеттің берік конституциялық негізінің арқасында қалыптасады. Конституциясы кемел ел — ертеңі ерен, болашағы жарқын ел екенін жоғарыда айттық. Демек Ата заңымыздың алдында әрбір азамат бірдей, Конституциямыз кез-келген Қазақстан азаматының арқа тірегі, сүйеніші.
Еліміз егемендік алғаннан бері жылдан-жылға тек ғана алдыға қадам басып келеді. Біздің елдің отыз жылға жуық уақытта жеткен жетістігі мен толағай табысына алыс-жақын шетел таңдай қаға тамсанады. Жас мемлекеттің мұншалық тез дамуына және ішкі-сыртқы саяси жағдайының осыншалық тұрақтылығына таңданбау қиын әрине. Осы жетістіктің бәрі кемел Конституциясымыздың арқасында екенін ешқашан естен шығармауымыз керек деп есептейміз.
Даурен Талипов,
Жетісу облысы әкімінің іс басқармасының басшы





