Талдықорған: +29°C
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Серілік – сана мен парасат биігі

Көшенің қос иығына күннің күрең көлеңкесі түсіп, сол бір сәтте жөңкіле өтіп бара жатқан халық арасынан біреу жолығып, жөн сұрасса, баяғының жоралғысы оянып сала береді. «Қай ауылдың баласысың? Қандай атадан тарайсың?» – деп шежіре тарқатылып, аталар желісін тізбектеп шығамыз. Бір қызығы, солардың қай-қайсысында да міндетті түрде бір атасы сері болған-мыс. Құс жүгіртіп, аң аулап, ат баптаған. Мерген болып, қыз қуған. Төрт қатын алып, бәйгеде аты озған. Содан кейін, не керек, ұрпағы бір иығын қисайта қылтаңдап, «мен серінің сарқытымын» деп масаттанады. Бірақ осының бәрі шын серіліктің үлгісі ме?

19.07.2025
КҮНДЕРЕК
Серілік – сана мен парасат биігі

kk.wikipedia.org

WhatsAppTelegramFacebook

Сері сөзі халқымыздың көшпелі мәдениетіндегі ең күрделі де кереқабыс, терең мағына жүктелген ұғымдардың бірі. Әдебиеттанушы Е. Ысмайылов оны арабтың «сейір» яғни «серуен, сайран салу» деген сөзінен туындаған деседі. Иә, шама келсе солай болар. Бірақ серілік құр серуеннен бөлек жалаң сән емес қой. Ел мен жердің, сөз бен өнердің шекпенін киіп, сол жауапкершілікті арқалаған ерекше сана иесінің сұлбасы. Сері серпілістің баламасы емес, сыр мен сымбаттың, сана мен парасаттың шыңы деп пайымдауға келетін сынды.

Сері болу сән қуып, сыланып жүргенмен бітпейді. Ол дәуірдің көкірегіне біткен бұлқыныс, заманның еңсесін көтеретін асқақ кейіпкер. Ақанды сері қылған оның әндері мен жырлары ғана емес, өмірінің жаралы, мұңлы трагедиясы, сергелдеңге толы шыншыл тағдыры. Балқадишаны іздеп, үмітін тұншықтырып, махаббаттан бақытсыздық тапқан жан өз заманын еңірей толғағаны үшін де сері бола алды. Қара өлеңге жанын байлап, қос ішекті домбыраға қайғысын үйіргені үшін де Ақан – сері. Әйтпесе, тұлпар баптап, сұлу сүйіп, сұңқар ұшыру қазақта көп болған. Бірақ бәрі бірдей сері атанбаған…

Ал Сәкенді (Сейфуллин) сері қылған оның сұлу сымбатынан бөлек, сұлу сөзге ғашық жан дүниесі. Сұлу сөйлеудің емес, сұлу өмір сүрудің үлгісін қалдырған тұлға. Қазіргі қоғам оны бүгінгі көзқараспен сан саққа жүгіртеді. Ал серілігі жайлы тіс жармайды…Бұл, әрине, өкінішті.

Сері деген еліне елең еткен, халқының қабағын сөзсіз таныған, өнердің өріне қыранша самғаған тұлға. Абайша айтқанда «ақырын жүріп, анық басатын», өзгеден гөрі өзін танитын, сөзден гөрі сырмен сөйлейтін жан. «Сегіз қырлы, бір сырлы» болуға тырыспай, жай ғана шын болуға ұмтылған ғана нағыз сері шығар.

Қазіргі таңда «сегіз қырлы» деген сөздің өзі арзан естілетін болып жүр. Себебі сөздің қадірі кетті, артық сөйлегеннің аты озған заман туды. Мөңке би айтқандай «сөздің маңызы кетіп самалы қалған» уақыт. Сондықтан аталарымыз серілікті сөздің шешендігінен ғана емес, ойдың салмағынан іздеген.

Сері сән қуушы десек қателесеміз, ол салауатты болмыс. Махаббатты сұлудың қойнынан емес, жүректің тереңінен іздейтін жан. Құсбегілік пен атбегілік оның бір ғана қыры. Ал шын мәнінде ұлттың ұлы мұратын арқалаған, өнер мен өмірдің қос шылбырын тең ұстаған сана иесі.

Алаштың асыл перзенті Ақселеу Сейдімбек серілік хақында: «Бұл заманда сері боламын дегенмен, ешкім бола алмайды. Сал-серілік – қоғамдағы әлеуметтік тип. Ол заман өтіп кеткен. Қазір сері боламын десең, мазаққа айналасың» – дегені бар. Рас. Қазіргі күнде сері болудың өзі әуелі күлкіге, сосын күмәнға айналған.

Ақселеудің өзі: «Мен жасаған шақша, білезік, домбыра – менің өскен ортамның қажеттілігі болды. Ал бүгінгі жасап жүргенім солардан қалған жұқана ғой» дейді. Ол серілікке ұмтылмай, тіршілігінің тынысынан туындаған табиғи қалыпты ғана ұстанды. Соның өзі бүгінгі жұртқа серілік болып көрінді. Өйткені, қазіргі адам қолдан жасаған зергерлік hәм қолөнерге құмар.

Қазір «серімін» деген көп, бірақ шын сері жоқ. Себебі серілік – қоғамда тіршілік кешетін адамның ғана емес, ұлттың тұтас болмысына қатысты ұғым еді. Көшпелі кеңістіктің сәні, дала философиясының бір бейнесі болған серілікке жүйрік атпен қоса жүйрік ойды да танитын көз, қос ішекпен бірге қос ғаламды да шертетін сыр керек еді.

Солардың бәрі кеткен. Қазір жүйріктен жабы көп. Қыран құсынан гөрі торға түскен тұлып көп. Тәрбиелі қыз сиреп, сән қуған сұлба көбейген. Сол сияқты сері – көңілдің кеңістігі еді. Жақсы сөздің жалқы иесі, ұлы өнердің үнсіз ұстазы еді. Ол тек өткен дәуірдің көркем көлеңкесінде қалды. Енді оны тірілту қиын-ау. Тек естелік қыла аламыз. Еліктемеу керек. Өйткені шын серілік еліктеу емес, елге еру еді. Қабдештің (Жұмаділов) «Соңғы көшіндей» көшіп кеткен.

Ағылшындар айтады: «And a brand mark instead of beaty» деп. «Сұлулық орнын құндылықтың таңбасы басады» дегені ғой. Ал серіліктің орнын не басады екен?.. Оны уақыт көрсетер… 

 

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қоршаған ортаға жауапкершілік артуда

Қоршаған ортаға жауапкершілік артуда

29.08.2026
Қарты бар ел – қазыналы

Қарты бар ел – қазыналы

29.08.2026
«Таза жағалау» акциясына қосылыңыз!

«Таза жағалау» акциясына қосылыңыз!

29.08.2026
Қауіпсіздік –  ортақ жауапкершілік

Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік

29.08.2026
Азия чемпиондарын қабылдады

Азия чемпиондарын қабылдады

29.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.