Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда өрттен тұтас бір отбасын құтқарған жедел жәрдем бригадасы марапатталды

24 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісуда өрттен тұтас бір отбасын құтқарған жедел жәрдем бригадасы марапатталды
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев Ескелді ауданындағы өрт шыққан үйден 7 адамды құтқарған медицина мамандарын қабылдап, облыс әкімінің атынан марапат тапсырды. Кездесуге облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Садықов пен облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының директоры Савелий Пак қатысты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімдігіне арнайы қабылдауға Ескелді ауданының №6/6 жедел жәрдем бригадасының құрамында жұмыс істейтін фельдшерлер Ғабит Ерғаж пен Дамира Рахимова, жүргізуші Мұрат Сатеков келді.

Жеті адамды өрт шыққан үйден алып шыққан батылдықтарыңыз қандай құрметке де лайық. Сіздер жедел әрекет ету арқылы үлкен апатты жағдайдың алдын алып, тұтас бір отбасының өмірін сақтап қалдыңыздар. Бұл ерлікке тең іс деп білеміз. Осы оқиғаға байланысты облыс әкімі Бейбіт Исабаев сіздерге өзінің алғысын жеткізіп, марапаттауды маған тапсырған болатын. Бүгін сол аманатты өздеріңізге жеткізіп отырмын. Сіздерді мақтан тұтамыз, — деген Марлен Көлбаев жедел жәрдем қызметкерлеріне облыс әкімінің Алғыс хатын және бағалы сыйлықтар табыстады, сол сияқты Жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы тарапынан сыйақы беру мәселесі шешілгенін де  жеткізді.

Фельдшер Ғабит Ерғаж оқиғаның қалай болғанын қысқаша баяндап, бұл істі ерлік емес, адамгершілік міндет деп қабылдағандарын айтты:

Шақыртумен Жетісу ауылына барып, енді жұмысқа қайту үшін Қарабұлаққа қарай бұрылмақшы едік, жолдың Текеліге баратын оң жақ бағытында түтін шығып жатқандай болды. Оны алдымен көлік жүргізушісі байқады. Сосын бұрылып, көрейік дедік. Себебі сол жерде оқшау бір үй бар екенін бұрыннан білетінбіз, өйткені сол үйдегі үлкен қарт кісінің созылмалы ауру бар еді де, шақыртумен жиі баратынбыз. Расында сол үйден өрт шығып жатыр екен. Ұйықтап жатқан үй иелерін оятып, құжаттарын жылдам жинастырып, 7 адамды түгендеп үйден алып шықтық, — дейді фельдшер.

Ғабит Ерғаждың Жедел жәрдем қызметінде жұмыс істеп жүргеніне 8 жыл толыпты. Ал Дамира Рахимованың Талдықорған медициналық колледжін бітіріп, «Жастар практикасы» бағдарламасымен Жедел жәрдем станциясына тәжірибеден өтіп жүргеніне небары үш күн болған. Ол: «Жанымда осындай тәжірибелі, өз ісінің шебері, батыл азаматтардың болғанына қуандым. Олардан үйренерім көп. Бұл оқиға маған үлкен өмірлік тәжірибе болды», — дейді. Ал Мұрат Сатековтың Жедел жәрдем көлігін жүргізудегі жұмыс өтілі – 16 жыл.

Кездесуге қатысқан Жетісу облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету станциясының директоры Савелий Пактың айтуынша, Жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері алғашқы медициналық көмек көрсету, санитарлық автокөлік ішіндегі құрылғыларды қосу, жұмыс істету сияқты шараларды меңгеріп, арнайы сертификат алған. Сондықтан жүргізушілер де толыққанды алғашқы медициналық көмек көрсете алады. Жалпы станциядағы Симуляциялық орталықтың жұмысы медицина мамандарының біліктілігін арттыруға көп көмек жасап отыр.

Кездесу соңында облыс әкімінің орынбасары Жедел жәрдем бригадасына тағы бір мәрте алғысын білдіріп, алдағы еңбектеріне табыс тіледі.

Қатысты жаңалықтар

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.