Талдықорған: +18°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Шар мен ки шеберлігінің сыры: Бильярдтың пайдасы мен философиясы

Бильярд – зияткерлік пен дәлдікті ұштастыратын ерекше ойын түрі. Оның тарихы бірнеше ғасырдан бастау алады. Алғашқы бильярд ойындары XV ғасырда Францияда немесе Англияда пайда болды деген деректер бар. Уақыт өте келе бұл ойын түрлі елдерде кең тарап, әр халық өз ерекшелігіне сай дамытып, бүгінгі классикалық, пул, снукер, карамболь сынды түрлерге бөлінді.

24.07.2025
КҮЛТӨБЕ
Шар мен ки шеберлігінің сыры: Бильярдтың пайдасы мен философиясы

Мақпал Әділханқызы

WhatsAppTelegramFacebook

Бильярд үстелі, шарлар, ки (таяқша), борттар – барлығы дәлдікпен есептеліп жасалатын құралдар. Әр шардың салмағы, көлемі, үстелдің ұзындығы мен биіктігі ойынның сапасына тікелей әсер етеді. Бұл ойын жеңіл көрінгенімен, әр соққыда математикалық есеп, көз мөлшерінің дәлдігі мен стратегиялық ойлау қабілеті қажет. Сондықтан бильярд – тек ойын емес, нағыз тактикалық шайқас.

Бұл ойын түрінің пайдасы тек көңіл көтерумен шектелмейді. Ең алдымен, бұл ойын адамның ойлау қабілетін жақсартады. Әр қозғалысты есептеу, әр соққыны алдын ала болжау – логикалық ойлауды күшейтеді. Сонымен қатар, бильярд жүйке жүйесін тыныштандырып, сабыр мен зейінді арттырады. Көптеген психолог мамандар бильярдпен айналысуды күйзелісті жеңудің бір жолы ретінде ұсынады. Әсіресе жұмыстан шаршаған адам үшін бильярд ойнау — пайдалы әрі тынықтыратын іс.

Дене қозғалысын қажет етпейді деп ойлау — қате түсінік. Бильярд ойнау барысында адам үнемі еңкейіп, әртүрлі қалыпта тұрып, шарды көздеп, денесін теңгеріп отырады. Бұл – буындар мен бұлшықеттерге жеңіл жаттығу іспетті. Сонымен қатар, көздің жаттығуы мен қолдың дәлдігі де артады. Мұндай жаттығулар көздің көруін, дененің үйлесімділігін жақсартады. Сол себепті көптеген кәсіби бильярдшылар жаттығу кезінде спортшылар секілді режим ұстайды.

Тастаяқ – қарым-қатынас құралы. Көп жағдайда достар немесе әріптестер осы ойын үстінде емен-жарқын әңгіме құрып, бір-бірін жақын тани түседі. Бұл тұрғыдан алғанда, бильярд адамдар арасындағы байланыстарды нығайтатын, орта қалыптастыратын құралға айналған. Кейбір елдерде тіпті келіссөздер немесе іскерлік кездесулер бейресми жағдайда бильярд үстелінде өтеді. Мұндай ортада адамдар ашыла түсіп, еркін сөйлеседі.

Бүгінде бильярд – халықаралық деңгейде дамыған спорт түрі. Әлем чемпионаттары, түрлі кубоктар, кәсіби лигалар ұйымдастырылады. Қазақстанда да бильярдқа қызығушылық жоғары. Әсіресе, орыс бильярды ел ішінде кең тараған. Жергілікті спортшылар халықаралық жарыстарда жүлдегер атанып, ел намысын абыроймен қорғап жүр. Сонымен қатар, еліміздің көптеген аймақтарында бильярд клубтары, секциялары ашылып, жастарды тарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл спорт түрінің дамуына қосылған үлес.

Қорыта айтқанда, бильярд – тек көңіл көтерудің ғана емес, жан мен тән саулығына, адамның зейіні мен тәртібіне ықпал ететін ерекше ойын. Ол адамның бойындағы шыдамдылықты, есепке бейімділікті, сабыр мен байсалдылықты дамытады. Әлемде миллиондаған адамды баурап алған бильярд – уақыттың өзі дәлелдеген, өмірдің түрлі саласына ықпалы бар мәдени және спорттық құндылық.

Мақпал Әділханқызы

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.