Қытайлық сейсмологтар Қытай мен көршілес өңірлерде жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Бейжіңдегі жер сілкінісін зерттеу агенттігінің ғалымдары алдағы жылдары бұл өңірде магнитудасы 8,0 балға дейін жететін күшті зілзала тіркелуі ықтимал екенін мәлімдеді.
Сейсмологтар 1879 жылдан бастап жиналған деректерді сараптай келе, аймақта жаңа сейсмикалық белсенді кезеңнің қалыптасып жатқанын айтады.
Естеріңізде болса, биыл наурыз айының соңында Мьянмада 7,7 балдық жер сілкінісі орын алған болатын. Бұл апат салдарынан 3 400-ден астам адам қаза тауып, елде төтенше жағдай жарияланған еді.
Фото: newsapi.com.au





