Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Ветеринария – адамзатты емдейді

Қазақ саулық сұрасқанда ең бірінші «Мал-жан аман ба?» дейді. Себебі, мал – халықтың тұрмыс-тіршілігі, күнкөріс көзі. Асырап отырған малының саулығы ол отбасының ғана емес, бүкіл халықтың саулығының негізі. Малдың әртүрлі қауіпті кеселге шалдықпауын, олардан алынатын өнімдердің адам денсаулығына зиян келтірмеуін қамтамасыз ету бағытында тынымсыз еңбек ететін ветеринар мамандар осы саланың ақсамауына, қауіпті ауру түрлерінің тарамауына, мал өнімдерінің таза болуы жолында жауапты жұмыс жүргізеді. Осы орайда облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұрлан Жамаубаевпен болған сұхбат барысында салаға қатысты көптеген мәселені қамтуға тырыстық.

29.07.2025
ЖАНСАРАЙ
Ветеринария – адамзатты емдейді

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

– Ветеринар мамандарына жүктелген міндет көп. Соның бірі – өңірімізде аса қауіпті мал ауруларымен күрес. Жалпы, облыста аса қауіпті мал аурулары тіркелген бе? Оның алдын алу жұмыстары қалай жүріп жатыр? Ветеринар мамандар жеткілікті ме?

– Мемлекеттік бағдарламаларының орындалуы ветеринарлық қызмет көрсету сапасын жақсартуға, мал ауруларының азаюына тікелей байланысты екені түсінікті. Облыста мал ауруындағы тұрақтылықты сақтау жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметіне тиесілі. Біздің басқарма мен жергілікті жерлердегі ветеринария қызметтері облыс аумағында малдың аса қауіпті жұқпалы және эпизоотиялық аурулардың алдын алу мен диагностикалау бойынша жоспарлы жұмыстар атқарып жатыр. Облыс көлемінде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау үшін аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруға қарсы бөлінген ветеринариялық препараттар толық жеткізіліп, алдын ала егу жұмыстары бойынша 13 283 879 мал басына екпе жасалады. Нәтижесінде 7 айлық жоспардың 85,5 пайызы орындалды. Облыс бойынша аса қауіпті аурулардың ошағы тіркелмеген. Ал былтыр екі құтыру және екі бруцеллез аурулары орын алған. Ол малдарға республикалық отрядтан карантин ашылып, аурудың көзі жойылды. Қаратал ауданында тіркелген құтырма ауру кезінде маңайындағы малдар тексеріліп, вакцина салып, ауруың алдын алдық. Лабороториялық сараптама оң нәтиже берген соң карантин аяқталады. 2023 жылы қауіпті аурулардың әр түрінен 15 ошақ тіркелген. Қазіргі таңда аудандық, қалалық ветеринариялық стансылардың жұмысы күнделікті бақылауда. Облыс аумағында эпизоотиялық ахуал тұрақты.

Мемлекет басшысының, облыс әкімінің қолдауымен бұл салаға ерекше көңіл бөлінуде. Өзге облыстармен салыстырғанда біздің өңір алдыңғы қатарда. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша материалдық-техникалық базамыз жаңартылып, ветеринария қызметінің мамандарына жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалды. 3 жылда 72 ветеринариялық пункт салынып, 73 арнайы автокөлік, компьютер, планшет, желдеткіш, тоңазытқыш, кір жуатын машина және басқа да қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Оған қоса сала мамандарының жалақысы да өсті. Мәселен, ветеринар дәрігер 327 мың теңге, фельдшер 234 мың теңге, санитар 207 мың теңге айлық алады. Болашақта тағы 16 ветеринариялық пункт салсақ, облыс аумағын толықтай қамтимыз. Білікті де білімді мамандар халыққа қызмет көрсетуде. Әр ауданда вединспекция органы бар. Солар өздеріне жауапты аумақтағы мәселелерді қадағалап, мониторинг жұмысын жүргізеді. Қағазбастылықтан арылып, электронды нұсқада жұмыс істеу керек десе де біз ескі тәсілді біржола ысырып тастай алмадық. Мәселен, күні бүгінге дейін жұмыс дәптерін қолданамыз. Ведстансының мөрі басылған алақандай ғана қағаз біздің нақты жұмысымызды көрсетуде көп пайдасын тигізеді. Малды егуге барған маман бұл қағазды шаруа иесіне ұсынып, нақты вакцина салынатынынан хабар береді. Бұл құжатқа шаруа басшылығы қол қойып, егілген мал бірден базаға тіркеледі. Бүгінгі таңда базаға облыс аумағындағы 3 миллион 34 мыңға жуық мал тіркелген. Былтырмен салыстырғанда нәтиже көңіл қуантады. Өткен жылы 2 миллион 900 бас болса, биыл ол көрсеткіш 4 пайызға артты.

– Аусыл ауруы облыста тіркелген бе? Көктемде салынатын вакцина неге салынбады? Не кедергі?

– Аусыл – малдың аузының эпизоотикалық қабынуы. Аусылмен қой, ешкі, сиыр, доңыз секілді үй және жабайы жануарлар ауырады. Олардың аузынан тамған сілекей арқылы кесел адамдарға жұғады. Ауру малдан адамға оны күтіп-ұстауда, емдеуде тұрмыстық жолмен таралады. Бұл өте жұқпалы ауру. Қауіпті дерт облыс аумағында тіркелмеді. Тіркелмей-ақ қойғаны жақсы. Соңғы 5 жылда мұндай ауруға шалдыққан мал болған жоқ. Аусыл кең жайылған індет ретінде жылдың әр мезгілінде, оның ішінде күздің аяғы, қыстың басында жиірек байқалады. Бұл аурудың алдын алу үшін уақытында вакцинациялау қажет. Әдетте індет 5-8 жылда, кей жерлерде 2-3 жылда қайталанады. Егер соңғы 5 жылда аталған індет тіркелмесе вакцина алып тасталынады. Бірақ біз вакцина салудың нәтижесінде ғана аурудың алдын алып отырмыз. Егер вакцина қолымызға тисе бірден бұл іске кірісеміз. Бүгінгі таңда 148 мың доза біздің облысқа келуі керек. Оның 13 мың 890 ірі қара малға, 133 мың 385 дозасы ұсақ мүйізді малға және 240 доза шошқаға салынады. Бақылау және қадағалау комитетіне облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың, облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаевтың атынан министрлікке, аумақтық комитет вединспекциясының басшысына бірнеше мәрте хат жолдап, сұраныс жасадық. Олардың айтуынша, тендер ойнау, баға ұсыну, бағаның тұрақтанбауы сынды кішкене кедергілер вакцинаның кеш келуіне әсер еткен. Қазіргі таңда вакцина еліміздің биокомбинатына келген. Енді заңдылықтарға сүйене отырып, рәсімдеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл облыстық әкімдіктің болмаса біздің қолымызда тұрған шаруа емес. Аталған вакцинаны еліміздің барлық өңірі күтіп отыр. 3 валентті АО «Азия – 1» вакцинасы Ресейдің «Щелковский Биокомбинатынан» шығарылады.

– Экспортқа шығарылатын үй жануарлары арнайы тексеруден өтетін болар?

– Әлбетте, ол міндетті түрде іске асырылады. Экспортқа шығатын малдар ветеринарлық талаптардан өтуі керек. Оларды әуелі карантинге қоямыз, онда бруцеллез, туберкулез және басқа да аса қауіпті ауруларының бар-жоғы анықталады. Клиникалық және лабороториялық зерттеулер жүргізіледі. Аурулардан таза, сау мал екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана барып, экспортқа шығарылады. Бұл жағынан қателікке жол беруге болмайды. Егер ертең шет мемлекетке барып, ауру анықталып жатса, оның арты үлкен халықаралық дауға ұласуы мүмкін. Ондай жағдай орын алса мемлекетімізге, Жетісу өңірінің беделіне қатты нұсқан келеді. Аталған жұмыстарды атқарушы орган инспекция қадағалайды. Бізден малдың уақытылы вакцина алып, алмағаны туралы анықтама қағазы беріледі. «Таза, барлық талапқа сай» деген сертификатты инспекция мамандары береді.

– Облыс аумағында малды бірдейлендіру шаралары қалай жүзеге асуда?

– Бірдейлендіру – ветеринарияның негізгі әліппесі деуге болады. Мал иелерінің міндеттері – қолдарындағы малға уақытылы вакцина еккізу, диагностикалық тексерту жүргізу және бірдейлендіру. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру іс-шараларды жүргізу» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен биыл 95,9 миллион қаржы бөлінді. 2025 жылға бекітілген жоспар бойынша 898 491 бас ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру жоспарланған. Құлақ сырғаларын сатып алу үшін биыл республикалық бюджеттен 104,52 миллион теңге қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда облыс бойынша ИСЖ-да 36 432 мал иесі тіркелген. Оның ішінде бүгінгі күнге 36 406 мал иесі «Tort Tulik» мобильді қосымшасын жүктеп, қолданып жүр. Заңда көрсетілген талаптарға сай жылқы малына таңба, ал басқа малға сырға салынуы тиіс. Таңба, сырға салынған жануарлар ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорының базасына тіркеледі.

Әр ауылдық округтегі ветпунктте мал санының аздығына байланысты 4 адам, мал санының көптігіне байланысты 9 адам қызмет көрсетеді. Ауыл шаруашылық жерін пайдалану үшін міндетті түрде мал саны аса маңызды. Сондықтан шаруалар ең бірінші малдарын бірдейлендіреді. Тіпті қазір ит, мысықты да тіркеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Егер тіркелмеген жағдайда үй жануарлары қаңғыбас санатына кірсе 10 айлық есептік көрсеткішпен айыппұл төлейді.

– Өңірдегі мал сою орындары, мал қорымдары талапқа сай ма?

– Облыс аумағында нақты 28 мал сою орны бар. Оның 18-і алаң, 10-ы ветеринарлық пункт. Ветеринариялық пунктте мал сойылғаннан кейін бірден сараптамадан өтіп, лабороториялық қорытынды алынады. Ал алаңда сойылған мал міндетті түрде лабороторияға жіберіледі. Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі веб-порталы арқылы жыл басынан берілген ветеринариялық анықтамалар саны 34 мың 535 данаға жетті. Мал сою алаңдарында 17 543 бас ауыл шаруашылығы жануарлары сойылған.

Өңірде 71 типтік мал қорымы бар. Оның 32 мал қорымы жергілікті әкімшілік теңгерімінде. Қалған 39 қорымның құжаттары заңдастырылмаған. 10 мал қорымы талаптарға сай, 61 қорым талапқа сай емес ал бесеуі пайдалануға мүлде жарамсыз. Мал қорымдарын күтіп-ұстауға, жөндеуге 17,2 миллион теңге бөлінді. Енді біз облыс аумағына өлексе тастайтын қорымдарды салуды қолға алудамыз. Мал қорымдары болмай тазалық болмайтыны анық. Ол қорым болмаса адамдар өлексені қатты қалдықтар тастайтын қоқыс полигонына апарып тастайды. Егер сондай жағдай тіркелсе ит-құс өлексені жеп, ауруды қоздырады. Біз соңғы 2 жылда облыс әкімінің қолдауымен жылжымалы кранды манипуляторлы автоинсинератор «КамАЗ» алдық. Ол 1,5 сағаттың ішінде 1,5 тоннаны өртейді. Дәл мұндай құрылғы өзге облыста жоқ. 85 миллион тұратын «КамАЗ» қазір облыстың Алакөл және Панфилов аудандарында қызмет көрсетуде. Болашақта 47 мал қорымын салу жоспарымызда бар.

– Қаңғыбас иттерді аулауға қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Бірақ осы мәселеде тұрғындар тарапынан наразылықтар туындап жатады. Себебі неде?

– Ауыл тұрғындарынан көп шағым түсетіні рас. Бірақ наразылық білдірушілерге таңым бар. Бұл иттер қаңғыбас иттер емес. Ол ауыл тұрғындарының иті емес пе? Дана халқымыз бұрын «итің жаман десе өлгенім-ай» дейтін. Қазір бұл тәмсілмен келісетіндер қатары азайған. ҚР 2021 жылғы 30 желтоқсанындағы №97 «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді іске асыру бойынша ағымдағы жылы бекітілген 5 бағдарламаны орындау үшін облыстық бюджеттен 180, 2 миллион теңге қаржы бөлінген. Қазір аталған заң бойынша итті атуға болмайды. Тек аулау, ұстау, асырау керек. Жыл басынан бері аудан, қала ветеринариялық стансыларымен қаңғыбас ит, мысықтарды аулау және жансыздандыру жұмыстары бойынша 5 383 ит ауланды. Олардың ең көбі Талдықорған, Текелі қалалары мен Панфилов ауданының иттері. Мамандар аулаған ит-мысықтардың қабаған я жуас екенін анықтап, вакцина салып, кастрация, стерилизация жасап қай жерден аулады тура сол жерге апарып жібереді. Жуас ит болса, құлағына сырға салады. Қабағаны болса заңға сәйкес амал жасайды. Заң солай. Бірақ бұл істен «қаңғыбас иттердің саны кемиді» деу жаңсақ пікір. Керісінше ит агрессия танытып адамға, малға шабады. Қазір біздің мамандардың қолынан шыққан иттер ауылдың сыртын торауылдап жүр.

Егер иесі үйде ұстап отырған ит болатын болса жылына 4 рет оның ағзасын тазалап, нәжісін алып, өртеу жолымен дезинфекция жасау керек. Ал бұл әдіс қаңғыбас иттерге жылына 8 рет жасалынуы тиіс. Бірақ бұл жұмыс жоғары деңгейде жүзеге асып жатпағаны белгілі. Ел бойынша осы жұмыстар жүргізілуде. Ит жылына бірнеше мәрте күшіктейді. Ауламасақ тез көбейеді. Балаларымыз әуесқойлықпен асырайды. Оларды азықтандыруға, күтім жасауға мүмкіндіктері болмайды да апарып қоқыс төгетін жерге, қоғамдық орындарға тастап кетеді. Олар аш болғаннан кейін адамға шабуылдайды. Зақым келтіреді, ауру тудырады. 2025 жылы денсаулық сақтау мекемелерінен 549 адамды тістеу, тырнау фактілері тіркелген. Мысалы, ит бір нәжісінен 1200 лечинка түсіреді. Нәжіс түскен жерді абайсызда аяқпен басып үйге кірсе немесе жуылмаған жеміс-жидекті ойнап жүрген бала жеп қойса бірден ауру тарайды. Жыл басынан бері экинококкоз ауруымен 12, дерматомикозбен 33, туберкулезмен 21 және дерматофитиямен 3, микроспориямен 8, бруцеллезбен 24 адам ауырған. Мұның ең қауіптісі эхинококкоз.

1 итті стерилизация, кастрация жасау үшін 7000 мың теңгеден аса қаражат кетеді. Иттердің стериолизация-кастрация жасап қайта ортаға жіберу үлкен қателік. Бұл мәселеден шығатын жол емес. Біз аулаған итті 4-5 күн ұстап, иесін тауып, хабарласып, қайтаруымыз керек. Ал иесіз иттерге басқа амалын тапқан жөн. Парламент төрағасына, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Анас Баққожаевқа заңға өзгеріс енгізуге қатысты ұсыныс-тілегімді жеткізгенмін. Ол депутаттық сауал қойған. Бірақ нәтиже болмады. Себебі, әлемдік стандартқа сай жан-жануарға мейірімділікпен қарау міндетті. Ал қаңғыбас иттердің кесірінен адамдардың зардап шегуі әсте көбін ойландырмаса керек. Мұндай олқылықтың орнын толтыру мақсатында иттерге питомник салу керек деген ұсыныс та түскен. Бірақ бұл да қаңғыбас иттердің санын азайтпайды. Қазір облыс аумағындағы әр ветеринарлық стансыда иттерге арналған 30-дан аса ұяшық бар. Десе де тұрғындар өздерінің иттеріне жауапкершілікпен қараса деймін.

– Ауыл тұрғындары ветеринармен сыбайластық орната ала ма?

– Сыбайластыққа қазір жол жоқ. Ветеринариялық пункттердің меңгерушілері мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты ветеринариялық анықтамалар, қорытындылар береді. Өтініштер жазбаша түрде беріледі. Ол жерде барлығы бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүргізіліп отырады. Компьютерлік базаға енгізіледі. Осы уақытқа дейін сыбайластық фактілері орын алмағанын атап өткім келеді. Қазір ауру малға анықтама берілмейді. Егер мал ауырған жағдайда иесімен бірге барып, сойылады. Мұны инспекция қатаң қадағалайды. Сондықтан сыбайласу көріністері орын алмайды.

– Сұхбатыңызға рахмет.

– Әңгімелескен Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026
Жерасты суын пайдалану ережесі: Құдық қазу үшін рұқсат керек пе?

Жерасты суын пайдалану ережесі: Құдық қазу үшін рұқсат керек пе?

29.01.2026
«Лукойл» активтерін АҚШ компаниясына сатып, Қазақстандағы үлесін сақтап қалмақ

«Лукойл» активтерін АҚШ компаниясына сатып, Қазақстандағы үлесін сақтап қалмақ

29.01.2026
Су пайдалану лимиттері, су қоймаларының құрылысы, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау: Қанат Бозымбаев Жетісу облысына барды

Су пайдалану лимиттері, су қоймаларының құрылысы, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау: Қанат Бозымбаев Жетісу облысына барды

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.