Талдықорған: 0°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Құлагер

«Құлагер» – жай ғана поэма емес. Бұл бүкіл Ұлы Даланы, тау мен өзенді, орман мен көлді қамтитын тарихи туынды. Поэмада көптеген кейіпкер – барлық рулар мен әлеуметтік топтардың өкілдері бар. Сонымен қатар, халықтың тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті, өнері, психологиясы туралы мәліметтермен толыққан.

29.07.2025
РУХАНИЯТ
Құлагер
WhatsAppTelegramFacebook

Бұл поэма – ақынның ең шырайлы шығармаларының бірі. Ілиястың толысып, кемеліне келген шағында жазған дүниесі. Ақынды заманның әділетсіздігіне төзе алмай, соңында дәрменсіз қалған Ақан серінің сұрапыл өмірі қызықтыра түседі. «Тұсымда сері болсын, пері болсын, ұнайды өмірімен Ақан маған» деп Ақанға деген ілтипатын ашық айтады.

Ақан ХХ ғасырдың бас кезіңде дүние салған. Ол Құлагердей жүйрік, тұла бойын өнер кернеген, арманда кеткен адам. Ақанның жан серігі әрі қуанышы болған, Ілиястың өз сөзімен айтқанда:

Жары да, жолдасы да, тек біреу-ақ,
Онысы астындағы жалғаз аты.

Тұлпардың трагедиясымен Ақан өмірін тұжырымдауға болады. Өйткені жалғыз қалған жан серігі Құлагер өлгеннен кейін серінің өмірі де суала бастайды, өмірдің барлық құбылысынан жеріген ол өмір азабын тарта жүріп дүниеден озады.

Ілияс бұл поэмасында Ақан бойынан замана, өмір туралы көкірегі қарс айырылып, аһ ұрып зарланып, жалғыздықтың тақсіретін тартып, өткен ақындар – Лермонтов, Пушкинмен де арасы ұқсас, бір жақындық табады. Ақан серінің де, Лермонтов пен Пушкиннің де өз ортасында көңілі толмаған жандар екендігіне назар аударады. Серінің басынан өткен оқиғалары сол кездегі заман сырларын ашып берерліктей шығармаға дайын сюжет сияқты еді. Өйткені серінің өмірі сол заманның қыртысы көп күңгірт жағын анық байқататын, оның таргедиясы тар заманда жапа шеккен халық трагедиясы.

Поэма тұңғыш рет 1936 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінің бірнеше санында жарық көрген. Аласапыран заманның құрбаны болған ақынымыздың «Құлагері» жарияланған «Социалистік Қазақстан» газетін марқұм Сапарғали Бегалин қиын-қыстау кезеңде 20 жыл бойы жастығының ішінде жасырып келіпті. Сол сақталған алтын қазына музей қорындағы құнды экспонаттың бірі. Поэма ақын ақталғаннан кейін, 1957 жылы «Жұлдыз» журналының бірнеше санына жарияланып, шығармалар жинағына еніп келеді.

Музейімізде І. Жансүгіровтің 1936 жылы жазылған «Құлагер» поэмасына арналып, 2011 жылы жасалған «Құлагердің опат болуы» атты диорамасы қойылған. Авторы, жергілікті суретші – Ерғали Абдрасилов. Бұдан бөлек, 2016 жылы германиялық аудармашы Герт Хайденрайх поэманы неміс тіліне аударып, «Ал енді ақиқатын айтсам, мен «Құлагерді» қазақтардан қатты қызғандым. Өйткені, ол Шекспир шедеврлері деңгейінде шебер жазылған дүние» деп жоғары бағасын берген. Сонымен қатар, музей қорында «Құлагер» поэмасының ағылшын, орыс тіліне аударылған нұсқалары да бар. Тағы бір жағымды жаңалық, Германияның «Büchergilde» баспасынан шыққан «Das Lied von Kulager» поэмасын жексенбі сайын автор тыңдарманның құлақ құрышын қандырғандай қоңыр дауысымен «Бавария» радиосынан оқиды екен. Бұл дегеніміз, әлем «Құлагерді» танып жатыр деуге толық негіз болады.
«Құлагер» поэмасы – қазақтың дарынды әншісі Ақан сері өмірінің трагедиялық тұсын шынайы суреттеу арқылы сол кезеңдегі замана шындығын, рухани дағдарысқа ұшыраған адамдар бейнесін толық аша білген ауқымды туынды. Осындай шығарманың туындауына себепкер болған поэзия Құлагері ақын Ілияс Жансүгіровті халық ешқашан да ұмытпақ емес.

Аида ҚҰНАНБАЙҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.