Талдықорған: +29°C
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Биыл Алакөл ауданындағы он елді мекеннің 24 көшесі жөнделеді

30.07.2025
КҮНДЕРЕК
Биыл Алакөл ауданындағы он елді мекеннің 24 көшесі жөнделеді
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен жылдары республикалық маңызы бар «Талдықорған-Үшарал», «Үшарал-Достық» автомобиль жолдары қайта жаңғыртудан өткізіліп, ел игілігіне қолданысқа берілген болатын. Ендігі кезекте ауданның облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары кезең-кезеңімен жөнделеді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Алакөл ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде айтылды.

Облыс әкімі кездесу барысында аудандағы инфрақұрылымды дамыту туралы тұрғындарға кеңінен айтып берді.

– Ауылдық жерлердегі жолдың жағдайы – халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселенің бірі. Сондықтан биыл ауданның жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға 3,6 млрд. теңге қарастырылып отыр. Оның ішінде облыстық маңызы бар Қабанбай-Тоқжайлау, Қабанбай-Лепсі бағытындағы автомобиль жолдарында асфальт жамылғыларын кесу, су өткізу құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстардың қарқынын арттыру керек. Биыл күзде құрылыс жұмыстары аяқталады. Облыстың автомобиль жолдары басқармасы жол құрылысын уақытылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз етуі тиіс, – деді Бейбіт Исабаев.

Өңір басшысының сөзіне сүйенсек, Жамбыл ауылына кіреберіс, Арқарлы ауылына дейінгі автожолдар да жөнделеді. Он елді мекеннің 24 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде Үшарал, Бұдыр, Қазақстан, Балапанов, Қабанбай, Архарлы, Жыланды, Қамысқала ауылдарында жөндеу жұмыстары бітті, қалған Қайнар, Жанама ауылдарындағы жөндеу жұмыстары қарашада аяқталады.

Ауыз су мәселесіне келсек, аудандағы 56 елді мекеннің 48-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Ал Қоңыр ауылы ауыз суға биыл қосылады. Қалған 7 ауылда көп дегенде 20-дан астам үй ғана тұратындықтан, оларды орталық су жүйесін тарту экономикалық жағынан тиімсіз болып отыр.

– Өткен жылы ауыз су сапасын жақсарту үшін Бибақан ауылы орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосылып, Теректі, Көктұма, Екпінді ауылдарында қайта жаңғырту жүргізілген болатын. Сондай-ақ Тоқжайлау ауылында осындай желінің құрылысы аяқталды, қазіргі уақытта іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Өздеріңіздің өтініштеріңіз бойынша Бұлақты ауылында су желілерін қайта жаңғыртуға құжаттар әзірленіп, сараптамадан өткізілді. Келесі жылға республикалық бюджетке өтінім берілді, – деді ауыз мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталған облыс әкімі.

Сол сияқты тұрғындар тарапынан орталық жылумен қамтамасыз ету мәселесі бірнеше рет көтерілгені ескеріліп, Үшарал қаласында орталық қазандықты қайта жаңғырту жобасы іске асырыла бастады. Қажетті қаражат толығымен бөлінді. Бүгінгі күні  жұмыстар 80%-ға орындалған. Нысан жылыту маусымына дейін іске қосылады.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Бір сахнада – екі мәдениет, бір жүректе – жалғыз Отан

Бір сахнада – екі мәдениет, бір жүректе – жалғыз Отан

30.08.2026
Табиғаты тамсандырған

Табиғаты тамсандырған

30.08.2026
Ұлттық құрама Талдықорғанда

Ұлттық құрама Талдықорғанда

30.08.2026
Англия алаңындағы алғашқы қазақ

Англия алаңындағы алғашқы қазақ

30.08.2026
Шыбық умен емес, сумен өссін

Шыбық умен емес, сумен өссін

30.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.