Облыстың бас имамы Керімбек Дәуітовтың айтуынша, жалпы қайырымдылық сауабы ең мол қайырлы істердің бірі. Діни басқарманың «Ел үлесі пәтерге» жобасы жолға қойылғанан бері өңірдегі көптеген мұқтаж жандардың қиыншылығы шешіліп, үйлі болуына жол ашылған. Осы жолғы баспана облыстағы Панфилов ауданы, Көктал ауылының түрғыны, жас қари Ринат Ниязовқа бұйырды. Демеушілердің көмегімен берілген бұл үй аталған жоба аясында республика бойынша 851-ші, өңірдегі 122-ші баспана.
– Ал баспаналы болған Ринат Ниязов қасиетті Құран Кәрімді толық жатқа білетін білімді де білікті азамат. Оған осы жолы демеушілердің қолдауында баспана кілтімен бірге анасы екеуіне Ұмра қажылыққа арнайы жолдама бер. Сонымен қатар Ринатқа Құранды толық меңгергені үшін Ижаза сертификаты табыстады, –дейді бас имам.
Осы орайда баспана кілтін табыстау салтанатына арнайы барған Керімбек Сәрсембайұлы бастаған Талдықорғандағы мешіт имамдары Панфилов ауданындағы 30-дан астам мұқтаж отбасына азық-түлік себеттерін таратты. Қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылардың сөзінше, қымбатшылық қысқан бүгінгі таңда тұрмысында қиыншылығы бар көптеген адамдар ішер ас, киетін киімге зәру. Оларға қол үшін беріп, көмек көсету әр азаматтың басты парызы. «Көп түкірсе – көл» деген, осы жолы «Зекет» және «Қайырымдылық» қорының бастамасымен жамағаттардың көмегінде біраз отбысына қайырымдылық жасалған.
Сөз кезегінде баспана кілтін қолына алған Ринат қари және аудандағы көмек көрсетілген отбасының мүшелері қарымды іске қол ұшын созған демеушілерге айрықша алғысын жеткізді.
Айдын КӘЛІМХАН






