Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Байлар кедейлердің деңгейінде салық төлеп жатыр – Ерлан Саиров

4 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Байлар кедейлердің деңгейінде салық төлеп жатыр – Ерлан Саиров
WhatsAppTelegramFacebook

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Massaget TV YouTube арнасына берген эксклюзив сұхбатында жаңа салық реформасына қатысты пікір білдірді.

Оның пайымдауынша, Қазақтанға мұндай өзгеріс керек. Бірақ салықтың пайызын тек қарапайым халық үшін емес, олигархтарға да көтеру қажет.

Депутат отыз жыл ішінде олигархтар шамамен 400-ге жуық жеңілдік алғанын, осы арқылы төлейтін салықтың көлемі әділетсіз екенін айтып, олар үшін дивидендтен төлейтін салық мөлшерін көтеру керек деп санайды.

«Экономикасы дамыған елдерде салық жинау жалпы ішкі өнімнің 20 пайызынан жоғары болады. Қазақстанда қазір жалпы ішкі өнімге шаққанда салықты жинау 15 пайызға жетпейді. Бірақ бұл жерде бір кілтипан бар. Қазақстанда отыз жыл ішінде олигархиялық топтарға тек экономикалық жеңілдіктер емес, сонымен бірге, салық жеңілдіктерін де көп беріп қойғанбыз. Бір-ақ мысал айтайын. Қазақстандағы тау-кен саласы бес жыл ішінде 8,2 триллион теңге дивиденд алған. Ал енді осы тау-кен саласына өнімдерін теміржолмен тасымалдау бойынша үлкен жеңілдік бар. Бұл жеңілдіктің барлығы заңмен емес, кезінде жабық мемлекеттік үкіммен де жасалған. Былайша айтқан кезде Қазақстан ірі корпорациялар, олигархтар үшін офшорлық аймаққа айналып кеткен», — деді ол.

Ерлан Саиров халыққа ҚҚС-ны көтерумен бірге, олигархтардың да бүкіл жеңілдігін жою керек екенін жеткізді.

«Бұл жерде нақты мәселе бар. ҚҚС деген — кедейлерге салынатын салық. Өйткені оның түбінде киім-кешек, тамақ, жүретін жүріс үшін халық төлейді. Бірақ әлеуметтік әділеттілік процесі бойынша байларға да салықты жоғары қоюымыз керек. Экономикасы дамыған елдерде керісінше, байлардың мемлекеттің экономикалық жағдайы үшін жауапкершілігі жоғары. Ал бізде ескі президент Назарбаевтың айналасындағы экономикалық топтар жаңағы протекцияны пайдаланып, өздеріне көптеген жеңілдік жасап алған. Бұл тау-кен саласына, мұнай саласына, банк саласына да қатысты. Сондықтан бүгінгі таңда сол байлардың экономикалық, салық жауапкершілігін арттыруымыз керек», — деді депутат.

Фото: Massaget.kz

Қатысты жаңалықтар

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00
Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Бүгін, 13:30
Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Бүгін, 13:00
Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.