Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРНАЙЫ ЖОБА

Елдігімнің белгісі

07.08.2025
АРНАЙЫ ЖОБА, ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Елдігімнің белгісі

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

WhatsAppTelegramFacebook

Әрбір мемлекеттің басты құжаты болады. Ғасырлар бойы азаттықты аңсап, дербес мемлекет болуды қалаған халқымыз үшін 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституцияның орны ерекше. Өйткені оның бойында ақ жаулықты ананың арман-тілегі, ақ сақалды қарияның ақ батасы бар.

Жалпы 9 тарау, 99 баптан тұратын Конституция 30 жылдың ішінде көптеген өзгертулер мен толықтыруларды бастан өткерді. Дегенмен, бастапқы ұстанымынан еш айныған емес. Керісінше, толықтырылып, өзгертіліп, азаматтарға артар міндеті мен жауапкершілігі нығайды.

Еліміздің басты байлығы адам екені, адаммен ғана мемлекеттің іргесі бекіп, келешегі кемелдене түсетіні 1-баптың 1-тармағында анық жазылған. Онда: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Яғни, еліміздегі әрбір жанның мемлекет үшін орны ерекше. Мейлі, ол басшы болсын, жұмысшы не мүгедек болсын, мемлекет өз қорғауына алып, қажетті қолдауды көрсететіні ашық айтылған. Тіпті, елдің ынтымағын бұзған қылмыскер мен лаңкестің өзі қамауға алынғанның өзінде лайықты жазасын алып, сот белгілеген мерзімді мойнымен көтеруге міндеттелетінін түсінуге болады. Ал, орта білім алу баршаға ортақ екенін салынып жатқан балабақшалар мен мектептер айғақтайды. Осы тұрғыдан алғанда Ұлы Далада Көк байрақ көтерген мемлекеттің азаматтары шүкір етуді естен шығарып жатады. Мысалы, бір кеңістікте жатқан кейбір мемлекеттер азаматтарын толығымен орта мектептің білімін алуға жүктей алмайды. Кеңестік кезеңнен қалыптасқан қазақстандық білім жүйесі өзгелерге үлгі екенін жиі айтатынымыз шынында қуанарлық жағдай.

Жаратқан Алла Тағала қазақ деген халықтың абырой, беделін, кескін-келбетін өзге елдердің алдында ертедегі ата-бабаларымыздың ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен жерді қорғай жүріп жасаған дұға-тілектері арқылы асқақтатты. Себебі, әрбір өскіннің санасына нұр құйып, саңылау салған ұлттық ертегілердің бәрі де қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай заманның орнауымен аяқталады. Осынау, түйіннің өзі асқақ арманнан, асыл мұраттан хабар берсе керек.

Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық дамуды, қазақстандық патриотизмді, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу басты ұстаным екені айтылған 1-баптың 2-тармағына қарап еліміздің ұстанған бағытына сүйсінуге болады. Шынында қоғамдағы ынтымақ пен береке, саяси тұрақтылық дамудың басты тетігіне жататынын байқап, біліп жүрміз. Соңғы 5 жылдың ішінде күллі әлем халқын алаңдатқан «COVID-19» вирусы, «Қаралы қаңтар» оқиғасы орын алып, көп нәрсені басқаша бағалай бастадық. Бейбітшілік пен тыныштықтың құны қымбат екенін ұғындық.

Ендеше, еліміздің басты құжаты – Конституция ұсынған жолмен жүріп, ондағы шарттар мен ережелерді берік ұстану өте қажет. Пенде шіркін нәтиженің жылдам келіп, табыстың молынан болғанын қалайды. Алайда көп нәрсенің өзгеруі мен қалпына келуі үшін уақыт пен шыдам керек екен. Қазақтың: «Батпандап кірген ауру мысқалдап шығады» дейтіні осы болса керек.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026
Жастарды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

Жастарды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.