Талдықорған: +18°C
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БЕРЕКЕЛІ ЕЛ ІШІ ҮШ ЖЫЛДЫҚТЫҢ ЖЕМІСІ

03.04.2025
КҮНДЕРЕК
БЕРЕКЕЛІ ЕЛ ІШІ ҮШ ЖЫЛДЫҚТЫҢ ЖЕМІСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Биылғы маусым айында ел Президентінің шешімімен Жетісу облысының құрылғанына 3 жыл толмақ. Тарих үшін қас-қағым сәт саналатын осынау уақыт аралығында не істелді, баянды бастамалар мен бірегей жобалар аясында өріс алған дүние қандай нәтиже берді деген сауалдарға жауап іздеп, сан сала бойынша шолу жасауды жөн санадық. Осыған орай үш жылдықтың жұмысын, бір өңірдің тынысын айшықтау үшін Жетісудың журналистері алғашқы сапарды Көксу ауданына жасап, киелі мекендегі жүйелі істермен танысып қайттық.

 

ЖАҢА ҒИМАРАТТАН ЖЫЛЫЛЫҚ ЕСЕДІ

Әуелі Балпық би кентінде орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының Көксу аудандық бөлімінің жаңа ғимаратымен, тыныс-тіршілігімен таныстық. 

Аталған орталық кеңес беру, құжаттарды қабылдау, құжаттандыру, дайын құжат беру, өзіне-өзі қызмет көрсету және жинақтау секілді 6 сектор бойынша жергілікті халыққа қызмет көрсетуде. Ал 2023 жылдың қазан айынан бастап қолданысқа берілген орталықтың 2 қабатты ғимараты көз тартар келбетке ие. Жарық әрі жайлы. 

– Қолданысқа берілген орталықтың жаңа ғимараты бұрынғыдан 3 есе үлкен. Аумағы 1200 шаршы метрді алып жатыр. Мүгедектерге арналған пандустардан бастап бәрі уақыт сұранысына сай бой көтерген бұл ғимаратта қызмет ету бізді шабыттандырады. Қазіргі таңда мұнда 200-ден астам жергілікті азаматқа қызмет көрсетеміз, – дейді орталықтың бөлім басшысы Медет Нұрмұханбетов.

Айта кетерлігі, халыққа қызмет көрсету бөлімі Көксу ауданында 2008 жылы ашылып, бүгінге дейін жұмысын атқарып келеді. Аталған орталықта жалпы саны 26 қызметкер бар. Жетісу облысы жеке құрылғаннан кейін аудан бойынша бой көтерген сәулетті нысанның бірінші қабатында ХҚКО орналасса, екінші қабатта АХАТ, әлеуметтік қамсыздандыру және жер кадастры қызметтері көрсетіледі.

КӨП ТІЛЕУІМЕН САЛЫНҒАН

Өз кезегінде сапарлас журналистермен бірге Қаратал ауылындағы орта мектепке жол алдық. Өткен жылдың білім күнінде қолданысқа берілген 120 орынды жаңа мектеп те көрген жанның көз көңілін сусындататындай. 

2022 жылдың сәуір айында іргетасы құйылып басталған Қаратал орта мектебі көпшіліктің сан жылғы аңсарынан бой көтеріп, 2024 жылы қыркүйекте ашылды. Сонау 1970 жылы салынған ескі ғимаратта ауыл халқының өскелеңдері тек бастауышта білім алған. Бастауыштан кейін аудан орталығы мен жуыр маңдағы елді мекендерге қатынап оқитын. Көркі көз сүйсінтетін заманауи мектеп қолданысқа берілгелі мұнда 1-11- сынып оқушылары білім алмақ әрі алтын ұяның салынуымен балаларды тасымалдап оқыту, ыстық тамақпен қамту мәселелері шешімін тапқанын айта кеткен жөн.

– Мектепте 12 орынды кітапхана, спортзал, 80 орынды мәжіліс залы, 40 орынды асхана қарастырылған. Мұнда жаңа модификациялы физика, химия, биология және мультимедиялық кабинеттер, ағаш ұсталығына, ас пісіруге, киім тігуге арналған құрал-жабдықтармен қамтылған шеберханалар бар. Алаңсыз білім алуға барлық мүмкіндік жасалған осындай жаңа білім мекемесінің ашылғанына біз, ұстаздар қауымы, елді мекен тұрғындарынан кем қуанбаймыз. Білім жолында шабытпен еңбек етеміз, – дейді шағын орталығы бар Қаратал орта мектебінің директоры Жолдыбек Оңғаров. 

Айта кетерлігі, Қаратал ауылдық алтын ұяда 98 оқушы, даярлық тобында 9 бала білім алып жатса, ал шағын орталықта 25 бала тәрбиеленуде. Жалпы саны 52 қызметкерді құрайтын мектепте 31 педагог бар.

Баспанам – бақыт мекенім

«Қаратал күндіз күміс, түнде алтын» деп билеріміз толғақты тебіренісіне, ақындар айшықты жырына қосқан қасиетті өзенмен аттас Қаратал ауылындағы мектептен кейін ауданның оңтүстік батысында орын тепкен Жарлыөзек ауылына аттандық.

Жерінің тарихы түпкі шежіремізбен сабақтасып кеткен құтты мекен, құсыни қоныс – Жарлыөзек ауылында былтыр жан жадыратқан игі іс орын алған. Әлеуметтік осал топтағы 10 отбасы баспана бақытына бөленген. Аталған азаматтардың жай-күйін біліп, жайлы баспананың шарапатына шомып жатқанын көзімізбен көрдік. 

– Жолдасым екінші топтағы мүгедектігі бар жан, өзім көп- балалы анамын. Үй кезегінде жүріп баспаналы болуды біршама жыл аңсап, қазақылықпен қайнымыздың шаңырағында ғұмыр кешіп келген едік. Өз шаңырағымызда «Баспанам – бақыт мекенім» деп шаттықпен күн кешер сәтке жеттік. Құрылыс сапасы жақсы, жанымызға жайлы, бар мүмкіндік қарастырылған, су мен газға қосылған үйде алғашқы қысымызды өткеріп шықтық. Жайлы да кең баспана бақытына кенелткен облыс әкімдігіне алғыстан өзге айтарымыз жоқ, – дейді Рахиләм Күнбасова. 

Ал өңірдегі ілкімді істермен таныстырып, жолбасшы болып жүрген Көксу ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Аружан Асхатқызы берген дерекке сүйенсек, 2024 жылы Жарлыөзек ауылдық округі Бозтоған аулында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға аталған он жеке тұрғын үй сатып алынған. Тұрғын үйдің құрылысын жүргізген заңды тұлға «ВостокСтройЭнерджи» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Сатып алынған бұл үйлердің алтауы 71, қалғаны 69 шаршы метрді құрайды. 

Айта кетерлігі, әлеуметтік осал топ санаты бойынша Көксу ауданында соңғы жылдары 50 үй берілсе, соның 10-ы жарлыөзектіктердің қуанышы. Жалпы саны 3326 тұрғыны бар ауылда әлеуметтік осал топ санатында кезекте тұрғандардың саны 30-ды құрайды.

БАСТЫ БАЙЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ 

Журналистік сапардың соңында аудан орталығының оңтүстігіндегі Мұқыры және Ақшатоған ауылдарына ат басын бұрып, ондағы медицина саласы бойынша ел игілігіне берілген амбулатория мен фельдшерлік-акушерлік пункттің жай-күйімен таныстық. 

Әуелі былтыр 213,5 млн. теңге қаражатқа күрделі жөндеуден өткен Мұқыры дәрігерлік амбулаториясына табан тіредік. Жалпы 1987 жылы салынған, бейімделген 2 қабатты ғимарат тозығы жеткен болатын. Игілікті істен кейін жаңа салынғандай жасанып шыға келген медициналық орталықтың бүгінде барлық қажетті бөлмелері мен құрал-жабдықтары қарастырылған. 

Амбулатория Мұқыры ауылдық округінің тұрғындарына алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсетеді. Атап айтқанда, балалар мен жүкті әйелдердің денсаулықтарын бақылау, скринингтік бағдарламаларды жүзеге асыру, патронаж, алдын алу екпелер, саламатты өмір сүруді  қалыптастыру сұрақтары бойынша ағарту жұмыстары жүргізіледі. 

– Күрделі жөндеуден кейін заманауи келбетке енген ауылдық амбулаториямызда барлық қажетті жабдық қарастырылған. Тәжірибелі медицина мамандары ел денсаулығының кепілі болу үшін күні-түні қызмет көрсетуде. Жайлы орында тек жақсы жұмыс істеу қажет, бұл орайда саламатты өмір салтын қамтамасыз етер медициналық орталығымызға күрделі жөндеу жүргізуге қолдау білдірген облыстық әкімдікке ризамыз, – дейді Мұқыры дәрігерлік амбулаториясының аға медбикесі Анар Сұлтыбаева.

Сапар соңында арнайы ат басын тіреген Ақшатоған ауылының фельдшерлік-акушерлік пункті Балпық би ауылдық округінің 733 тұрғынына алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсетіп келеді. Атап айтқанда, балалар мен жүкті әйелдердің денсаулықтарын бақылау, скринингтік бағдарламаларды жүзеге асыру, патронаж, алдын алу екпелер салу бойынша тұрғындарға қызмет етсе, саламатты өмір салтына байланысты жекелей сауалдарға да осы пункт қызметкерлері жауапты. 

Аталған ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункті ғимаратының құрылысы 2022 жылы аяқталып, сол жылдың желтоқсанында ел игілігіне берілген болатын. Бұрында бұл ауылдағы денсаулық сақтау қызметкерлері 1950 жылы саманнан салынған 2 бөлмелі ғимаратта қызмет етіп келген. Бұл орайда жаңа фельдшерлік-акушерлік пунктте еңбек етіп жатқанына дән риза екенін айтқан Адай Жұмағалиев:

– Биыл Астана медициналық университетін бітіріп келдім. Осында жалпы тәжірибелі дәрігер болып жұмысқа орналастым. Біздің ФАБ күнделікті 50 науқасқа дейін қабылдау мүмкіндігіне ие. Штатты түрде жұмыс істеп жатқан бұл мекемеде күнделікті науқастар келіп ем алуда. Жаңа ғимаратта қажетті жабдық 100 пайыз қарастырылған, – дейді. 

Айта кетерлігі, Ақшатоған ауылының фельдшерлік-акушерлік пунктінің жалпы құрылыс сомасы 129, 5 миллион теңге, оның ішінде 23,3 миллион теңгесіне жабдықтар алынған. Жалпы көлемі 288,5 шаршы метрді құрайтын пунктте штаттық кесте бойынша 1 фельдшер, 1 жалпы тәжірибелі медбике, акушер, тазалықшы және 2 күзетші жұмыс атқарады.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ
Көксу ауданы

Суреттерді түсірген Дмитрий ЕРОФЕЕВ

Қатысты жаңалықтар

Құрылтай – орталық пен өңір арасын жақындатқан жүйе

Құрылтай сайлауы және конституциялық жаңғыру

18.08.2026
Әскери жасақтың жедел әрекеті – адам өміріне араша

Әскери жасақтың жедел әрекеті – адам өміріне араша

18.08.2026
Қазақстан экспорты қарқын алды

Қазақстан экспорты қарқын алды

18.08.2026
«Маман тапшы»: Ауылға барған дәрігерге 10 млн теңге беріледі

«Маман тапшы»: Ауылға барған дәрігерге 10 млн теңге беріледі

18.08.2026
Шекарашыларға құрмет

Шекарашыларға құрмет

18.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.