Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісуда қыздар қылмыстық схема құрып, ер адамдардан ақша бопсалаған

14 тамыз 2025
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында полиция ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, — деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Талдықорғанда ер адамдардан ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. Топ құрамында қыздар мен олардың сыбайластары болып, олар алдын ала ойластырылған әрі циникалық сызбалар бойынша әрекет еткен.

Тергеу мәліметінше, 2024 жылғы мамырда бірнеше қыз жалған айып тағу және абыройын түсіретін мәліметтерді таратамыз деп қорқыту арқылы қылмыстық жолмен “ақша табуды” көздеген. Құрбандарын іздеу үшін олар әлеуметтік желіні пайдаланып, ер адамдармен танысып, әңгімелесуді интимдік жақындыққа жеткізген.

Содан кейін іске екінші қатысушы араласқан: ол жәбірленушіге “құрбысы жылап отыр” деген сылтаумен қоңырау шалып, келуін сұраған. Кездесуде ер адамдарға зорлау туралы полицияға арызданамыз деп қорқытып, ақша талап еткен.

Алғашқы жәбірленуші күдіктілерге 350 мың теңге берген. Екінші жәбірленушіден дәл осындай сызба бойынша “жүктілікке” байланысты 2 миллион теңге талап етіліп, 900 мың теңгеден астам ақша алынған. Кейін бұл іске ер адам қосылып, келесі жәбірленушіден 2 миллион теңге бопсалауға көмектескен, бірақ олар 800 мың теңге алған. Тағы бір жәбірленушіден 795 мың теңге тартып алынған.

Ең циникалық алаяқтықтардың бірі – “кәмелетке толмағанды зорлауға оқталу” оқиғасы болды. Бұл эпизодта төрт күдікті қатысқан: бір қыз интимдік қатынасқа түсуі керек болған, ал үшеуі өздерін туыстарымыз деп таныстырып, ақша бопсалаған. Осылайша олар 800 мың теңге иемденген.

Осындай схемалар қылмыскерлерге тағы да ақша әкелген: 600 мың, 1,5 миллион, 1 миллион теңге. Бір жағдайда күдіктілер полиция қызметкерлеріміз деп таныстырып, күш қолданып, 500 мың теңгені тартып алған.

Барлығы 9 күдіктінің 11 ер адамнан ақша бопсалағаны анықталды. Олардың барлығы ұсталып, қамауға алынды.

Жетісу облысының полициясы интернет арқылы танысқанда сақ болуға және бопсалау фактісі орын алса, бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

Бүгін, 15:59
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Бүгін, 15:24
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Бүгін, 15:03
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.