Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қылмыс деңгейі төмендеген

01.04.2025
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Қылмыс деңгейі төмендеген
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының полиция департаменті былтырғы нәтиже бойынша республикада үздік бестікті түйіндеді. Қылмыс азайып, тәртіп бұзушылар қатары сиреген. Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінің басшысы Сарқытбай Құсайынов ел алдындағы есебінде айтты.

Тәртіпті сақтау, құқық бұзудың алдын алу бойынша бірқатар іс жүргізген департамент өткен жылы қылмыс санын азайтқан (2023 жылы 3 639 қылмыс тіркелсе, былтыр 3 119 қылмыс тіркелді). Бұл тек полицияның ғана емес, оған жәрдемдескен кез келген азаматтың, ақыл қосқан ақсақалдардың, әр елді мекенде бірлікті сақтауға тырысқан ел ағаларының еңбегі екенін баяндамашы айрықша атап өтті.

ҚР Ішкі істер министрлігі биылғы жылды «Құқықбұзушылықтың алдын алу жылы» деп бекітті. Осы тұрғыда полиция «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстанып, қылмысты ашып қана қоймай оның алдын алу жұмыстарын жүргізумен белсене айналысады. Аталған қағидат бойынша биыл өңірімізде «Мигрант», «Тасымалдаушы», «Анти Фрауд», «Есептегі тұлға» сияқты 15 жедел алдын алу іс-шарасы өткен.

Наурызда Талдықорған қаласында 15 жастағы жігіт мопедпен жол-көлік апатына ұшырап, оқиға орнында көз жұмды. Бұл жөнінде Сарқытбай Зәкірұлы: «Жыл басынан бері жалпы 187 жол-көлік апаты орын алды. 25 адам қайтыс болып, 256 адам жарақат алды. Жолдағы қозғалыс кезінде мопедтер ерекше орын алады. Былтыр облысымызда мопедтердің қатысуымен 32 жол апаты болды. Енді сәуірдің бесінен бастап мопедтер ресми түрде тіркелу қажет, оларды жүргізетіндер «А», «А1» немесе «В» санаты бойынша куәлік алу керек», – деді. 

Облысымызда орын алған кейінгі оқиғаларға тоқталып, әр істің себебі мен оның әрекетін жан-жақты саралаған департамент басшысы наурыздың басында Ескелді ауданында ішімдікке сылқия тойған ер-азамат алты баласы бар әйелді ұрып-соғып өлтіргенін де баяндамасында айтты. «Қылмыстардың негізгі себептері – ішімдіктің тәулік бойы сатылуы. Өткен жылы алкогольдік өнімдерді сату талаптарын бұзған 66 адам (2023 жылы 43 адам) әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,– деді департамент басшысы. Осыдан 5 жыл бұрын облысымызда тек бір ауылда (Алакөл ауданындағы Жыланды ауылы) ғана ішімдік сатылмайтын болса, бүгінде Панфилов ауданындағы Керімағаш ауылы, Көксу ауданындағы Бозтоған, Мұқаншы, Жарлыөзек ауылдарында алкогольдік өнімдер саудаланбайды. Нәтижесінде аталған ауылдарда тәртіп бұзушылар азайып, аса ауыр қылмыс тіркелмеген.

Ел алдында есеп берген департамент басшысы интернет алаяқтықтың өршіп тұрғандығын, бөтен нөмірден ақша сұрап қоңырау шалса тұтқаны қоюды, мал ұрлығы бойынша ірі қара өрістен көп жоғалатындығы және енді әр адам қараусыз мал үшін жауап беретіндігін қадап айтты. 

Тағы бір өзекті мәселе – есірткінің тарауы (әсіресе «синтетикалық» түрі). Былтыр дәл осы санат бойынша 149 құқықбұзу тіркелді (оның 76-ы Талдықорғанда тіркелді), облыс бойынша 700 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді (оның ішінде 67 келісі «синтетика»). «Үш есірткі зертханасының жолы кесілді (оның екеуі Ескелді ауданында), ұсталғандар шет елдің азаматтары. Қандайда бір күдікті әрекет байқасаңыз бізге қоңырау шалып, мән-жайды түсіндірсеңіздер болады», – деді Сарқытбай Құсайынов.

Артынша департамент басшысы жиналғандардың сауалына жауап беріп, еркін диалог құрды. 

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жаңа туынды

Жаңа туынды

13.03.2026
Қауіпсіздік қалқаны

543 адам тіркелді

13.03.2026
Ел игілігін еселейтін қадам

Ел игілігін еселейтін қадам

13.03.2026
Ойшылдар мұрасы ұлықталды

Ойшылдар мұрасы ұлықталды

13.03.2026
«Ауыл» партиясында жаңа төраға

«Ауыл» партиясында жаңа төраға

13.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.