2025 жылдың алғашқы жартысында Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетіне 37 мыңнан астам өтініш түскен. Оның ішінде елеулі бөлігі пәтер жөндеу жұмыстарына қатысты. Сарапшылардың айтуынша, құрылысшыларға сұраныс артқан сайын алаяқтық жағдайлары да көбейіп отыр.
7 миллион теңге жоғалтқан клиент
Берік Калимов әлеуметтік желіден сеніп, «KEN Remont» компаниясымен келісімшартқа отырған. Алғашқы екі траншқа 5 млн теңге төлегенімен, жөндеу жұмысы басталмай тоқтап қалған. Компания кейін байланысқа шықпай қойған. «Мен тек PDF-жобаға ие болдым, қалған жұмыс мүлде жүргізілмеді», – дейді ол. Нәтижесінде ол 7 млн теңгесінен айырылған.
Жұмыс имитациясы арқылы алдау
Блогер Нағима Настевич те мердігерлердің құрғақ уәделеріне алданып қалғанын айтады. Оның сөзінше, кейбір бригадалар жұмыстың басталғанын көрсету үшін бірнеше әрекет жасап, кейін істі аяқсыз қалдырады. «Бұл жағдайда іс қылмыстық бапқа кірмейді, тек азаматтық талап болып саналады. Сондықтан олар жазадан оңай құтылады», – дейді блогер.
Заңгер не дейді?
Adilzanger Заң консультанттары палатасының кеңесшісі Қанат Көбентаевтың айтуынша, келісімшарттың өзі де толық кепілдік бермейді. Алаяқтар алдын ала төлемді үшінші тұлғалардың есепшотына аудартуы мүмкін немесе ақшаны қолма-қол алуды сұрайды. «Егер келісімшарт пен төлем түбіртектері болса, полицияға алаяқтық фактісі бойынша шағым жасауға болады. Бірақ іс көбіне азаматтық дауға айналып, ақшаны қайтару ұзаққа созылады», – дейді ол.
Дереккөз: Baq.kz





