Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Абайдан қалған асыл сөз

Абай – Ұлт руханиятының БАҒДАРШАМЫ! Басқаны айтпағанның өзінде қазақ халқының адам болып өмір сүру жолындағы адастырмас ТЕМІРҚАЗЫҒЫ! Ұлы Даланың дара перзентіне айналып, әр қазақтың жүрегіне даналықтың дәнін еге білген АҚЫЛДЫҢ КЕНІ! Құдайдың құлы болған Құнанбайдың ұлынан пұт жасап, тілім таңдайыма жабысқанша құры тамсана мақтап, ессіз табынудан аулақпын. Дегенмен дара тұлғаның қалдырған даналығын ортаға салып, оқырманмен аз-кем ой бөліскеннің сөкеттігі жоқ шығар. Сіз де ақылман ақсақалдан қалған асыл мұраға ден қойып, өз жүрегіңіздің таразысына тартып, саралап көріңіз.

23.08.2025
ҰЛТ ҰЯТЫ
Абайдан қалған асыл сөз
WhatsAppTelegramFacebook
 ЗЕРЕНІҢ ЗЕРЕК ПЕРЗЕНТІ
Әуелде азан айтып қойған есімін еске сала сөйлесем, Ибраһим дана: «…кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі» деп ұрпағына аманат еткен сөз мұрасын ат мініп, атақ алып, шапан кию үшін жазбағаны бесенеден белгілі. Қалдырған қазынасы қазақтай ұлтының, қалың елі, қайран жұртының өзге елмен терезесі тең, білімімен биік, ғылымымен озық болса деген аңсар көңілінің сөзі еді.
Қабылиса бабамның:
«Ойлап тұрсақ жігіттер,
Жақының жоқ иманнан.
Данышпан болар кей жігіт,
Көкірегіне құдай құйғаннан!», – дегеніне сүйенсек, Зере әжесінің тәлім-тәрбиесін алып, зерделі сөздің зергеріне айналған зерек ұл Абай көкірегіне Құдай ерекше нұрын құйған перзент-ау! Қара өлеңінің қадірі бөлек, қара сөздерінің құны ерек. Толық адам болудың жолын соқырға таяқ ұстатқандай қылып көрсетіп кеткен Хакім өзі жайлы: «Мұны жазған кісінің, атын білме сөзін біл», – деп еді. Ащы да болса ақиқат, дала ойшылының  сөзін аса білмесек те, атымен мақтанып жүрген жұрт екеніміз де рас.
Өз қазағы түгілі адамзатқа ақыл айтуға хақысы бар Абай атам аспаннан екі аяғымен салбырап түскен жоқ. Тіпті, жоқшылықтың емес, тоқшылықтың ортасында өтті балалық шағы. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деп саят құрып, «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» жүйрікті таңдап мініп,  «Апыр-ай қайда сол жылдар, махаббат қызық мол жылдар», деп егде тартқан уағында өзі аңсағандай жас дәуренінде серілік те жасады. Тоғжанға ессіз ғашық болып, «Әй, керім-ай» деп Шүкімәнді Айгерімге айналдырып, махаббаттың буына мас болды.
«Иығымда сіздің шаш,
Айқаласып тай-талас.
Ләззат алсақ болмай ма?
Көз жұмулы, көңіл мас», – деп жан ынтықтығы мен тән құмарлығын жасырмай айтты. Яғни, бүгінгі таңда Ұлы Даланың дара ділмарына айналған Ибрахим Құнанбайұлы да жастыққа тән сән салтанатпен өмір сүріп, Ақан сері айтқандай: «Дарияның жарға соққан толқынындай, көз салған көрінгенге көңіл арсыздың» де жетегіне ерген кездері болды. Бірақ қазақтың қара өлеңіндегідей «Желбір жекен, желіп жүрген жайлауда біз бір бөкен» деп маңдайына берілген 59 жылында мынау жарық дүниенің жамалынан желіп өтіп кеткен жоқ. «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» деп өзінің де, сөзінің де түзелгенін меңзеп, ақылдың ауылынан ат шалдырды.
«Алланың өзі дер рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас», – деп әуелі өзін жаратқан Құдай тағаланы танып,
«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті», – деп жоғарыда айтылған нәпсі қалауындағы махаббаттың баянсыздығын меңзеп, ең ұлы махаббаттың Алланы сүюден басталатынын, ол үшін керегі
«Ынталы жүрек, шын көңіл,
Өзгесі Хаққа қол емес» екенін санасына түскен имани сәуле арқылы түсінді һәм бізге түсіндіріп кетті. Құдай тағала Абайға әуелі Құнанбайдай қатал әкенің перзенті болуды нәсіп етті. Ұлжандай ананың мейіріміне бөленіп, Зередей ақылман әженің ыстық құшағында өсуді жазды. Кейде дәл осындай баршылықта өскен баланың «Жақсыдан жаман туады, бірауыз сөзге алғысыз» болып жататыны бар. Абай «тектіден тектінің туатынын, тектіліктің тұқым қуатынын» дәлелдеген перзент. «Бала бер, бала берсең – сана бер» деген қазақы тәмсілге сүйенсек, дала данышпаны саналы ұрпақтың қатарында болып тұр ғой. «Құнанбайды дәретсіз емізбеген» деген сөз бар. Дәл осылай болды ма, болмады ма? Ол жағы бізге беймәлім, Зере ананың қасында құман ұстап тұрған ешкім жоқ. Бірақ, Абайдың әжесі Зеренің ел анасына айналғаны ақиқат. Қиссада айтылғандай Бәйдібек баба білегінен тартып құдықтан шығарғаны үшін он екіде бір гүлі ашылмаған жас бола тұра тағдырын сол ер азаматтың қолына ұстатып, рулы елдің анасына айналған Домалақ ана Нұрила мен Мұхаммед-Ханафия деп ат қойып, «Шоқан» деп еркелетіп, орда бұзар отызға толмай-ақ перзентін парасат биігіне шығарған Айғаным аналарымыз сияқты, Ибрахим пайғамбардың атын қойып, ауыр болмасын деген пейілмен «Абайым» деп адамзатқа ақыл айта алар ұл тәрбиелеген Зере анамыз да тегін адам емес. Ендеше Зеренің құрсағында жаралған Құнанбайдың қанынан тараған Абайдың да зерделі ұл болуы заңдылық.
ӘСЕМПАЗ БОЛМА ӘРНЕГЕ
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан», – деп басталатын өлең жолдарын бастауыш сыныпта тақпақ деп жаттап, тақылдап айтып «бестік» баға алған баланың бірімін. Қазір де дәл осы төрт жолды тілі былдырлай бастаған балабақшадағы немесе мектептің төменгі сыныбындағы оқушылар жаттайтын тақпақ деп қарайтынымыз шындық. Ал Абай қазынасы­на тереңірек зер салсаңыз бұл ­балақайлар тіл сындыратын тақ­пақ емес, «болдым, толдым» деген адамның бір сәт ойланып, есеп берер мазмұны терең, мағы­насы зор, тағылымды ой еке­ніне көзіңіз жетеді. Жақында ға­на ердің жасы елуге толдым. Мәртебелеп айтсам «ел ағасы» болдым. Менен 130 жас үлкен Абай атамның асыл мұрасына айналып соқтым да, ойланып қалдым. Анау 45 қара сөзі мен 200-ден аса өлеңі емес, осы бір ғана шумақ санама соншама салмақ салды. Ойлап отырсам жас болып, жастыққа мас болып, әрнеге әсемпаз көңілмен басымды жарға да, тасқа да соғып, өнерпаздықпен арқаланған осы екен деп ең қымбат уақытымның көп мөлшерін жоғалтып алыппын. Бірақ балағымнан батпаққа батқан сол жолмен жүре бермей, Абай жаққан бір сәуленің жарығына қарай ұмтылғаныма шүкірлік қылып, өзімді өзім жұбатқансып қойдым. Тағы да Абай атамша «ойға түсіп, толғанып, өз мінімді қолға алған» тұста осынау адамзат қоғамында деп артық кетпей-ақ қояйын, қазақия ұлысында өз орнын тапқан кірпіш бола алдым ба, жоқ па деп тағы таразылап көрдім. Айналамдағы жұрттың қолдау-қолпашына қарасам иі қанған қатқан кірпіш болған сияқтымын. Ал Абай дана ұсынған ақыл-таразыға салып:
«Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес.
Жүрегімді байқасам,
Инедейін таза емес» болып шықты. «Бұлай болмағыма кім кінәлі?!» деп жазықтыны сырттан іздей бастаған «арсыз көңіліме» тағы да хакім атам тоқтау салды.
«Бәрі болды өзімнен,
Тәңірім салған наз емес» екен! Оқу мен тоқудың екі бөлек дүние екенін, оқыған мен тоқыған адамның арасы жер мен көктей айырмасы барын енді түсінгендеймін. Бұл түсінгенімнен қандай пайда болары тағы да бұлыңғыр. Жасымда ғылым бар деп ескермеген соң, «қолымды мезгілінен кеш сермедім-ау» деп қоям!
Ғылым – демекші, тағы сол балабақша мен мектеп қабырғасында тақпақ деп тақылдап айтып жүрген өлеңіне зер салайықшы. «Ғылым таппай мақтанба» деп басталады. Мұны да сол баланың тіл сындырғыш құралы ретінде қарайтынымыз өкінішті. Әйтпесе, өлеңнің әр жолына амал жасап, қарекет етер болсақ, ғылымға ден қоятын-ақ едік. Осы өлеңінде ғой «бес асыл іс пен бес дұшпанды» саралап беретіні. Сол жердегі бес дұшпанның бірі – МАҚТАНШАҚ! 59 жыл ғана ғұмыр кешкен ақылдың кені бұл өлеңді сол 40 пен 50-дің ортасында-ақ жазды-ау. Содан бері өзгермеген не қылған жұрт екенімізді… Бірінші жолында-ақ – «ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА» деп тұр ғой. Ал біз қазір нені мақтан қылып, немізбен мақтанып жүрміз, ойланып көріңізші?! Ғылым табу қайдааа?! Той тойлаудан қолымыз тимей жүр. Барымызды тойға шашқан болып көрініп, шашылып қалғанымызды байқамай қаламыз. «Қымбатшылық бір бүйірден, жоқшылық бір бүйірден қысып жатыр, әлеуметтің жағдайы қиындап барады» деп әлеуметтік желіде айғайлағанымызбен былайғы өмірде той тойлағанымызды қоятын түріміз жоқ. Бірінен бірі өткен мейрамханалар салғанымызды мақтан тұтамыз. Сол мейрамхананың ең әдемісінде той жасағанымызға мақтанамыз. «Қуанышты бөліссең көбейедімен» өзімізді өзіміз алдаусыратамыз. Қуанышты бөлісудің басты өлшемі – «Көрпеңе қарай көсіл»! Ал біздікі бос мақтан, құры бәсеке. Анадан озу, мынадан қалмау! Несиені алып, қалтаны қағып өзгенің қоржынын толтырғанымызға есеп берер тұста өзгеге білдірмесек те, өзегімізді өрт қарып, іштей өкінетін тұсымыз аз емес. Қазақтың тойының Абай айтқан «ғылымға не қатысы бар» дерсіз. Дәл осы көріністі естіген құлақ, көрген көзімізде жазық жоқ. Біреудің қазанына көз сатып, қалтасына қол салып қайтем, тек Абай данышпан айтқандай ғылымға көңіл бөлуден гөрі, той тойлағанымызға, ойсыз ойнағанымызға қашанғы мәз болып жүре берер екенбіз?! «Кез келген нәрсе шегінен асса боғы шығады» дегенді де айтқан осы Құнанбайдың ұлы. Біз сол шегінен асырып жіберіп қор болып жүрміз-ау!
«Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз», деген ақылын тыңдасақ, ғылымның кілтін тауып, ұлттың атын шығаратын ұрпақ өсіруге жарысатын-ақ едік!
Әсілі, ақылы да­­рия, тер­ең көл, тектіден ту­ған кемеңгер қария Абайды тың­­­дасақ, алар асуы­­мыз, шығар биігіміз көп болатын-ақ еді! Амал қанша?! Ділмар бабамның тілін алғанда Айды аспанға шығармасақ та, азуын Айға білеген алып елдермен тең дәрежеде иық тіресе тұратын-ақ едік. Кез келген ұлттың шартарапқа шашқан білімімен, ғаламды таңғалдыра ашқан ғылымымен ғана озатынын ақылман атам әлдеқашан айтып қойған. «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық». Қу шөппен ауыз сүрткендей болмайын, білім іздеп, ғылым қуып, шекара асып, шетелдерде озық ойымен топ жарып жүрген жастарымыз жоқ емес. Бірақ бұл жетістіктермен ұлт ретінде біз тоқмейілси алмаймыз. Ғаламдық ғылымды теңіз десек, соған тамған тамшыдай болса да үлес қоса алсақ, ақылды жұртқа айналудың жолына түскеніміз. Ол үшін әрине, дана Абайдың айтқанына көніп, ақылына жүгініп, қарекет қылмақ керек. Дала данышпаны не дейді?

Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз, – дейді. Ендеше сөйткеніміз жөн шығар! Жалғанның қызыл-жасылына алданып қалмай, «Дүние де өзі, мал да өзі» болатын ғылымға көңіл бөліп, Ибраһим хакімнің ұлылығына иланып, амал жасалы, ағайын!

Жұматай ОСПАНҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

Алтын бағасы алғаш рет 5600 доллардан асты

Алтын бағасы алғаш рет 5600 доллардан асты

29.01.2026
Баукеңнің еркелігі

Баукеңнің еркелігі

29.01.2026
Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

29.01.2026
Жетісуда сынақ емтиханы: Жүргізуші куәлігін алу жеңілдей ме?

Жетісуда сынақ емтиханы: Жүргізуші куәлігін алу жеңілдей ме?

29.01.2026
Төмен пайызды несие: Парламент бизнеске арналған жаңа келісімді мақұлдады

Төмен пайызды несие: Парламент бизнеске арналған жаңа келісімді мақұлдады

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.