Талдықорған қаласының орталық Арбат алаңында Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Адал еңбек – адал табыс» ұранымен жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараға 10 жұмыс беруші ұйым қатысып, түрлі салалар бойынша 90-нан астам бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңке барысында қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей тілдесіп, талаптар мен жұмыс шарттары жөнінде толық мәлімет алды. Нәтижесінде 40-тан астам адам бастапқы сұхбаттан өтті.
Жалпы жәрмеңкеге 100-ден аса тұрғын келді. Соның ішінде шамамен 30 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, субсидияланатын мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасу үдерісін бастады.
Іс-шараның мақсаты — өңір тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал ету, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру және еңбек нарығындағы сұранысқа сай кадрларды іріктеу.





