Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Конституция күніне орай Жетісу облысының шекаралық ауданындағы 4 ауылда жаңа медициналық нысандар ашылды

25 тамыз 2025
КҮЛТӨБЕ
Конституция күніне орай Жетісу облысының шекаралық ауданындағы 4 ауылда жаңа медициналық нысандар ашылды
WhatsAppTelegramFacebook

Конституция күніне орай Жетісу облысының шекаралық Панфилов ауданындағы 4 ауылда жаңа медициналық нысандар пайдалануға берілді. Сөйтіп ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасы айтарлықтай жақсарды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа медициналық нысандар Көктал-Арасан, Сарпылдақ, Дарбазақұм және Қорғас ауылдарында ашылды. Бұл ауылдарда жалпы саны 2 260 адам тұрады.

Атап айтқанда, Көктал-Арасан, Сарпылдақ және Дарбазақұм ауылдарында 3 блокты-модульді медициналық пункт ашылса, Қорғас ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Нысан тиісті диагностикалық және емдеу жабдықтарымен қамтылып, сапалы медициналық қызмет көрсетуге қажетті жағдай жасалған.

Оған қоса осы күздің басында ауданның тағы бір шалғайдағы елді мекені – Сарытөбе ауылында жаңа ФАП ашу жоспарланып отыр.

— Көп жылдан бері біз ауыл тұрғындарына ескі, шағын медициналық пунктте қызмет көрсетіп келдік. Ғимарат әлдеқашан тозған. Енді заманауи медициналық мекемеміз ЭКГ, КТГ аппараттары мен спирография жүргізуге арналған жаңа жабдықтармен қамтамасыз етіліп, соның арқасында көрсететін қызмет түрлері де кеңейді. Мұндай құрылғылар диагнозды дәл қоюға мүмкіндік береді, яғни бұл емдеудің тиімділігін арттырады деген сөз. Сондай-ақ бізде зертхана, процедуралық және егу бөлмелері, гинекология және физиотерапия кабинеттері бар. Бұл кабинеттерде акушер мен медбике жұмыс істейді. Бұдан бөлек, аптасына екі рет бізде Атамекен ауылындағы дәрігерлік амбулаториядан келген учаскелік дәрігер науқастарды қабылдайды, – деді жаңа медициналық мекеменің фельдшері Әлім Құткелдиев.

Атап өтсек, халық тығыз орналасқандықтан, соңғы жылдары Жаркент өңірінің барлық дерлік елді мекендерінде заманауи медициналық мекемелер салынып, пайдалануға берілуде. Мәселен, өткен жылы Ақкент және Ақарал ауылдарында блокты-модульді медициналық пункттер іске қосылса, қазіргі кезде Нәдек ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүріп жатыр. Жалпы, жыл басынан Панфилов ауданының 11 ауылында медициналық нысандар пайдалануға берілді.

Еске салсақ, Жетісу облысы құрылғаннан бергі үш жыл ішінде өңірде денсаулық сақтау саласында 162 жоба жүзеге асырылды. Олардың 75-і — жаңа нысанның құрылысы, 74-і — блокты-модульді медициналық пункт, 13-і — күрделі жөндеу. Осы жобалардың 75-і биыл толық аяқталады деп жоспарлануда. Соның нәтижесінде облыстағы денсаулық сақтау нысандарының жаңартылу деңгейі 63,8 %-ға жетеді.

Қатысты жаңалықтар

ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

Бүгін, 09:33
Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Бүгін, 09:28
Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қар мен жел күшейеді

Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қар мен жел күшейеді

Бүгін, 09:23
Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.