Әлемдік рейтингте 10-орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан US Open турнирінің алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Турнирдің бірінші айналымында Рыбакина әлемдік рейтингте 335-орында тұрған аргентиналық Джульетта Парехамен ойнады. Бірінші сетте қазақстандық теннисші 6:3 есебімен басым түссе, екінші сетте қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 6:0 есебімен айқын жеңіске жетті.
Матч жалпы бір сағат төрт минутқа созылды: бірінші сет – 37 минут, екінші сет – 27 минут.
Екінші айналымда Рыбакина Чехия теннисшісі Тереза Валентовамен кездеседі. Валентова алғашқы матчында италиялық Лючия Бронцеттиді 6:3, 3:6, 6:4 есебімен ұтқан болатын.





