Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінен, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты өкілінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Сенім грамоталарын тапсырғандар:
-
Украина – Виктор Майко
-
БҰҰ – Сарангоо Раднаарагчаа
-
Үндістан – Я.К. Сайлас Тангал
-
Алжир – Осман Михаджи
-
Швеция – Ларс Стефан Эрикссон
-
Бельгия – Эрик де Майер
-
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия – Салли Джейн Аксуорси
-
Латвия – Даце Рутка
-
Грузия – Леван Диасамидзе
Мемлекет басшысы дипломаттарды ресми миссияларының басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына жылы лебізін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көпвекторлы әрі теңгерімді сыртқы саясат ұстанатынын атап өтіп, еліміздің конструктивті диалог пен өзара тиімді ынтымақтастыққа әрқашан ашық екенін айтты. Сондай-ақ жаңадан тағайындалған елшілер серіктестік байланыстарды кеңейту мен нығайтуға үлес қосатынына сенім білдірді.





