Талдықорған: +36°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының Кербұлақ ауданында жыл қорытындысында тұрғын үй кезегі 28%-ға қысқарады

28.08.2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысының Кербұлақ ауданында жыл қорытындысында тұрғын үй кезегі 28%-ға қысқарады
WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы үш жылда Кербұлақ ауданында 260 тұрғын баспанаға ие болса, биыл тағы 368 үй беріледі. Солардың ішінде апатты үйлердің тұрғындары да бар. Осы шаралардың нәтижесінде жыл соңына қарай тұрғын үй кезегі 28%-ға қысқарады деп күтілуде. Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл жыл соңында пайдалануға берілетін 60 пәтерлік екі бес қабатты тұрғын үйдің бірі несиелік үй ретінде, екіншісі апатты жағдайдағы тұрғын үйлерде тұратын азаматтарды көшіру мақсатында салынып отыр. Сонымен қатар осы жылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға табыстау үшін жыл аяғына дейін 188 тұрғын үй сатып аламыз. Бұдан бөлек кезекте тұрған осы санаттағы отбасыларға арнап 60 пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр, қазан айында табысталады, — деген облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев тұрғын үй беру функциясы жергілікті артқарушы органнан «Отбасы банкке» берілгенін атап өтті.

Баяндамасын жалғастырған ол аудандағы инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне тоқталды. Бұл ретте Сарыөзек ауылындағы ауыз су проблемасы жылдар бойы өзекті болып келген. Қазір ауыз су жүйесін жаңғыртудың 5-ші кезеңі жүріп жатыр. Бүгінгі күні 98 шақырым суқұбыры жүйесінің 50 шақырымы ауыстырылып, 98 құдық орнатылды. Жоба аяқталғанда ауыз су мәселесі толық шешіледі. Өткен жылы Қарымсақ, Шаған, Қарашоқы ауылдарындағы су жүйесі қайта жаңғыртылып, елді мекен тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізді. Ал биыл Ақбастау, Тастыөзек ауылдарында да осындай  жұмыстар жүргізілуде, жоба келесі жылы аяқталады.

Ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға да көп көңіл бөлінеді. Білім беру саласында биыл Қоғалы, Жаңалық ауылдарының мектептеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Көксай ауылында 60 орындық мектеп салынуда. Шанханай, Қарағаш және Сарыөзек ауылдарына оқушылар тасымалдау үшін 3 автобус берілді.

Денсаулық сақтау саласында былтыр Сарыөзек ауылында 250 адам қабылдайтын емхана қолданысқа беріліп, Онжас, Көксай, Рудник-Арқарлы, Жоламан, Қазансу, Қарлығаш, Тастыбастау, Қызылмектеп ауылдарында медициналық пункттер орнатылса, жыл соңына дейін Көктал ауылында медпункт, Сарыөзек ауылында Жедел жәрдем станциясы ашылады. «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауданда 17 нысан салынуда, атап айтқанда, 9 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік және 2 медициналық пункт жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, ал «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Көксу, Шанханай, Талдыбұлақ ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар бой көтеруде. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Соның нәтижесінде соңғы екі жылда ауданның 63 елді мекенінің 30-ында денсаулық сақтау инфрақұрылымы жаңартылады. Тағы да бір айта кетерлігі, аудандық аурухананы қайта жаңғыртуға арнайы мемлекеттік қордан қаржы бөлінді, жұмыстарын келесі жылы аяқтау жоспарланған.

Мәдениет саласына келсек, былтыр Шұбар, Қоянкөз ауылдарында блокты-модульді клуб орнатылып, Қоғалы ауылының мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Ал биыл Сарыөзек ауылында кітапхананың құрылысы жүргізілуде, келесі жылы іске қосылады.

Жалпы есептік кездесу барысында аудан халқының тұрмыс сапасын жақсарту бағытында қабылданып жатқан шараларға және әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарына баса назар аударылды.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Басши округінің тұрғындарын көше жарығы мәселесі алаңдатады. Жиында аталған округке қарайтын Басши, Нұрым, Ақтөбе ауылдарында бұл мәселені шешу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленгені айтылды.

Қарымсақ ауылының тұрғыны ауылдың басты көшелерінде асфальттың жоқтығына шағымданды. Осындай мәселе Талдыбұлақ ауылдық округінен келген Болат Асанов тарапынан да көтерілді. Бұл ретте жолдарды жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны хабарланды.

Сонымен қатар Бостан ауылындағы Шаяхметов көшесінің жөндеу жұмыстарын келесі аптада бастау жоспарланған. Және де Қарашоқы ауылына апаратын кіреберіс жолдың жөндеуін қазан айына дейін аяқтау тапсырылды.

Сарыбұлақ ауылы маңындағы 2-ші ферма тұрғыны Абдул Кончиев ауыз су және байланыс мәселелерін көтерді. Аталған аумақ фазенда саналады, онда 9 үй орналасқан, былтыр электр энергиясы мәселесі шешілгеннен кейін, биыл бұл жерге су да тартылды. Енді демеушінің есебінен істен шыққан су сорғысы мен қажетті жабдықтар сатып алынып, жақын арада ауыз су мәселесі шешімін табатын болады.

Аудан тұрғындарын Қоянкөз, Малайсары ауылдарында спорт кешендерінің құрылысы, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана бөлу, ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету, медицинада салалық мамандардың жетіспеушілігі, кәріз жүйелерін жөндеу және салу сияқты мәселелер де толғандырды.

Кездесуде жалпы саны 20-дан астам сұрақ қойылып, олардың барлығына жауапты тұлғалар тарапынан нақты түсініктемелер берілді.

Ә. Жақанбаев өз сөзінде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ең алдымен халықты ауыз сумен, сапалы медициналық қызметпен, жолмен, тұрғын үймен және газбен қамтамасыз ету мәселелері шешіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар өзге де туындаған мәселелер өңірді дамыту жоспарына сәйкес кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Сол күні азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізілді. Оның барысында тұрғындар негізінен жер және тұрғын үй мәселелерін көтерді.

Мәселен, Сарыөзек ауылының тұрғыны Рашида Дәулетова Сарыөзек ауылындағы газбен қамтылмаған үйлердің қашан газдандырылатынын сұрады. Бұл мәселеге қатысты бұрын газ желісі тартылмаған үйлерге газ құбырын жүргізу келесі жылдың І жартысында аяқталады деп жоспарланғаны айтылды.

Қатысты жаңалықтар

Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

12.07.2026
ISMA. Қайрат. Талант.

ISMA. Қайрат. Талант.

12.07.2026
Сенім мен әділет кепілі

Сенім мен әділет кепілі

12.07.2026
Ұлттық  құндылықтарды дәріптеді

Ұлттық құндылықтарды дәріптеді

12.07.2026
Қауіп сақтықта сейіледі

Қауіп сақтықта сейіледі

11.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.