Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысында жаңа оқу жылында 3 мектеп күрделі жөндеуден кейін қолданысқа берілді

02.09.2025
КҮЛТӨБЕ
Жетісу облысында жаңа оқу жылында 3 мектеп күрделі жөндеуден кейін қолданысқа берілді

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Жаңа оқу жылында Жетісу облысында 3 білім нысаны күрделі жөндеуден кейін есігін айқара ашты. Жалпы оқушы орны 2300-ден асатын бұл мектептерге күрделі құрылыс алғаш рет жүргізілді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Соның ішінде Қаратал ауданы Тастөбе ауылындағы мектептің ашылуына арнайы барған облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов өңірде 6 жаңа мектептің құрылысы мен 8 білім мекемесінің күрделі жөндеуден өтіп жатқаны туралы айтты.

— «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында былтыр Панфилов ауданының Жаркент қаласында 1200 орындық мектеп ашылса, биыл осы жобамен Алакөл ауданының Достық ауылында 600 орындық мектеп іске қосылады. Сонымен қатар 6 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде, соның 3-еуі биыл қолданысқа беріледі. Атап айтқанда, жуырда Панфилов ауданының Талды ауылында мектеп ашылды, ал Ақсу және Кербұлақ аудандарында екі жаңа мектеп іске қосылады, — деген облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов мұғалімдер мен оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

— Жамбыл атындағы мектеп ғимараты 1980-жылдардың ортасында салынған. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, күрделі жөндеу алғаш рет жасалып отыр. Тұрғындар осы күнді асыға күтті. Мектеп заманауи жабдықтармен толықтай қамтылған. Физика кабинеті жаңа зертханамен жабдықталып, STEM кабинеті ашылды. Өзім осы мектепте 30 жыл еңбек еттім. Мектептің жаңарып, білім алуға қолайлы жағдай жасалғаны — бәріміз үшін үлкен мереке. Жаңа оқу жылында оқушылар мен мұғалімдерге тек сәттілік тілеймін, — деп пікірін білдірді Тастөбе ауылының тұрғыны, білім беру саласының ардагері Мырзахан Жебегенов.

Осы күні сонымен қатар Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы орта мектеп пен Ақсу ауданының Жансүгіров ауылындағы Қ. Сатпаев атындағы орта мектеп-гимназиясының ғимараты да жөндеуден кейін жаңарып, қолданысқа берілді. Атап өтсек, 1950-1960 жылдары салынған бұл мектептерде де күрделі жөндеу алғаш рет жүргізіліп отыр. Жалпы аталған үш мектепте биылғы оқу жылында 1800-ге жуық бала оқиды.

Қарабұлақ ауылындағы орта мектептің 11 «а» сынып оқушысы Еспебаева Балжан:

— Мен мектебіміздің президентімін. Биыл мектеп қабырғасындағы соңғы жылымда жаңа ғимаратта оқитыныма қуаныштымын. Мектебіміз жөндеуден кейін жаңа, әдемі бола түсті. Құрбы-құрдастарыма он бірінші сыныпта жақсы оқып, үлкен жетістіктерге жетуіне тілектеспін, — деді ол.

Жалпы алғанда, жаңартылған үш мектеп те заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мектептерде пәндік кабинеттер, ІТ-сыныптар, спорт және акт залдары, кітапханалар мен зертханалар, ашық стадион, сапалы білім беруге, тиімді оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті барлық жағдайлар қарастырылған.

Биыл Жетісу облысында 315 жалпы білім беретін мектепте шамамен 131 мың оқушы білім алады, соның 11 514-і бірінші сынып оқушысы.

 

Қатысты жаңалықтар

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

08.07.2026
Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

08.07.2026
«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

08.07.2026
Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

08.07.2026
Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

08.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.