Мамандар өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне баса назар аударып, полицейлер ұрланған мал етін сатуға жол бермеді. Тексеру барысында мал тасымалдау кезінде 25 заңбұзушылық анықталды.
– Құқық қорғау органдары тұрғындарды тек сенімді сатушылардан ғана ет сатып алуға шақырады. Ветеринариялық анықтамалар мен сертификаттардың болуын тексеріңіз. Жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндірмеңіздер, – деді облыстық полиция департаментінің қызметкерлері.
Барлық тәртіп бұзушылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, кемшіліктерді жоюға ұсыныстар берілді.
А. ЫБЫРАЙ
Талдықорған қаласы





