Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің бас ашкеназ раввині Кальман Бермен, бас сефард раввині Давид Йосеф және Американың ірі еврей ұйымдары президенттері конференциясы атқарушы төрағасының орынбасары Малькольм Хонлайнмен кездесті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мемлекет басшысы меймандардың форумға қатысуы елдер арасындағы мәдени-рухани байланыстарды нығайтуға деген ұмтылысты білдіретінін атап өтті.
Президенттің айтуынша, Қазақстан халқы әлемнің негізгі діндерін ұстанады және олардың ішінде иудаизмнің де өзіндік орны бар. Еврей ұйымдары Қазақстан халқы Ассамблеясының дамуына және қоғамдағы келісімді нығайтуға зор үлес қосып келеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев ашкеназ және сефард раввинаттарының көшбасшылары адамзатқа ортақ құндылықтарды насихаттау ісінде дінаралық диалогқа белсенді үлес қоса беретініне сенім білдірді.





