Бүгін Талдықорған қаласы Оқушылар сарайында Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» республикалық домбырашылар челленджі өтті.
Аталмыш бастама арқылы Жетісу облысының барлық елді мекендерінде де күй күмбірледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттау.
Қазақ халқының музыкалық мәдениетіне білім алушылардың қызығушылығын ояту, қазақ халық аспаптары туралы білімдерін кеңейту.
Бұл челленджде Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», «Адай» және Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі ойнады.
– Іс-шара Қазақ халқының ұлттық аспабы — домбыраны, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында өткізілуде. Жетісу облысы бойынша 8 аудан, 2 қала бойынша бір мезетте 26541 домбырашы қатысуда. Талдықорған қаласында 300 бала домбыра құлағында ойнауда. Осы челленджге барлық Қазақстан азаматтарын қатысуға шақырамын, – дейді Жетісу облысының білім басқармасына қарасты Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Акбаян Суниятова.
Мақпал Әділханқызы
Фото: Дмитрий ЕРОФЕЕВ





